Аружан Саин: «Қайырымдылық жасаушылар 30 пайызға қысқарды»
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қайырымдылық қорының қазіргі жағдайына тоқталып, бүгінде қайырымдылық жасаушылар 30 пайызға қысқарғанын хабарлады.
қорының қазіргі жағдайына тоқталып, бүгінде қайырымдылық жасаушылар 30 пайызға қысқарғанын хабарлады. Бұдан басқа, күрделі операцияларды қажет ететін балалар елдер арасындағы шекаралардың жабылуына және әуе қатынасының тоқтауына байланысты Қазақстаннан уақытша ұшып кете алмайтынын жеткізді.
«Біздің «Балаларға өмір сыйла» жобамызға сәйкес 16 бала жоспарланған еміне ұшуы керек болған. Барлығы 60-80 бала біздің қор бойынша көмекке мұқтаж. Біз шекаралар қашан ашылатынын күтіп отырмыз. Бұл Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа елдердің клиникалары. Ал қайырымдылыққа келетін болсақ, олар 30 пайызға төмендеді. Бұл коронавирусқа байланысты экономикалық дағдарыс екені түсінікті. Қазір бұл жағдай қашан және қалай аяқталатынын ешкім болжай алмайды, бірақ қайырымдық деңгейі төмендеуі мүмкін», — деді ол.
Аружан Саин қазір шекараның жабылуына байланысты кей препараттардың жетіспеушілігі де өзекті мәселе екенін айтты. «Дәрілермен байланысты өтініштер көп түсе бастады. Мысалы, түрлі диагноз қойылған балаларға, соның ішінде ағза трансплантациясынан кейін, бифид арқасы немесе тартылуға қарсы препараттар сатып алынуы тиіс. Жеткізушілердің объектив себептер бойынша өз міндеттемелерін орындай алмауына байланысты жоспар бұзылды, ал балаларға олар қажет. Біз қазір қандай да бір шараларды жүйелі түрде қабылдауға тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, мұны демеушілік көмек арқылы шешуге тырысу керек. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемдегі проблема. Біз Денсаулық сақтау министрлімен және «СҚ-Фармация»-мен байланыстамыз, өйткені кей өңірлер дәрі-дәрмек сатып алып үлгерген болатын. Қазір өңірлер арасында дәрі-дәрмек алмастыруды қалай ұйымдастыратынымызды ойластырып жүрміз», — деді ол.