Қоғам

АРЫСТЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

«Керуен сарай» кешенінде қазақ өнерін дәріптейтін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтті.

Фестиваль аясында Созақ ауданы мен Арыс қаласынан келген өнерпаздар бірнеше кезең бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен арыстық өнерпаздар келесі кезеңге өтті.
Жалпы қазақ ұлт аспаптар ансамблі мен дәстүрлі термелер, «Ақ әжелер» ансамблінің халық әндері, айтыскер ақындардың сөз сайысы, «Салт дәстүрім – қазынам» сахналық қойылымдары, эстрадалық әндер мен заманауи би нөмірлері, вокалды-аспаптық ансамбльдердің өнері және шетел классикасынан үзінділер бойынша бағаланады.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты – дәстүрлі және заманауи өнерді насихаттау, ауыл өнерпаздарының шығармашылығына қолдау көрсету, сондай-ақ халықтық мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close