Қоғам

АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Өткен жылы Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. «Екпінді-Созақ» тас жолында келе жатқан жолаушылар көлігі өзге көліктермен соқтығысып, жанып кетті. Апат салдарынан 9 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер жетіп үлгергенше апатқа ұшыраған көліктер толық жанып кеткен.

Көліктің кез-келген түрінде өрт күтпеген жерден пайда болуы және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өрттің жиі себебі неде? Көлік құралын міндетті техникалық байқау процесінде автомобильдің жай-күйі бақыланады, бірақ электр жабдығы мен отын жүйесін тексеру жүзеге асырылмайды. Дегенмен, автокөліктегі өрттің негізгі себептері: қозғалтқыштың электр өткізгіштерінің/электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу шамымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін киізбен жылыту), отын құбырының үзілуі немесе ақауы болып табылады. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.
Автокөлік иелері нені есте сақтауы керек:
— әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.
— автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
— аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:

Көлікті тоқтатыңыз.

Қозғалтқышты өшіріңіз.

Сорғыштың құлпын босатыңыз, бірақ сорғышты ашпаңыз.

Барлық жолаушыларды шығарыңыз.

Өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

Егер қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз.

Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Автокөліктердің соқтығысуы салдарынан кейде адамдар көліктен өздігінен шыға алмай қалады. Мұндай жағдайда құтқарушылар көмекке келеді.

Автомобиль көлігіндегі төтенше жағдай. Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігі.

Автокөліктердегі төтенше жағдайдың негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда жəне елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады.

Автокөліктердегі төтенше жағдайдың негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатталады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу жəне құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады.

Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына жəне қаза болуына əкеледі. Автожолдағы төтенше жағдай – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын əдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады.

Автокөлікте төтенше жағдай ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады.

Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), əйнектердің тұтас сынуына əкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дəрежесі жəне кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына жəне соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл автомобиль қарама –қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге жəне салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына əкеледі.

Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нəтижесі – есіктердің жəне кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына əкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.

Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді.

Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) немесе қозғалатын (автомобиль,поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді.

Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Əсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едəуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына жəне басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.

Автокөліктердегі төтенше жағдай зардабын жою кезіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру жəне ауыстыру, əртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді жəне автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру жəне залалсыздандыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың жəне арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін жəне олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді.

Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары. Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға жəне қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең əуелі көмек қысылмаған, тек автомобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі.

Жол көлік оқиғасына байланысты табақ жəне темірлер, əртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады.

Аталған жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады.

Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу. Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі əдіс қолданылады.

  • автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің жəне жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді;
  • жер асты жолын салады.

Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету. Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу  иінтіректің көмегімен, кранмен, қолмен,  домкратпен  немесе қазу жолымен жүргізіледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close