АПАТТАР КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ЭВАКУАЦИЯЛАР
Авариялар, апаттар және дүлей апаттар қауіпі және туындауы болған кезде халықты шұғыл қорғау бойынша негізгі шаралардың бірі оны қауіпті аудандардан (ТЖ аймағынан) эвакуациялау болып табылады.
Эвакуация. Бұл халықты ТЖ болжалған немесе туындаған ай- мақтардан алдын ала дайындалған қауіпсіз аудандарға ұйымдасты- рылған әкету (шығару) бойынша іс-шаралар кешені. Эвакуацияның ерекшеліктері ТЖК түрімен, оның ПФ ықпал етудің ауқымымен, эва- куацияланатын адамдардың санымен, оны өткізу уақыты мен жеделді- гімен анықталады.
Өткізу уақыты мен мерзіміне байланысты эвакуация жоспарлы және шұғыл болып бөлінеді.
Жоспарлы эвакуация – халықты және материалдық құндылықтарды заманауи зақымдау құралдарынан (әскери уақытт) немесе ірі ауқым- ды ТЖ нақты болжамы кезінде (бейбіт уақытында) қорғау үшін күні бұрын (алдын ала) шығару. Бұл шараны қабылдау үшін негіз сол уақыт ішінде нақтылануы мүмкін ТЖ болатынын нақты қысқа мерзімді (бір- неше минуттан бірнеше тәулікке дейін) болжам болып табылады.
ТЖ даму сипатына және эвакуациялауға жататын халық санына байланысты, соңғысы локалды, жергілкті және өңірлік (эвакуациялау ауқымы) болуы мүмкін.
Локалды эвакуация ТЖК ПФ әсер етуі мүмкін аймағы жеке қала- лық шағын аудандардың немесе ауылды елді мекендердің шегімен шектелген кезде жүргізіледі, бұл ретте эвакуацияланған адамдарың саны бірнеше мың адамнан аспайды. Оларды, әдеттегідей, қаланың зақымдалмаған аудандарда немесе елді мекендерде орналастырады.
Жергілікті эвакуация ТЖ аймағына халық саны бірнеше мыңнан ондаған мыңға дейін орташа қалалар, ірі қалалардың жеке аудандары, ауылдық аудандар түскен кезде жүргізіледі. Эвакуацияланған адамдар әдетте өңірдің жақын орналасқан қауіпсіз аумақтарында орналасты- рылады.
Өңірлік эвакуация ірі қалаларды қамтитын, халық тығыздығы жоғары аумақтарды қамтитын аудандарда жүргізіледі. Бұл ретте халық әжептеуір қашықтыққа шығарылуы мүмкін.
Эвакуацияны жүргізу үшін қысқа мерзімде көліктің барлық түр- лерін (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, сирек әуе), сондай-ақ жеке пайдалану көліктерін қолданады. Сонымен бірге тек қана жолаушылар көлігі емес, сонымен қатар жүк көлігі де (жүк вагондары, баржалар және т.б.) іске қосылуы мүмкін. Шағын қашықтықтарға және көлік жетіспеген кезде жаяу жылжу қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда көлік өзі жүре алмайтындар үшін қолданылады (қарт адамдар, науқастар, 10 жасқа дейін балалар және т.б.).
ТЖ аймағында болып шыққан халықты қармауға байланысты эва- куация жалпы және жартылай болуы мүмкін. Жалпы эвакуациялау кезінде халықтың барлық санаттарын шығарады (әкетеді), жарты- лай кезінде – тек қана еңбекке жарамсыз халықты (мектепке дейінгі жастағы балалар, мектеп оқушылары және т.б.).
Эвакуацияны ұйымдастыру негізіне аумақтық-өндірістік принцип салынған. Халықтың ұйымдастырылған бөлігі (жұмысшылар мен қы- зметкерлер және олардың отбасылары) өндірістік принцип бойынша эвакуцияланады (кәсіпорындар, мекемелер бойынша). Жұмыс істе- мейтін халық (зейнеткерлер, қарттар және т.б.) тұрғылықты жері бой- ынша тұрғын үй кеңселері арқылы эвакуцияланады (аумақтық қағида). Жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері университет- термен, институттармен, техникумдармен және т.б. эвакуацияланады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ата-аналарымен бірге эвакуацияланады.
Эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз аудандарда жергілікті тұрғын- дардың үйлеріне, қоғамдық ғимараттарда (мектептерде, демалыс үй- лерінде, спорт базаларында, пансионаттарда және т.с.с.), сондай-ақ уақытша тұрғызылған үйлерде (құрастырмалы-ағытпалы үйлерде, ша- тырларда және т.с.с.) орналастырады.
Шұғыл (немесе кідіріссіз) эвакуация ТЖ ескерту уақыты өте аз болған кезде немесе ТЖК ПФ әсер ету жағдайында жүргізіледі. Оның жоспарлыдан ерекшеліктері:
әдеттегідей, эвакуациялау ауқымы локалды сипатты болып келеді; эвакуацияны жүргізу туралы шешім жергілікті деңгейде қабылданады;
эвакуацияланға адамдарды орналастыру үшін орындар қалыпта- сып жатқан жағдайға байланысты жедел таңдалады.
Эвакуацияны ұйымдастыру. ТЖ туындаған жағдайда эваку- ация өте қажетті және кей кезде сенімді қорғау әдісі болуы мүмкін. Тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, экономика объектілерінің эвакуациялау органдары және АҚТЖ басқару органдары тікелей ай- налысады. Осы мақсатпен, объектіден бастап (кәсіпорын, ұйым, меке- ме), эвакуацияның жоспары егжей-тегжейлі пысықталады. Жоспарлы эвакуацияны келесі жағдайларда жүргізу қарастырылады:
а) әскери әрекеттер қаупі болған кезде – санатталған қалалардан; ерекше маңыздылығы бар объектілер орналасқан елді мекендерден және ірі теміржол станциялардан; әскери әрекеттер аймағындағы ше- кара маңындағы аудандардан;
б) бейбіт уақытында ТЖ туындаған кезде – апаттық су басып кету ықтимал аймақтардан; қатты жер сілкіністері болған кез- де, АЭС айналасындағы 30-километрлік аймақтан.
Шұғыл эвакуациялаудың әзірленетін жоспарларында ЫҚО-да ава- рияның орны мен ауқымына немесе қауіпті табиғи құбылысқа бай- ланысты оның бірнеше нұсқасы қарастырылған. Барлық жоспарлау құжаттарында:
эвакооргандарына, көлік қызметтеріне және халыққа эвакуация- ның басталуы туралы хабарлау тәртібі;
тәртібі, мерзімі және көліктік қамтамасыз ету;
халықты отырғызу және түсіру бекеттері, жүру маршруттары, ха- лықты орналастыру және т.б. көрсетіледі.
ПФ әрекет ету аймағындағы барлық халық қауіпті аймақатрдан кеткен кезде, эвакуация аяқталған болып есептеледі.
Объектіде эвакуацияны ұйымдастыру үшін негізгі жұмыс органы эвакуацияланған адамдарды орналастыруға және олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге дейін, эвакуацияға барлық құжаттарды әзірлейтін объектілік эвакуациялық комиссия (ОЭК) болып табылады. Халықты жинау, тіркеу және ұйымдастырып жіберу үшін құрама эвакуациялық бекеттер (ҚЭБ) ұйымдастырылады, оларға жақын жатқан объектілер, сонымен қатар осы ауданның жұмыс істемейтін халқы жазылады. Егер ақырғы бекет елеулі арақашықтықта орналас- са, онда эвакуацияның аралық бекеттері (ЭАБ) ұйымдастырылады. Эвакуациялық қабылдау бекеттері (ЭҚБ) эвакуацияланған адамдарды күтіп алу және ақырғы бекеттерде орналастыру үшін құрылады.
Халықты эвакуацияға дайындау. Ұйымдастырылған эвакуаци- яны жүргізу үшін халықты оның жүргізу мерзімі мен тәртібі туралы уақытылы хабардар етудің үлкен және, мүмкін, шешуші маңызы бо- луы мүмкін.
Эвакуацияны бастау туралы өкім алғаннан кейін, АҚ бастығы (кәсіпорынның, мекеменің басшысы) бұл туралы өндірістік бөлімше- лердің басшыларына, эвакуацияланған адамдарды жинау орнын (ҚЭБ нөмірі мен оның орналасқан жерін) және ҚЭБ келу уақытын көрсетіп хабарлайды. Өндірістік бөлімшелердің басшылары объектінің жұмыс- шылары мен қызметкерлеріне, ал олар – отбасыларына хабарлайды.
Жұмыс істемейтін халыққа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй органдары хабарлайды.
Эвкуация туралы біліп, азаматтар дереу кетуге дайындалуы тиіс.
Өзінмен бірге ең қажеттісін алған жөн:
жеке құжаттарды (паспорт, әскери билет, неке қию туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, зейнеткер куәлігі), ақшаны;
2-3 тәулікке азық-түлік пен ауыз суды;
киімді (соның ішінді жылы киім де), ішкиім, дәретхана керек-жа- рақтарын, кейбір төсек орындарын.
Азық-түліктен тоңазытқышсыз сақталатындарын ғана алған жөн: консервілер, концентраттар, ірімшік, қант және т.с.с.
Барлық киім мен азық-түліктерді шабаданға, сөмкелерге, жолдор- баларға салған жөн. Егер эвакуация жаяу тәртібінде жүргізілсе, бар- лық заттар мен азық-түліктерді жолдорбаға немесе заттар қапшығына салған жақсы.
Пәтерден кетер алдында барлық жарықтандыру мен ысыту аспап- тарды сөндіру (пәтерді тоқтан ажыратқан жақсы), су құбыры мен газ желісінің крандарын жабу, терезелерді, желкөздерді жабу, күзет да- былнамасын қосып кету (егер бар болса), пәтерді барлық құлыптарға жауып кету қажет.
Егер отбасыда біреу барлығымен бірге эвакуацияланбаса (науқас, қарт адамдар), бұл туралы ҚЭБ бастығына қажетті шараларды қабыл- дау үшін хабарлаған жөн.
ҚЭБ келгенде міндетті түрде тіркелу қажет.
Эвакуацияны дайындау және жүргізу кезіндегі халықтың жал- пы міндеттері. Эвакуацияны ұйымдастырылған және тех жүргізу үшін бір қатар шараларды сақтаған жөн.
Пәтерде (үйде) репродукторларды, радиоқабылдағыштарды үнемі қосулы ұстау (әсіресе «Барлығыңыздың назарына!» сигналын алған- нан кейін). Бұл кез келген уақытта әкімшілік органдарының өкімдерін, сигналдарын және нұсқауларын естуге мүмкіндік береді.
ЖҚҚ алу (егер бұрын алынбаса) және дайын күйге келтіру (оларды қолданып жаттықтырған жақсы). Өзінмен бірге әрқашан ЖҚҚ ұстау. Табельдік ЖҚҚ болмаған кезде, тыныс алу органдарын қорғай- тын қарапайым құралдарды жасау, күнделікті киімді теріні қорғау үшін ыңғайландыру.
Үй дәрі қорабын дайындау: қызуөлшегіш, мүсәтір спирті, йод, ауыз содасы, мақта, бинттар және басқа құралдар.
Пәтерде өртке қарсы шаралар жүргізу, жанғыш заттарды алып тастау, өрт сөндіру құралдарды дайыдап қою.
Пәтердің радиоактивтік заттардан және қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) қорғаныс қасиеттерін жоғарылату. Ол үшін терезе мен есіктердегі барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бітеп тастау.
Азық-түліктер мен суды радиоактивтік заттардың, ҚӘУЗ мен бактериялық құралдардың тиюінен қорғау.
Эвакуацияны бастау туралы жариялаған кезде оған тез дайын- далу және белгіленген уақытта ҚЭБ (немесе басқа көрсетілген жерге) келу, тіркелу және келесі өкімдерді күту.