Қоғам

ӘЙТЕНОВТЫҢ ЕКІНШІ ӘЙЕЛІ ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

Дана Әтешованың айтуынша, бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, үш баласымен үйнен қуып жіберіпті. Құрығы ұзын Әйтеновтердің қорлығына шыдамаған келіншек, инстаграмм парақшасында БАҚ өкілдерінен және Президенттен көмек сұрады.

Амалы таусылғаннан әлеуметтен көмек сұрауға мәжбүр болған Дана Әтешованың сөзінше, Марат Әйтеновтың көрсетпеген қорлығы жоқ. 3 метрлік баспалдақтан итеріп құлатып, тепкінің астына алғанда 1 ай ауруханада жаттым дейді ол. Тіпті экс-күйеуі әйеліне айтпай заң жүзінде ажырасып кетіпті. Бұрынғы отбасын у-шусыз үйден қуып жіберу үшін жоспар да құрыпты. Балалары мен бұрынғы әйелін Түркияға демалуға жіберіп, өзі үшінші рет үйленіп алған екен. Ал, шет елде демалып келген Дана үйіне кіре алмай әлек болған. Себебі Марат Әйтенов үйдің құлпын ауыстырып тастапты.

“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ-да топ-менеджер болған Марат Әйтенов қазір бұрынғы жарынан бүкіл дүние-мүлкін тартып алуға әрекет етіп жатыр екен. Мініп жүрген көлінін де, алып қойыпты.

Шарасы таусылған әйел қайын інісі, яғни Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтен көмек сұраған. Алайда, еш нәтиже болмапты.

Өз өмірі үшін алаңдаған әйел қазір бұл іске БАҚ өкілдері мен Президенттің араласуын сұрап отыр.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close