Қоғам

АПТАП ЫСТЫҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Құрғақшылық – ұзақ уақыт жауын шашынның жетіспеушілігінен, көбінесе жоғары температура және ауа ылғалдылығының төмендеуінен болады.

Көбінесе құрғақшылық дала аймақтарында, дала ормандарында сирек болады: жүзжылдықта 2-3 рет орман алқаптарында да болуы мүмкін.

Шыжыған ыстық – бірнеше күн бойы қоршаған ауаның орта полюстік температурасының 10 және одан да аса артуымен сипатталады. Қауіп адамның ыстықтан қызып кетуінде болып тұр, дәлірек оның денесінің температурасы 37,1°С аса артуы қаупінде немесе жылудың бұзылуы — дене температурасының 38,8°С жақындауында. Жылудың өте қиын жағдайы жылу соққысына немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеп соғатын ұзақ мерзімді қатты қызу кезінде басталады. Қатты қызудың симптомдары: терінің қызаруы, шырышты қабықтың құрғақтануы, қатты шөлдеу. Одан кейін естен тану, жүрек пен тыныстың тоқталуы мүмкін.

Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстыкка)

Қосымша ыдыстар дайындау қажет және қажет болған жағдайда оларды сумен толтыру керек. Ыстықта киетін киім. Электр тұрмыстық құралдар (желдеткіш, кондиционер) дайындаңыздар. Егерде Сіз ауылдық жерде болсаңыздар – күрке, шатыр, құдықты, сондай-ақ терезе (қалың перде) қақпаларын жабдықтаңыздар. Электр тұрмыстық құралдардың жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мүмкіндігіңіше электр энергиясының автономдық көздерін сатып алыңыздар. Жылу зақымдығы кезінде дұрыс әрекет жасауды өздеріңіз біліңіздар және өз отбастарыңыздың мүшелерін үйретіңіздар.

Құрғақшылық кезінде қандай қандай әрекет жасау керек (қатты ыстықта)

Жоғары температураның әсер етуіне жол бермеңіздар. Бас киіммен ауа өтетін ашық түсті киім киіңіздар (мақтадан болса жақсы). Асықпай қозғалып жүріңіз, көбіне көлеңкеде болуға тырысыңыздар. Сыра мен басқа алкоголь ішімдіктерін ішпеңіздер, бұл организмнің жалпы жағдайының нашарлауына әкеп соғады. Қатты ыстық кезінде сізге қосымша тұз қажет пе, дәрігермен ақылдасыңыздар. Ыстықпен зақымданған кезде көлеңкеге, желді жерге көшіңіздар немесе душ қабылдаңыздар, ақырын көп су ішіңіздар. Ыстық соққыны алмау үшін денеңізді салқындатуға тырысыңыздар. Қасыңыздағы біреу естен танған кезде, реанимациялық іс-шаралар жасаңыздар (жүрекке массаж және қолдан тыныс беру жасаңыз). Естеріңізде болсын, құрғақшылық кезінде өрт болу мүмкіншілігі артады.

Құрғақшылықтан кейін қандай әрекет жасау керек (қатты ыстықтан)

Табиғи апат және тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдармен байланысыңыздар. Апаттың қайталануына дайын болыңыздар.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close