ДАУЫЛДАН ҚОРҒАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Өткен жылы Түркістан облысында дауыл соғып, 2 аудан жарықсыз қалған еді. Дүлей дауыл Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларын әбігерге салды. Қатты желдің салдарынан Бәйдібек пен Сауран аудандарында 2 мыңнан аса абонент электр желісінен ажырап, Кентау қаласындағы барлық білім беру ошағы қашықтан оқытуға көшіріліп, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты.Төтенше жағдай департаментінде штаб құрылып, арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Сондай-ақ Өңірдегі су нысандары мен қоймаларда тәуліктік кезекшілік жүргізіліп, бақылауға алынған болатын. Дауылға байланысты Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына шектеу қойылды.
Дауыл – жылдамдығы 20-30 м/с (70-105 км/с) болатын жел. Шаңсыз, құмды және қарлы дауылдар болады. Теңіздегі дауылды шторм деп атайды.
Сұрапыл дауыл – бұл тропикалық циклон, оның ортасындағы қысым төтенше төмендейді, ал желі өте үлкен жылдамдыққа және қиратушы күшке жетеді. Сұрапыл дауыл үшін биік шұңқыр сипаттас (10-14 км-ге дейін), жандары тіп-тік және өте үлкен жылдамдықпен айналады.
Сұрапыл дауыл үлкен қиратушылық күші бар және ұзақтығы едәуір жел болып анықталады, оның жылдамдығы шамамен 32 м/с тең және одан да көп болады (Бофорт шкаласы бойынша 12 балл).
Сұрапыл дауылдың пайда болу себептері ауа циркуляциясының әдеттен тыс шарттарында, бірақ ауа ағынының өте жоғары жылдамдығымен көрінетін атмосферадағы тепе-теңдіктің бірден бұзылуы болып табылады. Инженерлік құрылыстарға залалдық әсер етуі бойынша сұрапыл дауылдар жер сілкіністерінен кем түспейді.
Сұрапыл дауыл желдің жылдамдығы 33 м/с (120км/сағ) асқанда пайда болады, өте үлкен кинетикалық энергияға ие болады: ағаштарды сындырады, автомобильдерді аударады, құрылыстарды қиратады. Сұрапыл дауылдың жылдамдық күші лақтыратын әрекетке ие болады.
Осындай табиғи құбылыстар кезінде адамдар үшін қауіптілік жолдар мен көпірлердің, электр беру байланыс желілірінің, жердегі тұрба құбырының бұзылуында, сондай-ақ адамдардың бұзылған салынымдардың сынықтарымен, үлкен жылдамдықпен ұшатын терезенің жарқыншақтарымен жарақаттануында болады. Сонымен қатар, адамдардың қаза болуы және ғимараттардың толық бұзылуы кезінде жарақат алулары мүмкін. Қарлы және шаңды дауылдар кезінде жазық даладағы, жолдардағы және елді-мекендердегі күртік қарлар мен шаңдардың жиналуы («қара дауылдар») өте қауіпті. Сұрапыл дауылдардың, дауылдардың және құйындардың пайда болуының негізгі белгілері: жел жылдамдығының күшеюі және атмосфералық қысымның бірден түсуі; нөсерлі жаңбырлар және судың штормдық толқуы; қар мен топырақты шаңның қарқынды түсуі.
Егерде Сіздер сұрапыл дауылдар мен дауылдар пайда болуына шалдыққан аймақтарда тұрсаңыздар келесі жағдайлармен танысыңыздар:
- жақындап келе жатқан табиғи апат туралы ақпараттандыру белгілерімен;
- адамдарды қорғау және ғимараттардың (ғимараттардың) дауылды желдерге және судың штормдық толқынына тұрақтылығын арттыру әдістерімен;
- дауылдар, қарлы және құмды дауылдар, құйындар басталғанда адамдардың әрекет жасау ережелерімен;
- дауылдардың, құйындардың, судың штормдық толқынының, қарлы және құмды дауылдардың зардаптарын жою әдістерімен және құралдарымен, сондай-ақ қираған ғимараттар мен салынымдардың астында қалып қойғандарға көмек көрсету әдістерімен;
- сіздердің отбасыларыныңдың мүшелерін, туыстарыңыз бен көршілеріңізді жақын жердегі жер төлелерде жасырыну орындарымен, паналармен немесе ең мықты және тұрақты ғимараттармен;
- қауптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастыра эвакуациялау кезінде шығу жолдарымен және орналау аудандарымен.
Штормдық ескерту туралы белгі алғаннан кейін келесі іс-шараларға кірісіңіздер:
- шатырларды, пештік және желдеткіш тұрбаларды нығайтуға;
- шатырдың үй-жайларында терезелерді қымтауға (қақпалармен, тақтайлы немесе фанералы щиттармен);
- балкондар мен аула аймақтарын өртке қауіпті заттардан босатуға;
- эвакуацияға азық-түлік пен судың 2-3 тәуліктік қорын, сондай-ақ автономдық жарық көздерін (фонарьларды, керосин лампаларын, шамдарды) дайындауға;
- жеңіл құрылыстардан мықтырақ ғимараттарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғану салынымдарына көшуге.
Сұрапыл дауыл және дауыл кезінде қандай әрекет жасау керек
Егерде Сіздер ғимаратта болғанда сұрапыл дауыл және дауыл басталса, терезеден аулақ кетіңіз және үй-жайдың ішкі қабырғасыннан, коридорда, бекітілген шкафтарда, ванна бөлмелерінде, туалетте, зат қоятын бөлмелерде, мықты шкафтарда, үстелдің астында қауіпсіз орынға тұрыңыздар. Пештегі отты сөндіріңіздер, электр желісін өшіріңіздер, газ торабының шүмегін жабыңыздар. Тәуліктің түнгі уақытында фонарьларды, лампаларды, шамдарды пайдаланыңыздар; төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның ақпараттарын алу үшін радиоқабылдағышты қосыңыздар; мүмкіндіктеріңізше, терең жасырынатын орындарда, баспаналарда, жер төлелерде және т.б. болыңыздар. Егерде Сіздер елді-мекендердің көшелерінде болғанда сұрапыл дауылдар мен дауылдар бола қалса, шамаларыңыз келгенше жеңіл құрылыстардан, көпірлерден, эстакадан, электр беру желілерінен, мачталардан, ағаштардан, көлдерден және өнеркәсіптік объектілерден алысырақ тұрыңыздар. Әйнектің ұшқан сынықтарынан және жарқыншақтарынан қорғану үшін фанералар табағын, картон және палстмассалы жәшіктерді, тақтайларды және басқа қол асты құралдарын пайдаланыңыздар. Елді-мекендердегі жер төлелерде, жер қоймаларында және радиацияларға қарсы паналарда жасырынуға тырысыңыздар. Зақымданған ғимараттарға кірмеңіздер, өйткені олар жаңа ұйытқыған желден қирауы мүмкін. Қарлы дауыл кезінде ғимарттарда жасырыныңыздар. Егерде Сіздер жазық далада немесе ауыл аралық жолдарда бола қалсаңыздар, кезеңмен тазаланатын және Сіздерге көмек көрсетудің үлкен мүмкіндігі бар магистральді жолдарға шығыңыздар. Шаңды дауыл кезінде дәкелі таңғышпен, орамалмен, матаның кесегімен, ал көзіңізді көзілдірікпен жабыңыздар. Құйынның жақындауы туралы белгі келіп түскен кезде баспанаға, үйдің жер төлесіне немесе жер қоймаға дереу түсу, немесе кереуеттің және басқа берік жиһаздың астына жасырыну қажет. Егерде сіздер ашық жерлерде болғанда құйын келіп қалса, жолдың шетіндегі ойларға, шұңқырларға, тар сайларға жасырыныңыздар, бастарыңызды киіммен және ағаш бұтақтарымен жауып, жерге тақалып жабысыңыздар. Автомобильде қалмаңыздар, одан шығып, жоғарыда аталғандай жасырыныңыздар.