ГЕНДЕР ЖӘНЕ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК
Ономастика – жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімі саласы. Ономастика негізінде ел тарихымен ұштасып жатқан оқиғалар, саяси ахуал, мемлекеттің сыртқы байланысы, халықтың дәстүрі мен жоралғылары жатады. Елдің рухани мәдениеті және сол дәуірде өмір сүрген ұрпақтың келешекке көзқарасы да атаулар тарихына ықпал етеді.
Ономастика ғылымы объектілеріне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Халық тарихына байланысты ономастика категориялары түрлі жолмен қалыптасып, дамығаны – заңды. Қазақ ономастикасында антропонимдер мен топонимдер маңызды рөл атқара[1]ды. Ат қоюға қатысты әр халықтың ертеден келе жатқан дәстүрі, ой-тұжырымы бар. Жер-cуға ат қойғанда қазақ халқы мағынасына аса мән берген. Ертеректегі есімдер уақыт өте қолданыстан шығып, ат қою тенденциясы заманға сай өзгеріп, жаңарып отырады. Қазақ антропонимиясында бірнеше лексикалық қабат бары, түркі дәуірін[1]дегі антропонимиялық қор мен қазіргі есімдер мағынасы, құрылымы тым бөлек екені соны білдіреді. Тоныкөк пен Томирис, Сатұқ, Айғұн сияқты есімдер орнына ортағасыр[1]да Абдулькерим, Мухаммад, Нурмухаммад сияқты аттар қойылғаны, ХХ ғасырда қазақ халқы тарихына еніп, әлі күнге қолданылып келе жатқан үш тағаннан (есімі – әке есімі – тегі) тұратын кісіні ресми атау құрылымы онимдік бірліктер тарихпен астасып жа[1]татынын дәлелдейді. Қазіргі Қазақстан жеріндегі географиялық атаулар арасында моңғол, орыс тілінен енген сөз көп кездеседі, бұл топонимдер тарихи аспектісінің ма[1]ңызын көрсетеді. Кез келген тілдегі ономастиканың лексикалық қорында сол тілдегі сөздермен қоса кірме атаулар болады. Ал антропонимдер белгілі бір семантикасы бар әйел және еркек есімі болып бөлінеді (Мәдиева & Иманбердиева, 2004: 54). 41 Жазира Ағабекова Ономастиканың қай саласын алсаңыз да, тектік (род-қа қатысты) ерекшелік байқа[1]лады. Фольклорлық және мифтік шығармаларда кездесетін есімдерден әйел мен ер адамға қатысты халық түсінігі қандай болғанын байқаймыз. Түркі халықтарындағы бірнеше қыз қатар туған отбасындағы Ұлбосын, Ұлжалғас, Қызтумас және патриархал бағытты нақтылайтын Ағабек, Атабай, Балабек, Бауыржан секілді есімдер, тіпті қазақ көркем әдебиетіндегі «еркекшора», «қызтеке» сөздері кездесетіні – түркі мәдениетін[1]де гендер мәселесі ерте кезден барына дәлел. Кей ғалымдар гендерлік ономастика жер бетінде адамзат пайда болғанда шыққан дейді. «Адам ата мен Хауа ана – гендер[1]лектілер. Бір тіл аумағында əлеуметтік жынысқа – əйелдер мен ерлерге байланысты, əрқайсының сөз саптауында кездесетін тілдік бірліктер (сөз, сөйлем, сөз тіркесі, фра[1]зеологизм, мақал-мəтелдер) гендерлект деп аталады. Байқасақ, Аллаһ тағала адам[1]ды жаратқанда гендерлік табиғат сыйлаған, Адам ата мен Хауа ананы екі жыныстың өкілі етіп жаратқан. Сондықтан да гендер ұғымы бұл жалғанда адамзат жаратылған тұста, еркек, әйел ұғымдарымен бірге пайда болған» (Хасанұлы, 2003: 284) Бұл мақалада ономастика мен гендерология байланысы, атаулардағы гендерлік көріністер, олардың қалыптасуы мен заманауи өзгерістері, қоғамдағы қолданысы жайлы айтылады. Жұмыстың мақсаты – Қазақстан ономастикасындағы гендерлік теңсіздіктерді анықтап, әйелдердің қоғамдағы рөлін көрсету. Зерттеу материалдары және әдіснамасы Ономастикадағы гендерлік мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың аяғына қарай басталған. Әр дәуірдегі кісі есімі мен географиялық атаулардың гендерлік ерек[1]шеліктері ғалымдар назарынан тыс қалмаған. «Onomastics and Gender Identity in First[1]Millennium BCE Babylonia» деген мақалада Ежелгі Вавилондағы кісі есіміндегі гендерлік көріністер зерттелген (Cousin & Watai, 2018). Сол кезеңдегі вавилон әйелдері есімі кө[1]біне өсімдік, үй және жыртқыш емес, көлемі жағынан кішірек тышқан, күшік секілді жануарларға, ал ер адамдар есімі қасқыр, арыстан секілді жыртқыш аңдарға байла[1]нысты қойылған. Сонымен қатар әшекей бұйымға байланысты қойылған әйел есімде[1]рі көп кездескен, ал мұндай есімдер ер адамдарға мүлде қойылмаған. Керісінше, тео[1]фориялық есімдердің маскулиндік деңгейі жоғары болған. Ерлердің есімдері көбінесе Құдайға қатысты қойылғаны олардың қоғамдағы үстемдігін білдіреді. Ономастика саласындағы ғалымдардың көбі еңбектерінде түрлі халықтардың ат қою мәдениетіндегі ерекшеліктерін зерттегенде есімдердің жыныстық көрінісіне на[1]зар аударған. Заманға, мемлекеттің қоғамдық құрылымына, елдің мәдени ортасы[1]на қарай әр халықтың онимдік бірліктері де әртүрлі болған. Мысалы, ортағасырда 42 Саясат және қоғамдық сфера Қытайда әйел есімін білдіретін иероглифтер өте аз қолданылған. Олардың қолданыс аясы тұрмыстық деңгейден аспаған. Бұл иероглифтерді адам құқығын бірінші орынға қойған Таң империясы кезеңінде ғана кеңінен қолданған (Дашева, 2015: 176). Алфорд Ричард (Alford Richard) әлемдегі 60 елдің мәдениетін қарастырып, олардың төрттен үшінде есім әдетте баланың жынысын білдіріп тұрады деген (Alford, 1987: 66). Чыоң Тхи Суан Хыонг мен Алина Киселева антропонимиядағы гендер мәселе[1]сін көтерген мақаласында зерттеу нысаны ретінде «никнэймдерді» алған. Авторлар зерттеу барысында гендерлік бейтарап лақап аттар жастар арасында өте танымал екенін анықтаған. Бұл тенденция әсіресе, негізінен, ағылшынша сөйлейтін желі қол[1]данушылары арасында кең тарап жатыр дейді (Суан Хыонг & Киселева, 2017). Түркі антропонимиясындағы гендерлік көріністер түркі тілдес халықтардың ер және әйел есіміндегі ерекшеліктер мен құрылымындағы өзгешеліктерден анық бай[1]қалады. Әдебиетте, тарихи жазбаларда әйелдікіне қарағанда ер адам есімі көп кез[1]дескені сол заманда маскулиндік басым болғанын білдіреді. Осыған байланысты қа[1]зақ халқындағы ер адам есімінің басым бөлігі жыртқыш жануарлар, ауыр металдар және қайсарлық, батырлық, қаһармандық ұғымдарына, ал әйел адам есімі, керісінше, нәзіктік, пәктік секілді қасиеттерге байланысты қойылған. Мөлдір Бигельдиева қазақ халқындағы әйел антропонимиясы мұндай ережеден бөлек, тарихи кезеңдерге сай өзгеріп отырған дейді. Зерттеу жұмысында әйелдерге қай кезеңде қандай аттар қо[1]йылғанын және кірме антропонимдер қай халықтан енгенін анықтаған (Бигельдиева, 2010). Жалпы, қазақ және түркі есімдеріндегі гендерлік көріністі анықтау үшін есім түбіріне, сол түбір мағынасына, есімге жалғанған қосымшаларға, тіркескен екін[1]ші сөзге қарау керек және тарихи оқиғаларға шолу жасау қажет. Қазақстандық ға[1]лым Әйгерім Әлиакбарова жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайдағы антропонимдердің трансмиссиясы мен трансформациясын зерттеген докторлық диссертациясында антропонимдегі гендер мәселесін қарастырған біршама ғылыми жұмыстарға шолу жасаған (Әлиакбарова, 2020). Әл-Қауасми мен әл-Хақтың «A Sociolinguistic Study of Choosing Names for Newborn Children in Jordan» деген мақаласында Иордания мемлеке[1]тіндегі антропонимдерге, яғни әр кезеңдегі ерлер мен әйелдерге қойылған есімдерге әлеуметтік лингвистика тұрғысынан талдау жасалған (Al-Qawasmi & Al-Haq, 2016). Қыз бала есімі сұлулықты білдіреді, сондықтан әке-шешесі оған осы ұғымға сай келетін, дыбысталуы да, мағынасы да жағымды есім іздейді. Ал ұл бала есімі оның мінез-құл[1]қын, тұлғалық қасиетін сипаттайды, сондықтан оларға дәстүрлі және көне есімдерді қояды (Al-Qawasmi & Al-Haq, 2016: 380). Топонимикадағы гендерлік көріністерді қарастырған ғылыми еңбектер де бар. Ғылыми мақалаларда Америкадағы жер-су атауларына әйелдер мен өзге нәсіл 43 Жазира Ағабекова өкілдері есімі қалай ұсынылатынына және географиялық атаулар номенклатурасына маскулиндік көзқарас әсері (Beck, 2021) мен кең корпустық материалға сүйеніп, испан тілі тарихында қалалар атауына қолданылатын гендерлік ережелер туралы (Reina & Nowak, 2018) және Париж, Вена, Лондон, Нью-Йорк қалаларындағы көшелер атауын[1]дағы гендерлік көрініс, нысан атауын қоюдағы мәдени факторлар секілді мәселелер қарастырылған (Bancilhon, Melanie el al., 2021). Забихат Оцомиева-Тагирова Дағыстан аймақтарындағы топонимдердің гендерлік аспекті мен аварлардың география[1]лық атауларын салыстырған (Оцомиева-Тагирова, 2018). Олимджон Махмаджонов Тәжікстандағы Гиссари алқабындағы топонимдерді зерттегенде, 5 000 географиялық нысан атауын қарастырған. Оның төрт жүзі – кісі есімі, ал осы антропотопонимдер[1]дің 15-іне ғана әйел есімін қойған. Ер адам есімін көп қойғаны аймақтағы еркектер[1]дің орны мен әйелдерге деген қарым-қатынасын көрсетеді (Махмаджонов, 2015). Ономастикадағы гендерлік мәселелерге байланысты ғылыми еңбектер жылдан[1]жылға көбейіп келеді. Осыдан-ақ мәселе өзекті екенін байқаймыз. Талқылау және нәтиже Антропонимиядағы гендерлік көріністер Лингвистика салаларында гендерлік сипат болады. Грамматика, прагматика, əлеу[1]меттік лингвистика салаларының қарқынды дамуы, ер адамдар мен əйел адамдар[1]дың қоғамда қалыптасқан дəстүрлі рөлдері өзгергені лингвистикалық мəліметтерге жаңаша қарап, жаңа қырынан түсіндіруді қажет етті (Искарина & Кенжеқанова, 2019). Тіл мен жыныстың өзара байланысын зерттеу тарихы өте ерте кезден басталған. Жыныстың тілге қатысы жөнінде мəселе алғаш рет грамматикалық тек (род) катего[1]риясына байланысты көтерілген (Шахмайкин, 1996: 226–273). Gender терминінің өзі лингвистикалық терминологияға кейін енді, сондықтан тіл білімінде genus, sexus, gender категорияларының аражігі ажыратыла бермейді. Кез келген халық балаға ат қойғанда қандай да бір дәстүрге, ережеге немесе заңға сүйенеді. Қазір адамдар қарым-қатынасы заңдастырылғаны сияқты, бірқатар мемле[1]кеттерде кісіге ат қоюға қатысты ресми нормалар бар. Адам туғанда есімін өзі таңдай алмағанымен, белгілі бір жасқа жеткенде есімін өзгерту құқығын пайдалана алады. Дамыған елдерде ондай құқық заңдарда, ресми ережелерде бекітілген. Германия, Швеция, Дания, Исландия, Норвегия, Финляндия, Португалия секілді мемлекеттер нәресте туғанда оған қандай ат қоюға және белгілі бір жаста есім өзгертуге қатысты ономастикалық заң қабылдап, мемлекет бекіткен ережелер мен кейбір ұлттық дәс[1]түрлерін қатаң ұстанады. 44 Саясат және қоғамдық сфера Германияда баланың атынан жынысын білуге болады. «Унисекс» есімдер қабыл[1]данбайды, соған байланысты кейде қосымша есімдер беріледі. Ол «Тегі мен есімін өз[1]герту туралы» Заңда (Gesetz über die Änderung von Familiennamen und Vornamen) нақты жазылмағанымен, АХАЖ (Азаматтық хал актілерін жазу; das Standesamt) қызметкер[1]лері тіркелушілерге ескертіп отырады. Ақпарат құралдарында Матти деген есімнен баланың ұл не қыз екенін ажырату мүмкін болмағандықтан, ол есім Германияда қа[1]былданбағаны жазылды (Mkenyaujerumani.de, 2016). 1982 жылы Швецияда қарапайым отбасы балаларына ақсүйек әулеттен шыққан[1]дар есімін қоюға тыйым салған «Есім туралы» Заң қабылданған. Заңға сәйкес адам аты өзіне ыңғайсыздық тудырмауы керек және нақты себебін көрсетіп, кісіге қойыл[1]мауға тиіс есімдер белгіленген. Ел азаматтары есімін бір рет өзгерте алады және екі аты да қатар жүреді (Lag, 2016: 1013). Швецияда тегін өзгертіп үйленуге өтініш бер[1]гендер саны өскендіктен, бұл мәселе де қарастырылып жатыр. Олар туыстарына ор[1]тақ өзге тек ала алады. Бірақ текке «-сон» («-ұлы») және «-дотте» («-қызы») қосымша[1]сын жалғау әлі күшін жойған жоқ. Данияда тұңғыш рет 1526 жылы І Фредерик кезеңінде балаларға ұнамайтын неме[1]се лайықсыз ат қоюға тыйым салған «Жеке есімдер туралы» (Navnelov) Заң қабылдан[1]ған. 1771 жылы осы заңға көп өзгеріc енгізіп, азаматтыққа қатысты баптар қосылған. Осы заңға сәйкес сәбиге ат қойғанда ата-ана алдын ала дайындалған 7 000 есім (3 000 ұл есімі, 4 000 қыз есімі) арасынан таңдай алады немесе тізімде жоқ есімді қойғысы келсе, жергілікті шіркеуге барып, рұқсат алуы керек (Alvarez, 2004). Исландияда 1991 жылдан «Жеке есімдермен айналысатын Комитет» жұмыс істей[1]ді. Бала өскен соң өз есімінен ұялмауы, оны қоғам жақсы қабылдауы керек, сондық[1]тан есім бекітілген есімдер тізімінен таңдалады. Тізімде 1 853 әйел және 1 712 еркек есімі бар (Marszal, 2014). Заңға сәйкес, бір адамға үш атқа дейін қойылады және ол адамның әйел не еркек екенін білдіріп тұруы керек. Исландиялық әнші әрі кино әртісі Ингибьёрг Стефаунсдоуттир аты-жөніндегі «Стефаунсдоуттир» – патроним. Мұндағы «-доуттир» исланд тіліндегі «-dóttir» қазақша «-қызы» деген мағынаны, ал Дагюр Бергтоурюсон Эггертссондағы «-сон» (исландша «-son») қазақша «-ұлы» деген мағына[1]ны білдіреді (Leibring, 2017: 416). 2013 жылы Исландия соты 15 жастағы қыздың заңға сәйкес келмейтін есіміне қа[1]тысты іс қозғаған. Қыздың аты – Блаер Бьркардоттир (Blaer Bjarkardottir), исланд ті[1]лінен аударғанда «қоңыр салқын жел, самал» деген мағына береді және тізімде бұл ұл балаға қойылатын есімдер қатарында тұр, бірақ мағынасы, жазылуы мен айтылуы жағынан қыз бала ұялатындай ештеңе жоқ. Сот шешімі шыққанға дейін Блаердің ресми құжаттарында «аты» деген бағанға тек «Қыз» (исландша Stulka) деп жазылған. 45 Жазира Ағабекова Сот Блаер есімін ұлға да, қызға да қоюға болатын есімдер тізіміне қосуға шешім шы[1]ғарған соң, Блаер құжаттарына өз атын жаздырып, барлығын өзгерткен (Lenta, 2013). 1985 жылы Финляндияда «Есім туралы» Заң (Nimilaki) қабылданған. Заңда есім формасы немесе жазылуы фин тілі заңдылықтарына сәйкес келуі, қоғам ол есімді жақ[1]сы қабылдауы, есімді жынысына қарай, яғни ұлға тек ұлдың, қызға тек қыздың есімін қою және сәби дүниеге келген соң 2 ай уақыт ішінде есімін тіркеу керегі көрсетілген. Балаға ат қоюға қатысты арнайы заңы бар мемлекеттің бірі – Португалия. Бала өз есімінен ұялмауы керек дегенді алға тартып, осындай заң қабылдаған. Португалияда балаға екі есім және екі тек, яғни анасының да, әкесінің де тегі қойылады. Мысалы, Диого Карлуш Сократеш Сантуш, мұндағы Диого Карлуш – аты, Сократуш Сантуш – тегі. Әдетте португалиялық ата-аналар баласына ұлттық нақыштағы ат қоюға тырыс[1]қанымен, қоятын атын Тіркеу және нотариус институты дайындаған 80 беттік есімдер жинағынан (Lista de Nomes) таңдауы керек. Балаларына португалша ат қоятын ата[1]аналарды заң әрқашан қолдайды. Шетелдіктерге бұл заңның қатысы жоқ. Оларға өз тіліндегі аттарды қоюға рұқсат берілгенімен, есімдері португал тілінің орфогра[1]фиясына сай жазылады. Мысалы, «Томас» – «Tomás», «Филипп» – «Filipe» деп жазылуға тиіс, сонымен қатар балаға «Мона Лиза» деп ат қоюға тыйым салынған. Өзге елдерге қарағанда Португалияның өзіндік ерекшеліктері бар. Португалия иммигранттар мә[1]дениетін құрметтей отырып, өз тілінің заңдылығын ұмытпай, тазалығын сақтайды. Баланың аты жынысына қарай қойылуға тиіс болғанымен, бейтарап есімдер де кез[1]деседі, яғни баланың ұл не қыз екенін білдірмейтін аттарды да қоюға рұқсат етілген (Portuguese-American Journal, 2011). Бұл ақпараттан Еуропа елдерінде бала болашағына қоғамдық тұрғыдан қарау мә[1]селесі біртіндеп жолға қойылып келе жатқанын көреміз. Қыз балалардың гендерлік ерекшеліктерін нақтылаумен қатар, есім ауыстырғандардың құқығы да белгілі дең[1]гейде қарастырылған. Түркі халықтарында жағдай өзгерек. Қазақ (түркі) отбасында ұл баланың орны ерекше. Ұл ұрпақ жалғасы саналады. Шежіреге тек ұлдың аты кі[1]реді. Шежіре заңына сәйкес, ұлы жоқ, тек қыздары бар ер адамның ұрпағы өзінен кейін жалғаспай, сол жерден үзіледі. Сондықтан отбасында қатарынан үш-төрт қыз дүниеге келсе, келесі бала ұл болсын деген ниетпен қызға құрамында «ұл» сөзі бар ат қою дәстүрі сақталған. Мысалы, Ұлжалғас, Ұлтусын, Ұлдана, Ұлбосын сынды қыздар[1]дың психологиясы мен қоғамдағы орны ескеріліп жатқан жоқ. 2019 жылғы статис[1]тикаға сүйенсек, 75 400 «Ұлбосын» және оның түрлі мағыналық нұсқалары кездеседі. Түркі халықтарында ұлға да, қызға да қойылатын Бақыт, Ермек, Жанат, Нұржан се[1]кілді есімдер бар. Баланың қоғамдағы тұлғалық рөлін қалыптастыру үшін ат қоюға қатысты кей дәстүрді заңдастыру қажет. 46 Саясат және қоғамдық сфера Топонимикадағы гендерлік көріністер Ономастикадағы гендерлік бағытты көрсететін интернет пен БАҚ-та жарияланған ақ[1]параттың дені көше атауларына тікелей байланысты. Аруна Шанкаранараянан мен әріптестері Mapbox деген интерактив карта әзірлеген. Зерттеу тобы әлемдегі мегапо[1]лис саналатын Лондон, Париж, Сан-Франциско, Мумбай, Нью-Дели, Ченнай және Бангалор қалаларын алып, ондағы ер және әйел адам аты қойылған көшелерді көк және қызыл түспен белгілеген. Картаға түсіргенде әр қала арасындағы айырмашы[1]лық бірден білінген. Көк сызықтар (маскулиндік атаулар) қызыл түстен (фемининдік атаулар) әлдеқайда көп болған. Нәтижесінде әйел адамдар атымен аталған көшелер саны 27,5% болған (Poon, 2015). 2012 жылы Римде тұратын география пәні мұғалімі Мария Пиа Эрколини қаладағы 16 500-ден астам көше тарихын зерттеген. Мария Пиа – географиялық нысандар атауында гендерлік теңсіздік барын айтып, қарсы шыққан тұңғыштардың бірі. Ол тобымен бірге жасаған зерттеу нәтижесінде қаладағы 7 575 көшеге, яғни барлық көшенің 45,7%-ына ер адамдар, ал 580, яғни 3,5%-ына әйел адамдар есімі қойылғанын анықтаған. Ол XXI ғасырда мұндай жағдай кездескені дискриминацияға дәлел дейді (Mark, 2012). Теңсіздікті түзеу мақсатында Facebook әлеуметтік желісінен Toponomastica Feminini парақшасын ашып, бастаманы қолдаған мыңдаған римдіктермен бірлесіп осы мәселеге халық пен үкімет назарын аударған. Италиядағы жобадан шабыт алған Испаниядағы бір топ әйел Мадридтегі көше атау[1]ларын қарастырған. Римге қарағанда Мадридтегі ахуал әлдеқайда көңіл көншітеді, шамамен қала көшелерінің 7%-ына әйел есімі қойылған, 27%-ы ер адамдар атында (Mark, 2012). Италияның тарихи шаһары Римде басталған феминистік қозғалыс кейін Еуропаны тұтас қамтып, ходонимдегі гендерлік теңдікті талап ете бастады. Гендерлік теңсіздік төңірегіндегі талас 2018 жылғы тамызда Парижге жетіп, мыңдаған әйел Франция астанасындағы көшелердің 2,6%-ы ғана әйгілі әйел қайраткерлер атында болғанына наразылық білдірген (Kate, 2015). Ол көшелердің жартысынан көбі атақты ер адамдар жұбайының немесе қыздарының құрметіне қойылғаны наразылықты одан әрі күшейткен (Oliver, 2015). Франция халқы да Osez le Féminism деген феминис[1]тік топ құрған. Сөйтіп, гендерлік теңдікті жақтайтын әйелдер қауымдастығы өзге ел[1]дерде де құрыла бастады. Атап айтсақ, Лондон, Сан-Франциско, Мумбай, Нью-Дели секілді халқы тығыз орналасқан қалалар да көше атауларына қатысты гендерлік тең[1]дік саясатын орнатуды қолға алған. Олар зерттелген көшелердің орта есеппен тек 27,5%-ына әйел есімі қойылғанын анықтаған (Poon, 2015). Осыған дейін айтылған мысалдардың бәрі – көше атауындағы гендерлік теңсіздік мәселесінің салдары. Әлемдегі кез келген қала картасын ашып, көше атауларын оқи бастасаңыз, ер адам[1]дар есімі көп екенін бірден байқайсыз. 47 Жазира Ағабекова Қазақстан топонимиясындағы гендерлік көріністер Әлем тәжірибесіне назар аударсақ, географиялық нысандарға кісі есімін қоюдағы не[1]гізгі критерийдің бірі – есімі қойылған адамдардың жақсы, жағымды бейнесін халық жадында сақтау, өшпес ескерткіш қалдыру. Нақтылай түссек, қоғам және саяси қай[1]раткерлер, танымал ақын-жазушылар, біртуар өнер өкілдері немесе ерен ерлігі үшін халық ықыласына бөленген батырлар есімі топонимдерде көп кездеседі. Белгілі бір нысанға есімін қоярда сол тұлғаның қоғамға қосқан үлесі ескеріледі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде алғашқы ондыққа кіретіндіктен, ондағы географиялық, әкім[1]шілік, аймақтық бірліктер көп болғаны заңды. Оларды атау мен қайта атау процесте[1]рі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңға сәйкес жүргізіледі. Заңда берілуге тиіс атаулардың тегі немесе жынысына қатысты ешнәрсе айтылмаған. Республика көлемінде нысандарға ат қойғанда белгілі тұлғалар есімі ен[1]ген Ономастикалық комиссия мақұлдаған тізімге сүйену керек. Онда 555 кісінің аты[1]жөні бар, оның жиырмасы ғана әйел адам. Тізімге енгендер қатарында әртістер, ән[1]шілер, ақындар мен ғалымдар, ұстаздар, Кеңес заманында Социалистік Еңбек Ері атағын алғандар бар. Хандық дәуірде жауға шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай неме[1]се әлемдегі Нобель сыйлығын алған әйелдер, алғашқы әйел инженер, бейбітшілікке, экологияны қорғауға үлес қосқан әйелдер есімін ұлықтаса, келер ұрпақ ойы өзгеше қалыптасар еді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Бірінші және Екінші Прибалтика неме[1]се Белорусь майданында, одан қалды Берлинді алу операциясында радиобайланыс[1]шы қызметін атқарған Ғарифа Рахметова мен Зылиха Наушева есімдері, әйелдер құқы бұзылғанына қарсы күрескен, алғашқы дәрігер қыздардың бірі Нубина Ниязова, Мүслима Қожахметова, Мәлика Тоқтамышова, Майра Мақатова, Нұрғаным Байсеитова, Роза Момынова сынды көп қаһарман қазақ қызының есімі үлгі болар[1]лық. Қазақ әдебиетінің шарықтауына сөзсіз үлес қосқан, қазақтан шыққан тұңғыш әйел-романшы Сара Мыңжасарова, дәрігер Аққағаз Досжанова мен Жәмила Қонақбайқызы Шурина сынды әйел қайраткерлер ер адамдардан кем түспеген. Олар да халық арасында ұлықтауға, құрметке лайық. Тағы да толықтырсақ, ходонимдер арасында қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз Нәзипа Құлжанова есімі жоқ. Осыған дейін аталған Ономастикалық комиссия мақұлдаған тізімге әлемді түрлі апаттан құтқаруға атсалысқандар немесе Нобель сыйлығы лауреаттары, індетпен кү[1]ресіп, тер төккен жанкешті дәрігерлер аты-жөні енсе, келер ұрпаққа үлгі болар еді. Солар істегенді қайталауға тырысатын жастар қатары көбейері анық. Ежелгі дәуір[1]ден осы күнге дейін қазақ даласынан шыққан атақты, әлем және қазақ қоғамында орны анықталған, аты адамзатқа үлгі боларлық тұлғалар аты-жөні іріктелген тізімдегі әйелдер үлесі 3,6% ғана, бұл біздің қоғамдағы гендерлік саясат жағдайын көрсетеді. 48 Саясат және қоғамдық сфера Қазақстанда әйел адамдардың қоғамдағы орны нақтыланбағаны, ерлерге қарағанда өте төмен деңгейде ұлықталатыны байқалады. Жалпы, жер бетінде ер адамдар әйел[1]дерден шамамен 100 кісіге ғана артық бола тұра, ер адамдар есімі көп ұлықталғаны әйелдерді адам ретінде төмендетуге жатады. Нысандарға әйел есімдерін қою мәселесіне келсек, Қазақстан қалалары мен облыс[1]тарында аса айырмашылық жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында мыңға жуық (957) көше болса, оның 33-і әйел есімімен аталған. Бұлардың көбі – өнерпаздар мен тарихи-мифология[1]лық тұлғалар және агиотопонимдік антропонимдер. Мысалы, Айман-Шолпан, Айша бибі, Айғаным, Қыз Жібек, Баян сұлу, Гауһартас, Күйші Дина, Күләш Байсейітова, Мәншүк Мәметова, Мәриям Жагорқызы, Рабиға Есімжанова, Саргүл, Тұмар ханым, Ульяна Громова, Шара Жиенқұлова, Сүйінбике, Шолпан Иманбаева, Үшкүлтай Субханбердина, Ұлбике ақын, Ұлпан, Ұмай ана, Әлия Молдағұлова, Әмина Өмірзақова, Қарашаш ана, Ақбаян. Шамамен 3,5% болатын әйел есімдерінің жартысы – абстракт атаулар (Арай, Аягөз, Ақбидай, Балауса, Бұлбұл, Кәусар, Шұғыла, Қызыларай). Ел астанасының халық арасын[1]дағы «Домалақ Ана» немесе «Қорғалжың тас жолы» деп аталатын бөлігінде Ұмай ана, Ақын Сара, Тұмар ханым, Баян сұлу, Қыз Жібек, Айша Бибі, Айғаным, Жұбан ана, Ақжүніс, Қарашаш ана, Айман-Шолпан және Құсни-Қорлан көшелері болғанымен, негізгі көше[1]лерге әйелдер аты қойылмаған. Алматы қаласында да барлығы 2 265 көшенің тек 68-і ғана әйел есімдерімен аталған. Бұл көрсеткіш ер адамдар құрметіне қойылған көшелер санынан 17 есе аз (stat.gov.kz, 2021). Көкшетау қаласындағы 177 көшенің 134-і антропоним болса, 125-іне ер адам[1]дар есімі, 9-ына әйел адамдар есімі қойылған. Бұлардың қатарына биші Шара Жиенқұлова, әртіс Хадиша Бөкеева, Азиядағы «ең жүйрік» әйел Ольга Шишигина, қа[1]зақтың тұңғыш әйел-дәрігері Аққағаз Досжанова есімдері бар. Әйел адамдар құрметіне қойылған нысандар арасында жиі қайталанатын тұлға[1]лар кездеседі. Мысалы, әр облыста атақты күйші Дина Нұрпейісова, Екінші дүниежү[1]зілік соғыста ерлік көрсеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мектептер бар. «Халық қаһарманы», екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен көзге түс[1]кен, әйел-ұшқыш Хиуаз Қайырқызы Доспанова атында әуежай болса, қазақ операсы[1]ның негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі атанған қоғам қайраткері Күләш Бәйсейітова атында музыка мектебі, ақын Фариза Оңғарсынова атында көше бар. Халықтың бір бөлігі көше атаулары аса маңызды емес, ондағы гендерлік теңдікті ешкім елемейді деуі мүмкін. Десе де көше атаулары – қала тарихының көрінісі, сон[1]дықтан мемлекет пен қала дамуына үлес қосқан ердің де, әйелдің де есімі ауыл, қала көшелерінде мәңгі қалуы керек. Бұл тенденция қазақстандық, тіпті бүкіләлемдік қо[1]ғам бұрынғы консерватив, патриархал нормалардан әлі де ажырамағанын көрсетеді. 49 Жазира Ағабекова Ономастикалық комиссияда не[1]месе осы мәселеге қатысты са[1]лаларда жұмыс істейтін тұлғалар көшеге, қандай да бір нысандар[1]ға әйел адам атын қою идеясын ұсынуы керек. 2018 жылы Қазақстанда әкімшілік-аумақтық бөлінісінде көптеген өзгеріс болып, жаңа Түркістан облысы құрылды. Облыс қайта құрылған соң жаңа нысандар ашылды, әкімшілік бір[1]ліктер атауы өзгерді. Жаңа нысан ашу немесе қайта құруға келген[1]де заманауи стандарттарды ұс[1]танғанымызбен, сол нысандарға ат қойғанда гендерлік теңсіздік бары әлі де байқалады. Түркістан облысы бойынша 2018 жылдан бері бірнеше мектеп[1]ке жаңа ат берілген. Қазір 2 039 мектептің 63-і ғана әйел есімдерімен аталған. Ер адамдарға қарағанда әйел адамдар есімі географиялық нысандарға аз қойыла[1]тыны тұлға ретінде танылған әйелдердің аз болғанына да байланысты. Қазір кітапха[1]налардан ұлы әйелдер жайлы мәлімет іздесеңіз, мол материал табуыңыз қиын, сон[1]дықтан тарихта өзіндік орны бар әйелдер туралы көп жазу керек. Светлана Шакирова: «Көше атауларынан тек ер адамдар есімін көреміз. Сөз жоқ, олар – керемет адамдар, оған ешкім күмән келтірмейді. Бірақ есімдерін құрметтеуге лайық әйел адамдар да бар. Олардың да есімдерін сақтау керек» дейді (ktk.kz, 2009). Бұл қатарға азаматтық белсенді болуды, әйелдер құқын қорғайтын ұйымдарды қолдап, ұсыныстарын тыңдауды қосар едік. Қазақстан қалаларында мұндай қозғалыстар әлі де аз болғанымен, уақыт өте келе ақпарат тарап, Қазақстанның ірі қалаларында белсенділер шыға бастады. Әйел адамдар атындағы көше атауына қатысты тағы бір мәселе бар. Әдетте қала шетіндегі көшелерге қарағанда орталығындағылар ертерек салынған, сондықтан ор[1]талықтағы көшелер атауы сол мемлекеттегі танымал ер адамдар құрметіне қойылған. ХІХ ғасырдағы Италия көшбасшысы Камилло Кавурдың аты берілген Виа Кавур және «қаһарлы» Рим Папасы ІІ Юлийге арналған Виа Жулиа көшелерін мысалға алуға бола[1]ды (Poon, 2015). Ал әйелдер құрметіне қойылған аз көшенің өзін қала сыртынан ғана көреміз. Бұл жаңа көшелер атауы жаңа көзқарас арқасында өзгергенін дәлелдейді. 50 Саясат және қоғамдық сфера Көше атауларында осындай теңсіздік болғаны қоғам әйелдерге қарағанда ер адамдар[1]ға көбірек мән беретінін айқындады. Көшеге кісі есімін қою сол адамға құрмет саналса, қоғамға сіңірген әйелдер еңбегін ашық мойындамау, олар ер адамдардан төмен деген ойды растап, гендерлік теңсіздікті ушықтыра түсері анық. Көше атауындағы гендерлік дискриминация болуына бірден-бір себеп – көшеге атау қою ісінде гендерлік саясатты ұстанбау. Алайда кейінгі он жылда көше атаулары[1]на әйелдер есімін қою мәселесі Еуропада қолға алынғаны көңіл көншітеді. Кей елдер[1]де мағынасы түсініксіз көшелер атауын өзгертіп, оның орнына халқына еңбегі сіңген әйелдер есімін қойса, кей елдерде жаңа көшелер атауын, тіпті қаланың жаңа орам[1]дарына әйелдер атын қойған. Баршамызға мәлім, бір ел екінші елді жаулап алғанда, басқыншылар жергілікті халықтың ой-өрісін өзгерту үшін, алдымен, жер-су, нысан атауын өзгертеді. Қазір Еуропа көшелеріне ат қою тенденциясындағы өзгерістер қо[1]ғам сана-сезімі патриархал кезеңде қалыптасқан консерватив және дәстүрлі ойлау деңгейінен арылғанын дәлелдейді. Гендерлік теңсіздік мәселесін шешу үшін халық пен үкімет бірлесе жұмыс істесе ғана жақсы нәтижеге жетпек. Мысалы, Роттердам халқы қала көшелерінің 92%-ына ақ нәсілді ер адамдар аты қойылғанын айтып, наразылық білдіргендіктен, Роттердам үкіметі қала көшелеріне ат қою ережесін өзгерту туралы ұсыныс жасады. Өткен жылдары Брюссель қаласында Үкімет жаңа көшелерге атау таңдау үшін онлайн-крауд[1]сорсиңге жүгінді, яғни Бельгия халқынан қалаға жаңадан қосылған 28 көшеге атау ұсынуға мүмкіндік берген. Бельгия азаматтарына мұндай мүмкіндік алғаш рет туып тұрғанымен, атсалысқандардың дені жаңа көшелерді назардан тыс қалған әйелдерге арнауды ұсынған (Franssen, 2018). ҚОРЫТЫНДЫ Зерттеуге негіз болған мәселенің туу себептеріне тоқталсақ, ең алдымен, мемлекеттердегі көшеге ат қою жүйесі бір-біріне ұқсайтынын байқаймыз. Топоним қаланың тарихи және тілдік портретінің ажырамас бөлігі десек, көшелерге ат қойғанда мемле[1]кеттегі басқару органдарының тарихы шешуші рөл атқарары анық. Ал тарихтағы атақты тұлғалар, яғни қолбасшылар, дін таратушылар, философтар мен ғылым негізін салушылардың көбі ер адамдар болған. Әйелдер тарихтың әр кезеңінде заң, әлеуметтік кодекс, наным-сенімі мен менталитетіне қарай кедергілерге тап болып отырған. Құрметке лайық әйел-азаматтар болғанымен, осы шектеулер салдарынан олар тарих[1]тан да өз орнын таппаған, қазір де аса мән берілмей келеді. Қазір әйел-азаматтар құр[1]метіне қойылған көше атауы аз болғанына қарапайым тарихи деректерде танымал 51 Жазира Ағабекова әйелдер мен олардың жетістіктері көрсетілмегені себеп. Бұл мәселеге Еуропа елдері назар аударып, біршама жұмыс атқарып жатыр, сондықтан бұл елдерде қоғамға еңбе[1]гі сіңген әйелдерге құрмет көрсету мәселесі біздегідей емес. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 3,5%-дан аспай тұр, сондықтан да ономаст-ғалымдар зерттеу нәтижелерін толықтырып, БАҚ-та бастама көтерсе, тиімді болары анық.