Қоғам

ФАРАБ-ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ-3

Куган-Қауғаната. ХVІ ғ. жазба деректерінде Куган деп аталады. Ортағасырлық автор Хафиз Таныштың дерегі бойынша 1580 ж. Ибадаллах сұлтан əскерімен Куганға келеді (Материалы по истории казахских, 1969, с. 258-259). Осы Куган – Кауганата болса керек. Х- ХVІІІ ғғ. Балтакөл ауылынан оңтүстік-батыста 2 км қашықтықта орналасқан. Ескерткіш алғаш Н.В. Руднев зерттеуінде аталады.

Оқсыз-Зернұқтан солтүстік бағытта шыққан жол тармағы Сырдарияның сол жағалауымен төмен қарай жүріп, алдымен Н.В. Рудневтың 1903 ж. жария еткен картасында «разв.кр.» – «қамал қалдығы» деген ескерткішке тап болып, Қауғаната, Бұзықтөбе, Артықата қалашықтарын басып өтіп, Жанкентке немесе оған жетпей бұрылып, Хорезмге бағытталған. Осы жолдың бір тармағы Сырдарияның оң жағалауына өтіп, тікелей Шорнақтың тұсындағы Сауранға баратын жолға, солтүстік бағыттағы басқа жолдарға қосылып отырған. Осы жол ХІХ ғ. дейін сақталып, Түркістан статистика комитетінің 1872 ж. № 1 жинағындағы Түркістан генерал губернаторлығының картасында көрсетілген.

Отырарға бұрылмай Сырдарияның сол жағалаумен төмен қарай жүріп отырғандар Н.В. Рудневтың 1903 ж. жария еткен картасында өзеннің ағысымен төмен Оқсыздан кейін «разв. кр.» – «қамал қалдығы» деген белгі бар. Əртүрлі жағдайларға байланысты Сырдарияның сол жағалауындағы жолдардың кейбір тармақтары жиі, ал кейбір тармақтары сирек пайдаланылып отырған. Мəселен, Əмір Темір кезінде Самарқаннан шықан жол Жызақ арқылы тура Сүткентке барып, содан Сырдария бойын жағалап Отырарға жеткен. Ал темірліктер мен шейбаниліктердің кезінде Самарқан мен Бұқарадан шыққан жол солтүстікке қарай ауысып, Қызылқұмның ішімен тікелей Артықата (Артук) қалашығына тура баратын болған (Агеева, Пацевич, 1958, с. 127-128).

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close