ЕҢБЕККЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және «iKomek 109» Ситуациялық орталығының директоры Азат Әміртай әлеуметтік ынтымақтастықты дамытуды және әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеуді бірлесе іске асыру жауапкершілігі принциптерін басшылыққа ала отырып, 2021-2024 жылдарға арналған Меморандумға қол қойған болатын.
Аталған меморандум аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «iKomek 109» Ситуациялық орталығына еңбек адамдары тарапынан түскен өтініш-арыздарды 8 алгоритм бойынша қарауда.
Бірінші алгоритм — Whatsapp желісінде құрылған чат арқылы «iKomek 109» Ситуациялық орталығы тәулігіне 24 сағат тұрақты түрде ақпарат жібереді. Еңбек адамынан түскен әр арыз қараусыз қалмайды, міндетті түрде шешу жолында бірлесе жұмыстар атқарылуда. (Ұзақтығы — 30 минут)
Екінші алгоритм — өтініштегі мәселе анвқталып, түсініксіз болған жағдайда өтініш иесімен хабарласып, анықталады. (Ұзақтығы — 30 минут)
Үшінші — Өтіштің категориясы, оны қарайтын орган анықталады. Олар:
— Жергілікті атқарушы орган;
— Салалық кәсіподақтың филиалы;
— Жергілікті кәсіподақ;
— Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі;
— Республикалық деңгейдегі салалық кәсіподақ;
— ҚР Кәсіподақтар Федерациясы. (Ұзақтығы — 30 минут)
Төртінші алгоритм — Өтінішті қарау үшін тиісті органга жолданады. (Ұзақтығы — 1 сағат)
Бесінші — өтініште көрсетілген мәселе бақылауға алынып, қарау нәтижесі бойынша ақпарат алынады. (Ұзақтығы — 7 жұмыс күні)
Алтыншы алгоритм — Өтініште көрсетілген мәселелер шешімін тапқан жағдайда (кәсіподақ мүшелерін қоса алғанда) ҚР Кәсіподақтар Федерациясына мәлімет жолдау, шешімін тапқан жағдайда өзекті мәселелер тізіліміне енгізіледі. (Ұзақтығы — 1 сағат)
Жетінші алгоритм — еңбек адамының өтінішінің маңыздылық санатын ескере отырып, шешімін таппаған өтініштер өңірлік үшжақты комиссияның күн тәртібіне енгізіледі. (Ұзақтығы — үшжақты комиссия отырысының кестесіне сәйкес)
Сегізінші алгоритм — Ахуалдық орталыққа WhatsApp желісі немесе телефон арқылы өтінішті қарау нәтижесі туралы өтініш жолданады. (Ұзақтығы — 1 сағат)