Қоғам

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБТАР БАҚ СЫНАЙДЫ

Бүгін «Айбын–2021» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты онлайн форматта өтті. Салтанатты шараға ҚР Премьер–министрінің орынбасары Е.Тоғжанов пен бірқатар ведомоство өкілдері қатысты.

Ал, республиканың барлық өңірінен озық шығып, іріктелген әскери-патриоттық клубтар бейне-конференция арқылы байланысты. Олардың қатарында ҚР ҚК әскери бөлімдерінің, әскери мектептер мен білім басқармаларына қарасты мектептерден құралған клубтар бар.

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен шымкенттік жас сарбаздар бейне-байланысқа Көрме орталығынан шықты. Шымкент қаласындағы білім мекемелері арасынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен №52 мектеп-лицейдің «Барыс», №68 жалпы орта мектебінің «Сұңқар», №99 мектеп-гимназияның «Арыстан» әскери-патриоттық клубтары салтанатты шараға қатысып, ҚР Премьер–министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың құттықтау сөзін тыңдады.

Жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, ҚР Қарулы күштерінің мәртебесін көтеріп, әскери қызметті насихаттауға бағытталған сайыс республиканың түкпір-түкпірінде 6-22 қазан аралығында арнайы кестеге сәйкес өткізіліп, 30 қазанда қорытындысы жарияланбақ.
Шымкент қалалық білім басқармасынан қатысып отырған әр әскери-патриоттық клубтың құрамында 10 ұл, 5 қыз бала бар. Олар зияткерлік ойыны, челленждер байқауы, шығармашылық, өнертапқыштық, спорттық және алғашқы медициналық көмек көрсету сынды түрлі сайыстарда бақ сынайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close