Қоғам

ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Гендерлік лингвистика, психолингвистика, ассоциативтік тəжірибе, сөйлеушінің гендерлік болмысы, фемининдік-аскулиндік белгілер, тек (род) категориясы, метагендерлік деңгей, тілдегі таптаурын белгілер, дискурс, гендердің дəстүрленуі.

Батыста кең қанат жайған гендерлік зерттеулердің əсерімен тіл білімінің гендерология саласы қалыптасып, дамыды. Жал- пы алғанда, гендерлік тілдік зерттеулер екі мəселе төңірегінде топтасқан: 1) жыныстың тілдегі көрінісі; 2) ер мен əйелдің сөз саптауындағы гендерлік тілдік ерекшеліктер.

Əлемдік тəжірибеге сүйенсек, гендерлік лингвистиканың теориялық базасы – гендеризм тұжырымдамасы (И. Гоффман), билік (М. Фуко) жəне қоғамның жыныстық жіктелімінің мəдени байланыстылығы тұжырымдамасы (М. Мид). Еркек пен əйелдің мінез-құлық ерекшеліктері тек биологиялық жынысқа қатысты де- ген көзқарастың қате екендігі дəлелденді. Бір мəдениетте еркектік, əйелдік деп танылған гендерлік белгілердің екінші бір мəдениетке тəн еместігі айқындалды. Дегенмен барлық мəдениетте жыныстар арасындағы айырмашылықтар сақталады.

Жыныстар əрекетіндегі мəдени жəне əлеуметтік шартты- лықтар гендеризмнің негізі ретінде ұғынылады. Патриархат мəдениетінен кейінгі кезеңде де жыныстар мəртебесінің тең бол- мауы лингвистикалық зерттеулерде билік теориясына назар ау- даруды қажет етеді. Биліктік қатынастар жəне олардан туын- дайтын бағалаулар мен ұғымдық анықтамалар тілде белгіленіп отыратындықтан, андроөзектілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, Батыста феминистік бағыттың қарқынды дамуына белгілі бір дəрежеде ықпал етті.

Ресей тіл ғылымында гендерлік зерттеулердің бір тобы дəстүрлік бағытты, екінші бір тобы батыс еуропалық ілімдерді, атап айтқанда, М. Фуконың билік теориясы, Ж. Дерриданың бейқұрылымдау идея- сы мен И. Гоффманның гендеризм тұжырымдамасын негізге алған.

Гендерлік зерттеулер кеңес заманында феминизм идеяларынан қашық болды. Мұның екі түрлі себебі болуы мүмкін дейді А.В. Ки- рилина: «Біріншіден, 1917 жылғы төңкерістен кейін əйелдер мен ер- лер тең құқыққа ие болды, жоғары білім алды, түрлі мамандықтарды игерді. Кеңес үкіметі əйелдер беделін көтеруге күш салды. Əйелдер тек үй шаруасында қалып қоймай, түрлі кəсіпке (ер адамдар атқаратын кəсіптерге де) жұмылдырылды, қоғамдық маңызы зор істерге тартылды. Сөйтіп бірте-бірте белгілі тұлғалар (Виноградова есімді тоқымашылар, космонавт В. Терешкова, диқаншы З. Тамшы- баева, т.с.с.) образы қалыптасты. Салыстырсақ, Швейцарияда тек 1971 жылдан бастап əйелдер дауыс беру құқығына ие болған, ФРГ- да сол жылдары журналист əйелдер саяси хабарлар жүргізу құқын алу үшін күрес жүргізген, т.б. Ал Кеңестер Одағының идеологиясы өзіндік бағыт-бағдарымен дамып отырды» [Кирилина 1999, 53-54 бб.]. Екіншіден, батыспен салыстырғанда, кеңестік тіл білімінде жыныс мəселесіне жете мəн берілмеді [Рябов 2002]. Жыныс тілде грамматикалық тек (род) категориясы жəне экстралингвистикалық категория ретінде ғана танылды. Көбінесе морфология, грамма- тика, лексикология аясында қарастырылып келді. Феминистер талап еткен тілдік өзгерістердің бірқатары ішінара (тетрадь ученика(цы), родился(лась) кездесетіндігін айта келіп, А.В. Ки- рилина феминистік, постмодернистік дискурс орыс тіл білімінде орын алған жоқ. Алайда ол аталған мəселенің болмауында емес, дискурсивтік тəжірибенің сəйкесінше қалыптаспағандығынан деп түсіндіреді. Сондықтан гендерлік зерттеулер кеңес заманынан кейін пайда болған деуге келмейді дейді [Кирилина 1999]. Бұған осы салада жүргізілген зерттеу жұмыстарына талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.

Орыс тіл білімінде жыныс мəселелері (гендер термині пай- да болғанға дейін) басқа лингвистикалық пəндер аясында қарастырылып келген. Гендерге дейінгі мұндай зерттеулер екі бағытты қамтыды.

  1. Психолингвистикалық жəне əлеуметтік-лингвистикалық зерттеулер – əйелдер мен ерлерге тəн ауызша жəне жазбаша мəтіндердің ерекшеліктері, сөйлеушінің жас-жыныс айырмашылығы- ның тілдік қарым-қатынасқа ықпалы, ассоциативтік тəжірибе жүргізу кезіндегі жыныс факторының рөлі.
  1. Əйел жəне еркек аталымдарына байланысты зерттеулер мен тек (род) категориясына қатысты мəселелер.

Енді осылардың кейбіреуіне тоқталып өтелік. Алғашқы еңбектердің бірі ретінде, Т.Б. Крючкованың зерттеуін атауға бо- лады. Ол көркем проза тіліне статистикалық талдау жүргізіп, əйел авторлар мен ер авторлардың сөз таптарын қолдану жиілілігін анықтады. Автор əйелдер шығармасында есімдіктер мен демеулік шылаулар, ерлер шығармасында зат есімдердің жиі қолданылатынын дəлелдеді. А.А. Вейлерт ауызекі сөйлеу тілінде əйелдер етістіктер мен жалғаулықтарды көп пайдаланса, еркек- тер сын есімдер мен үстеулерді жəне абстрактілі зат есімдерді көп қолданатынына көз жеткізді. О.А. Рыжкина мен Л.И. Реснянская бір ғана лексеманың еркек пен əйел танымында əр түрлі (жағымды/ жағымсыз) қабылданатындығын анықтаса, Л.Р. Мошинская сөй- леушінің жас-жыныс ерекшелігінің тілдік қарым-қатынасқа тигізетін ықпалын зерттеген.

Кеңестік, одан кейін ресейлік гендерлік тіл білімінің айрықша белгілері ретінде еркек пен əйелдің сөйлеу тілін зерттеуге бағытталған тəжірибелерді (эксперименттерді) атауға болады.

Бастапқыда тəжірибелік зерттеулер Мəскеу зиялыларының от- басында жүргізілді. Ғалымдар [Земская, Китайгородская, Розанова 1993, 90-136 бб.] бақылау нəтижелерін талдай келіп, төмендегідей қорытынды жасады:

  • тілдесім кезінде əйелдер əңгіме тақырыбын жиі өзгертіп, сөйлеушімен арадағы қарым-қатынасты үзбей, жалғастырып отырады. Ерлер жаңа тақырыпқа тез арада қосыла қоймайды, көбінесе енжарлық білдіріп, өзіне қатыссыз əңгімеге назар салмайды;
  • əңгіме барысында əйелдер өзінің немесе айналасын- дағылардың (жақындарының, т.б.) өмір тəжірибесінен жиі мысалдар келтіріп отырады. Ал ер адамдар мамандығы, жұмысы жайында көп сөз қозғайды. Соған сəйкес, олардың тілінде терминдік сөздер басым;
  • əйел тілінде де, ер тілінде де экспрессивтік сөздер қатары мол. Стилистикалық жағынан əйелдерде əсірелеу, бағалауыштық басым болса, ерлерде қарсылық білдіру, дөрекі мəндегі сөздер орын алған;
  • ер мен əйел тілінің ассоциативтік өрісі түрлі суреттеулер- мен байланыстырылады. Мəселен, спорт, аңшылық, кəсіби, əскери сала (ерлер үшін) жəне табиғат, жан-жануарлар, ай- нала қоршаған орта (əйелдер үшін).

Мұндай айырмашылықтарды əйел мен еркек тілінің арасын- дағы өткел бермес шекара емес, қолданыстағы үрдіс деп түсіну керек дейді авторлар.

Келесі топ зерттеулер (Вул, Горошко, Гомон) алдымен кеңестік кезеңде (Ресей, Украина) криминалистік сараптауларға қажетті материалдар ретінде жинақталып, кейіннен гендерлік лингвисти- ка ғылымында ер мен əйел тілін зерттеудің практикалық бағытын қалыптастырды. Олар еркек пен əйелдің сөйлеу тіліндегі сəйкестілік белгілерді анықтап, диагностикасын жасауды көздеді. Соның ішінде тілдік ұқсастыруға (имитациялауға) қажетті ер мен əйел тілінде жиі қолданылатын, ерекше байқалатын жəне аса байқала бермейтін астыртын белгілерді топтастыру маңызды болды. Мəселен, əйелдерде тамақ əзірлеу, сəн үлгілері, балалар тəрбиесі, үй тірлігіне қатысты, ал ерлерде техника жөндеу, үйішілік құрал-саймандармен жұмыс, спорттық жаңалықтармен байланысты қалыптасқан тілдік ерекшеліктерді аталған əдісте пайдалану қолайлы болды. Күрделісі – əйел/ер атынан құрастырылған мəтінде ердің/əйелдің жазу тіліне тəн психолингвистикалық дағдылардың болуы [Гомон 1990, 96 б.].

Алайда ілгеріде келтірілген гендерлік тілдік талдауларға қатысты қарама-қайшылықты пікірлер де баршылық. Ғалымдардың бірқатары гендерлік зерттеулерде жыныс өкілдерінің тілдік ерекшеліктері əлеуметтік топтарға қатысы, мəртебесі, білім деңгейі тұрғысынан қарастырылуы керек. Оған қоса, түрлі тілдік жағдаяттар мен қоғамдағы өзгерістер де ескеріліп отырғаны жөн деп санайды. Айталық, жапон тілінде ертеден қалыптасқан дəстүр бойынша еркек пен əйел тілінің айырмашылығы сақталған. Ол ерлер мен əйелдер қолданатын қосымшалардың əртүрлілігінен, бір заттың түрліше ата- луынан жəне т.с.с. көрінеді. Алайда жапонның жас қыздар жұмыс орнында «əйел тілі» нұсқасын емес, ерлерге тəн тілдік амалдарды пайдаланғанды тиімді көреді [Коробцева 2001, 163-164 бб.].

Е. И. Горошко [1996] жүргізген гендерлік тəжірибе, білім деңгейі, жас ерекшелігіне қарай, тең екі топқа (60 əйел мен 60 еркек) бөлінген

(2030 жас аралығы жоғары білімді, 35-45 жас – орта, орта арнау- лы техникалық білімді). Сынақ түрі бірнеше тақырыптың біреуіне шығарма жазу болды. Статистикалық талдаулармен қоса жазба мəтін 97 өлшем (параметр) бойынша анықталды. Олар: мəтіннің көлемі, синтаксистік құрылымы, сөз таптарының қолданысы, грамматикалық қателер, т.б. Зерттеу нəтижесі жыныстардың түр- лілігі (множественность пола) олардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне, əлеуметтік белсенділігіне тəуелді екенін байқатты. Интел- лектуалды қызметпен айналысатын жоғары білімді тұлғалар арасын- да гендерлік айырмашылықтар аз кездесетіндігі анықталды. Жоғары білімді əйелдер құрастырған мəтіндер ерлермен салыстырғанда, көлемді əрі сөз бен сөйлем саны едəуір көп болды. Сонымен қатар жыныс өкілдерінің сөз таптарын қолдану жиілілігіне мəн берілді (ер- кектер зат есім, сын есім, сан есімдерді, ал əйелдер етістіктер мен демеулік шылауларды жиі пайдаланатындығы анықталды). Орта білімді топтар арасында əйелдер сөз байлығымен жəне күрделі синтаксистік құрылымдарды жиі қолдануымен ерекшеленді.

Е.И. Горошко жүргізген зерттеулердің келесі бір бөлігі ассоциативтік   тəжірибеге   негізделген.   Бұл   кезеңдегі    зерт- теу қорытындылары алдыңғы нəтижелерімен толықтай сəйкес келмеді. Ассоциативтік əрекеттердің гендерлік ерекшеліктері ғалым зерттеулерінде жүйелі сипатталған [1996; 2001]. Ғалым 8 жыл көлемінде 2000 адам қатынасқан 11 түрлі тəжірибе жасаған. Ол гендердің тілдік санаға ықпалын зерттеу мақсатымен еркек пен əйел ассоциациясына талдау жүргізген. Нəтижесінде гендер кате- гориясынан əлеуметтік те, мəдени-символдық та компоненттердің табылатынын жəне олардың бейнесі тілдік сана құрылымынан көрініс табатынын дəлелдеді. Анықталған эмпирикалық тəжірибе гендерді стратификациялық категория ретінде қарастырудың тиімді тəсіл екендігін айқындады. Бұл зерттеу А.В. Кирилинаның

«тілдегі адам бейнесін жасайтын үлгі қалыптастыру» қажеттігі туралы ойымен ұштасып жатыр. А.В. Кирилинаның пікірінше, мұндай үлгі жалпыадамзаттық деңгейді де, сонымен қатар жеке гендерлік деңгейді де анықтай алады, олардың өзара қатынасын да зерттеуге мүмкіндік береді [2004, 239 б.].

Еркек пен əйелдің сөйлеу əрекетіне қатысты зерттеулерге жүгінсек, сөйлеуші тұлғаға бірнеше əлеуметтік жағдайлар əсер ететіні белгілі болды. Солардың маңыздысы мыналар:

  1. Сөйлеушінің гендерлік болмысы. Гендерлік болмысы де- генде оның биологиялық жынысы емес, əлеуметтік рөлі (қоғамда əйел не еркекке тəн деп танылған мəдени нормалар, сонымен қоса, тілдік белгілер) түсініледі. Бұл ретте белгілі бір мəдениетке тəн еркектік, əйелдік таптаурындардың тілдегі көрінісін ескерген жөн.
  2. Ауызша немесе жазбаша қарым-қатынас тілінің ерекшелік- тері. Бұл мəселе гендерлік қырынан əлі қарастырылмаған. Мəселен, ағылшын тіліндегі кішірейту мəнді сыпайы формалар əйелдердің сөйлеу стилін айрықшалайды. Ал «орыс тілінде кішірейту фор- маларын ерлер де қолданады. Мұндай тілдік қолданыстар əдетте қонақ күтуде, азық-түлік сатып алу кезінде (тағам атауларын кішірейтіп атау), дəрігер мен науқас арасындағы медициналық тілдесуде, ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста, т.б. жиі байқалады. Ендеше, түрлі қарым-қатынаста еркек пен əйелдің сөйлеу тілінен көрінетін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді арнайы зерттеу қажет» [Мошинская 1978, 125 б.].

А.В. Кирилина əр түрлі зерттеулерден алынған мəліметтердің қарама-қайшылығы зерттеу əдістерін жетілдіруді талап етеді: біріншіден, адамдардың үлкен тобын құрайтын ірі жобаларды іске асыру керек; екіншіден, еркек пен əйелдің сөйлеу əрекетіне себепші факторларды (жасы, білім деңгейі, əлеуметтік мəртебесі, қарым-қатынас жағдайлары) ескеру қажет дейді [1999, 61-63 бб.].

Тағы бір атап өтерлігі, гендерлік бағыт Украинада да қарқынды дамып келеді. 1994 жылы құрылған «Адам: тіл, мəдениет, таным» атты халықаралық зерттеу орталығы гендерлік мəселелерге қатысты жинақтар шығарды. Олардың басым көпшілігі психолингвистикалық бағыттағы гендерлік зерттеулер. Соның ішінде еркек пен əйелдің сөйлеу    əрекетіндегі    айырмашылықтарды   адам    миы    жарты шарларының асимметриялық қызметімен байланыстыра зерттеу қолға алынған. Осы қатарда А. Холодтың [1997] еркек пен əйелдің ассоциативтік өрісін зерттеуге арналған еңбектерін атап өтуге болады. Зерттеушілердің ендігі бір тобы əйел мен еркек аталымдарын, олардың жасалу жолдарын, шығу тарихын жəне тек (род) кате- гориясы мəселелерін қарастырған. Бұл ретте тілдегі жыныстық айырмаға байланысты А. Кронгауздың, тек категориясы мен жы- ныс категориясының қатыстылығы жөнінде А.М. Шахмайкиннің, əйел аталымдарын зерттеген Н.А. ЯнкоТриницкая, М.В. Китайго- родская, т.б. еңбектерін атап өткен жөн.

Ал ХХ ғасырдың 90-жылдарының орта тұсынан бастап ген- дерлік мəселелер Ресей мен Украинада арнайы зерттеле баста- ды. Алғашқы кезеңде ғалымдар (А.В. Кирилина, Е.И. Горошко, И.Г. Ольшанский) гендердің жалпыəдіснамалық, онтологиялық мəселелеріне назар аударды. Шетелдік зерттеушілердің тұжырым- дамалары сараланып, гендерлік-лингвистикалық зерттеулердің тиімді əдістері мен əдістемелері қарастырылды. Гендерге дейін жүргізілген зерттеулер жүйеленді.

Солардың ішінде гендерлік лингвистика ғылымының қалып- тасуы мен даму кезеңдерін жүйелеп, негізгі бағыттарын саралаған іргелі еңбек ретінде А.В. Кирилинаның [1999] зерттеу жұмысын атауға болады. Ғалым жыныс онтологиясы, жыныс түсінігінің философиялық негіздері мəселесіне тоқтала келіп, орыс тілінің атауыштық жүйесіндегі гендерлік таптаурындарды неміс тілі мате- риалдарымен салыстыра отырып талдау жасаған.

Тек категориясының прагматикасы мен семантикасы жөнінде диссертациялық жұмыстар (В.В. Демичева; О.И. Еременко) жазы- лып, психолингвистикалық талдаулар жүргізілді.

Еуропа тілдерімен салыстыра зерттеу мəселесі О.Н. Колосова (ағылшын тілі), Е.М. Бакушева (француз тілі), т.б. еңбектерінде қарастырылды. О.Н. Колосова гендерлік категориялаудың когни- тивтік актілеріне тоқталса, Е.М. Бакушева жыныстық жіктелімнің прагматикалық, құрылымдық, эмотивтік сипаттарын түсіндірген. Е.Ф. Гончаренко еңбегінде көп зерттеле қоймаған аударма мəселесі гендерлік қырынан талданады.

Əлеуметтік-психолингвистикалық бағыттағы гендерлік зерт- теулердің қатары ассоциативтік талдаулармен толығып, жаңарып отырды. Олардың бір тобы ақпарат берушілерді жынысына қарай жіктесе, екіншілері фемининдік-маскулиндік белгілеріне қарай ажыратып, гендерлік белгіленген (маркерленген) лексика мен гендерлік таптаурындарға талдау жасау арқылы түсіндіреді. Ассоциативтік зерттеулердің басым көпшілігі салғастырмалы түрде жүргізілген: орыс-неміс тілдері материалдары бойынша (А.В. Кирилина; орыс-испан (Ю.Н.   Караулов);   орыс-қазақ (Н.В. Дмитрюк ); орыс-татар (М. Р. Курбангалиева), т.б.

Лингво-мəдениеттанымдық бағытта фемининдік жəне маскулин- дік таптаурындардың тілдегі көрінісі (А.В. Кирилина, Д.Ч. Малишев- ская, С.А. Коновалова, М.Д. Городникова), «еркектік» (мужествен- ность) жəне «əйелдік» (женственность) категориялары (В.Н. Телия), гендерлік метафоралар (Е.С. Гриценко) қолданысы (еркектік немесе əйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) жəне мəдениетаралық қарым-қатынас деңгейінде (О.В. Рябов) тағы басқа зерттеулер жүргізілуде. Осы са- лада іргелі зерттеулер жүргізіп келе жатқан ғылыми мектеп – Мəскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ғалымдары.

Ғалымдар гендерлік таптаурындар мен асимметриялардың əлеу- меттік қатынастардың андроөзектілікке қатыстылығы мəселесіне ерекше назар аударып келеді. Олар андроцентризмнің өлшемі барлық тілдерде бірдей емес, яғни анық байқала бермейді, бірақ жалпыадамдық (метагендерлік деңгей) сипаттауларда айқын білінеді. Сондықтан адамның тілдегі көрінісін қарастыру метагендерлік деңгей мен маскулиндік немесе фемининдікті (гендерлік) қамтып, олардың байланысын зерттеуге мүмкіндік береді дейді.

Айталық, қазіргі орыс анекдоттарында ер адам бейнесі əлеумет иесі ретінде күшейтіліп көрсетіледі де, əйел адам оған қосыша ны- сан түрінде ғана көрінеді (Слышкин). Ал фразеологизмдерде, ми- фологияда, соның ішінде орыс халық ертегілерінде (Коновалова) əйел бейнесінің гендерлік рөлі басым. Бір ерекшелігі, орыс тілі фразеологизмдерінде неміс тілімен салыстырғанда, əйел образы (əлеуметтік орны, туыстық қатынастары, өмірлік кезеңдері, қасиет-қабілеті, т.б.) жан-жақты сипатталған. Осы салада іргелі зерттеу жүргізген В.Н. Телия пікірінше, «для русского обыденного самосознания нехарактерно восприятие женщины как слабого пола и противопоставление ее «сильному полу»: эти сочетание, вышед- шие из книжноромантического дискурса, не стали принадлежностью обиходнобытового употребления языка». Телия монографиясының бір тарауы əйел концептін зерттеуге арналған.

Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын дөрекі, балағат сөздерді гендерлік   қырынан   зерттеу   мəселесі   де   ғалымдар (В. Буй, В.И. Жельвис, т.б.) назарынан тыс қалмаған. Соңғы уақытта лингвомəдениеттанымдық бағыттағы зерттеулер гендерді ментальдік жəне этномəдени қырынан қарастыра бастады.

Орыс тілі мен мəдениеті материалдары негізінде тіл ғылымында маскулиндік зерттеулер (А.С. Синельников, М.Ю. Тимофеев) де бой көрсете бастады. Олар ерлерге арналған журналдардағы кей- бір айдарларға (əскери тақырыптағы анекдоттар, бизнес-са- уалнамалар, т.б.) талдау жүргізу арқылы «мужик», «мужчина» сөздерінің мағыналық өрісін, қолданылу жиілілігін зерделей отырып, ер адамның гендерлік этномəдени сəйкестілігін ашып беруді мақсат еткен. Сонымен бірге қоғамда қалыптасқан ер адамдық нормаларды ажыратып, ерге тəн тілдік белгілердің ерекшеліктерін айқындап, ер жынысының əлеуметтік құрылымдануын анықтауды көздейді.

Коммуникативтік-дискурстық аядағы ізденістер, дискурстың түрлеріне қарай, жеке адамның қатысымдық əрекетіндегі гендердің лингвистикалық құрылымдануын, əлеуметтік сəйкестілік ұстанымы тұрғысынан еркек пен əйелдің сөйлеу əрекеттерін зерттеуге бағытталған. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде жарнамалық (И.А. Гусейнова, М.В. Томская), саяси дис- курс С.К. Табурова, Е. С. Гриценко) гендерлік қырынан талданады.

Гендерлік лингвистиканың ұғымдық аппаратын қалыптас- тырып, жаңа ғылыми пəн ретінде теориялық негіздеу үшін лексикографиялық зерттеулер де (А.А. Попов) жүргізіліп келеді. Соның куəсі – 2002 жылы жарық көрген «Гендерлік терминдер сөздігі» («Словарь гендерных терминов»). Соңғы жылдары жари- яланып жатқан еңбектердің мол тасқыны, конференция, семинар, ғылыми форумдардың (Гендер: Тіл. Мəдениет.. Коммуникация (Гендер: Язык. Культура. Коммуникация) атты халықаралық кон- ференция. Мəскеу, 19992003)) тұрақты өткізілуі, арнайы ғылыми бөлімшелердің ашылуы Ресей тіл ғылымында аз уақыттың ішінде өзіндік дəстүрі бар, тіл мен қарым-қатынасты гендерлік қырынан зерттеуді мақсат тұтқан ғылыми бағыт лингвистикалық гендеро- логия немесе гендерлік лингвистиканың қалыптасуына мүмкін- дік туғызды.

Қазіргі уақытта орыс тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер бір- бірімен өзара байланысты үш бағытта көрініс береді. Атап айтқанда: əлеуметтік-психолингвистикалық, коммуникативтік-дискурс- тық жəне лингвомəдениеттанымдық бағытта өрістеуде.

Қысқасы, гендеролог ғалымдар ұсынған жалпы ғылыми қағидалар мен жеке ғылыми тұжырымдардың гендерлік лин- гвистиканың теориясы мен əдіснамасын қалыптастыруда, тер- минологиялық жүйесін жетілдіруде маңызы зор.

Қазақ тіл білімінің гендерлік бағытының даму ерекшеліктері

 а) Қазақ тілінің гендерлік қырының этнографиялық пай- ымы. Кез келген халықтың гендерлік болмысы ғасырлар бойы қалыптасады, дамиды. Қазақ халқының гендерлік болмысы да ғасырлар жемісі. Қазақ тіл білімі қалыптасқанға дейін, қазақ тілін- дегі гендерлік бірліктер (единицалар) бірден гендерлік лингвисти- калық сипат алған жоқ, халықтану бағытында – қазақ халқының этнографиясы мен ауыз əдебиетін, мəдениетін зерттеушілер тара- пынан гендерлік мəнбір (факт) ретінде хатқа түсті, екі жыныс орай- ында қазақы ерекшелік ретінде сөз болды.

Қазақ тіл білімінде гендерлік факторлар бұрын да назарға іліккен, атап айтқанда, қазақ ағартушы, зиялылары Ш.Уəлиханов, Ы. Алтынсарин, т.б. ғылыми, ғылыми-этнографиялық еңбектерінде ескеріліп отырған.

Ағартушылық мəдениеттегі негізгі тетік – адам. Шоқан Уəлиханов сыртқы əлемге «дала адамын» түсіндіруді көздеді. Осы мақсатпен ол қазақ жəне қырғыз халықтарының аңыздарын, салт- дəстүрін, діні мен тілін зерттеді. Ғалым бұрыннан қазақтар арасын- да кең тараған тəңірлік дін мен шамандықтың маңызын көре білді, мұсылмандықтың мəдени-тұтастық қызметіне назар аударды. Оның «Қазақтардағы шамандықтың іздері», «Қашқария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы», т.б. ғылыми- этнографиялық еңбектерінде қазақ жəне басқа түркі халықтарының мəдениетіне энциклопедиялық талдау жасалған. Солардың ішінде жыныстың мəдени-əлеуметтік мəнін айғақтайтын тілдік деректер мол. Мəселен, əйел тілінің дəстүрленуін ол былай түсіндіреді:

«Қазақтарда от – үйдің киесі, шам-шырағы, сондықтан да жаңадан түскен жас келіншек үлкен үйдің отына тағзым етуге (сəлем ету- ге) тиіс. Бұл салт (жаңа түскен жас келіншектің отқа тағзым етуі) моңғолдарда неке қию үрдісінде жасалады. Моңғолдарға қарағанда, қазақтарда отқа табыну үрдістері ұмытыла бастағаны сезіледі.

…Жаңа түскен жас келін əуелі өз отауына кірмес бұрын, атасының үйіне кіріп, тағзым етуі тиіс, содан соң қалыңдық атасының отына бір қасық май тамызуы керек. Бұл ырым-кəдені

«отқа май құю» дейді. Жас келін сəлем еткенде, «аруақ риза бол- сын» деп тізе бүгіп, еңкейіп «От ана, Май ана, шапағатыңды тигізе көр!… дейді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің жанындағы əйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, осы кезде отағасы ошақ жақтағы тулақты нұсқап, жас келінге отыр деген белгі беріп: «иін қандырып илеген тулақтай, мінезің жұмсақ болсын қарағым» деп батасын береді».

Ш. Уəлиханов зерттеулерінде гендерлік атаулар да кездеседі:

«Рухы бар, жоталы əйелдерді Елті деп атайды (олар өзінің сиқырлық өнерімен, адамдарды еліту, ұйыту – бар сана-сезімін би- леп алушы, өзіне бағындырушы). Елті сөзінің тегі қазіргі тіліміздегі еліту, олар да – «бақсы» [Валиханов 1985, 158 б.]. Осы тəріздес ғылыми-этнографиялық бағалы мəліметтер Ыбырай Алтынса- рин еңбектерінде де кездеседі. Ол өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салтдəстүрлік ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады.

Ы. Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу жəне оған ас беру дəстүрлерінің очеркі» мен

«Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату жəне той жасау дəстүрлерінің очерктері» атты еңбектері бастанаяқ гендерлік фактор ескеріле отырып жазылған [Алтынсарин 1991, 91-99 бб.]. Ол қазақтардың өлген адамдарды жерлеу дəстүрін сөз еткенде, өлген кісінің əйелі, қызы, анасы, апа-қарындастарының дауыс айтып жоқтауы, бейіт тұрғызу (бейіттің ауыл төңірегіндегі ең биік қырат-тау, суға жақын жерге тұрғызылатыны, еркектердің моласының төбесіне найза, əйелдердің моласына бақан немесе пішпек қою) рəсімдерін, т.б. баяндаған. «Орынбор ведомствосы қазақтарыныңқұда түсу, қыз ұзату жəне той жасау дəстүрлерінің очеркі» еңбегінде [Алтынсарин 1991, 95 б.] қыз аулында бола- тын «Қынаменде», «Қызқашар» ойын-сауығы, күйеу жігіт пен қалыңдықты кезіктіруде берілетін кəделер («желі аттар», «ит ырылдатар», «кемпір өлді», «отқа салар», «қол ұстатар», «шаш сипатар», «көрпе қимылдатар», т.б.) түгел дерлік сөз болады.

Гендердің дəстүрленуінің бастауы да ерте замандардан бері сақталып келе жатқан салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар мен мəдени- тілдік құндылықтар. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дəстүрлерін зерттеудегі мақсаты дəстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мəн-мағынасын ашу, озық дəстүрді тəрбиенің құралы ету еді. Сонымен бірге тілімізге Ы. Алтынсарин еңбектері арқылы енген гендерлік мақал-мəтелдер де жетерлік. Атап айтқанда, «Ерлер көп болса – отын жоқ, əйелдер көп болса – су жоқ», «Жан жолдасың – жарың», «Ер – бас, қатын – мойын», «Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді», «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу», т.б.

Тағы бір атап өтетін жайт: Қазақстанда қыздардың арнайы оқу орнында бөлек оқытылуы ХІХ ғасырдан басталады жəне бұл Ы. Алтынсарин есімімен тікелей байланысты. Əрбір болыста мек- теп ашудың қажеттігі жөнінде 1886 жылы жазылған «Қазақтың болыстық мектептері туралы записка» атты жазбасында жан- жақты негізделген. Көп ұзамай Ырғызда қазақ қыздарын оқытатын арнайы мектеп ашылды. Бұл қазақ халқының өміріндегі үлкен оқиға болды. Кейіннен Ыбырай патша əкімшілігіне қыздар училищесін ашу туралы да ұсыныс жасады. Тек екі жыл өткеннен соң ғана, яғни 1891 жылы Торғайда, одан кейін 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ поселкесінде, 1896 жылы Ақтөбеде ашыл- ды. Аталған 5 училищеде 1896 жылы 211 қыз білім алды (оның 70-і қазақ қызы, қалғаны – орыс қоныстанушыларының қыздары). Əрине, мұндай деректердің гендер мен тіл байланысын ашып көрсетуде мəні өте зор.

ə) Қазақ тілінің гендерлік қырының лингвистикалық пайымы. Тіл ғылымында гендерлік бағыт бірден пайда болмағаны сияқты қазақтың гендерлік лингвистикасының тырнақалды белгілері қазақ тіл білімі аясында ХХ ғасырдың алғашқы жарты- сында пайда болды. Қазақы гендерлік бағытты қалыптастыруда Ах- мет Байтұрсынұлы мен Құдайберген Жұбанов ғылыми мұраларын зерттеп-зерделеудің өзіндік орны бар.

А. Байтұрсынұлы еңбектерінде бұрынғыдай гендерлік атаулар емес, ер мен əйел тіліне тəн гендерлік ерекшеліктер, атап айтқанда,

«ғұрып сөзі», «қалып сөзіне» байланысты ашып көрсетілген. Соның ішінде жар-жар, беташар, жоқтау, бата (ғұрып сөзі), бесік жыры (қалып сөзі), т.б. турасындағы пікірлері гендерлік тұрғыдан пайым- далады. Ғалым зерттеулеріне сəйкес, салт-дəстүр жырларының бір тобы əйелдер ғана жырлайтын бесік жыры мен жоқтау өлең болса, енді бір тобы (беташар, бата) ерлердің үлесінде. Мəселен, «жоқтау – өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның қатыны, иə қызы, иə келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз; Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз; батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар басы бар табақты тартуға алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылады» [Байтұрсынов 1991, 428-433 бб.].

Əйел мен ер тілінің бұрынғы іздері қазір де байқалады, ол əлеуметтік, экономикалық, діни факторлардың, салт-дəстүрлердің, т.с.с. əсерімен сақталып келеді. Олар тіл жүйесінде өзіндік көрініс береді. Гендерлік бірлік, белгілер ХVІІІ ғасырда антропологтар, ХІХ ғасырда этнографтар зерттеулерінде аз-кем сөз болғаны, ХХ ғасырда Қ. Жұбанов еңбектерінде гендерлік лингвистикалық белгі бергені анық.

Қ. Жұбанов еңбектеріне жан-жақты зерттеу жүргізіп, əсіресе оның гендерлік-лингвистикалық пайымдауларына алғаш назар аударған Б. Хасанұлы: «Жалпы тіл білімінде «еркектің тілі», əйелдің тілі» деген ұғым берік орныққан. Оларға көңіл аударған бірлі-жарым ғалымдар да жоқ емес» [1992, 74 б.], – дей келіп, қазақ əйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы Қ. Жұбанов еңбектерінде алғаш гендерлік тұрғыдан сөз болғандығын атап көрсетеді [2005, 18-23 бб.].

Тіл мен адамның жыныстық айырмасына байланысты тіл қолданыс ерекшелігін Қ. Жұбанов əйел тілінің өзіндік белгілері арқылы көрсетеді: «Күншығыста əйелдер тұрмысы ерекше жағдайда болғандықтан, əйелдерге арнаулы түрлі əдет-ғұрып өзгешеліктері мұнда жиі ұшырайды. Сол əдет-ғұрып өзгешеліктерінің бірі – осы күнге шейін Кавказда армян, грузин, түріктер арасында сақталған əйелдердің ым тілі. Жаңа түскен келіншек қай жерде бір айға, қай жерде бір жылға шейін ата-енесімен дыбыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Бұл тілді армяндар «нашнауар» дейді. Нашнауар сон- дай бай, сондай ұшталған тіл. Мұнымен əйелдер сумаңдатып ала жөнелгенде дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ сияқты», – дей келіп, əр түрлі халық əйелдерінің өзіне тəн мимикалық тілі болатынын түсіндіреді. Қазақ əйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы Қ. Жұбанов еңбектерінде алғаш гендерлік тұрғыдан сөз болады: «Əйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, əйел тілінің өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі əйелдерде ғана болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» (таңданғанда), аузын быртылдату (кекеткенде). Міне, мұның соңғы екеуінде үнсіз ым ғана емес, дыбыс шығару да бар. Бірақ ды- быс айырынды (членораздельный) емес» [Жұбанов 1999, 41 б.].

Қ. Жұбановтың кейбір сөздердің этимологиясына байланы- сты айтылған пікірлері де гендерлік-лингвистикалық зерттеулер- ге негіз болары сөзсіз. Мысалы, «Қазақта ескі кездегі шамандар- ды «абыз» деп атаған. Ру құрылысы дəуірінде олар ру бастықтары болғандықтан, рудың ақсақалы, үлкені болғандықтан «абыз» сөзі барлық үлкендіктің аты болып кеткен. Əйелдің үлкенін де қазақтар – абысын, татарлар – абыстай, ағаны – абзи дейтіндер сол «абыз» ұғымынан шыққан сөздер». «Грузиннің кали, швили деген сөзіндегі шв ұл, бала деген сөз екен; осы мысалдағы шв – қыпшақ сөзіндегі шық; осы кішірейткіш -шық бала-шаға деген қос сөздегі —шаға сыңарына тең; Қырым татарлары, түрікпендер, əзірбайжандар бала деген сөзді шаға дейді. Қазіргі тілімізде ұғлан сөзі көтеріңкі немесе асқақ стильде қолданылатын лексема. Ол оғыл-оғлан-оғлақ-ұғыл- ұл деген варианттарымен бірге ер бала, ұлан дегенді білдіреді. Бұл сөз қыз эпитетімен бұл күнде қолданылмайды» деген [1999, 115- 124-284 бб.]. Ғалым қыз сөзімен түбірлес қызалақ сөзі жөнінде бы- лай дейді: «…несомненно, образована путем прибавления к основе қыз слова олақ, употреблящегося по сей день в языках Западной Сибири в значении «дитя», мальчик» [1999, 436-437 бб.]. Тағы бір атап өтерлік, ғалымның «қатын» сөзінің мəн-мағынасына байла- нысты гендерлік сипаттамасы «қатын» деген сөз ерте замандарда ханның əйелдеріне ғана арналған атау болған, кейін келе ханның уəзірлерінің əйелдерін де солай атаған, ақыр соңында байға тиген барлық əйелдерді қатын деп атап кеткен» [1999, 93 б.].

Жалпы əйел мəселесі жөнінде Қ. Жұбановтың өз пікір-байламы бар: «Ертедегі ата-бабаларымыздың ескі салт, көне дəстүрінде əйелдерге кемсітушілік көзбен қараушылық болмаған тəрізді. Күні ке- шеге дейін, əйелдер правосы совет заңы бойынша ерлер правосымен бірдей болғанға дейін, ел аузында: «əйелдердің жолы үлкен» дейтін үлгілі сөз болатын жəне сонымен əйелдердің «аң байланарлық» пра- восы да сақталып келген болатын. Осымен қатар, əйел мен еркек бір көлікке мінгесу керек болғанда «əйелдің жолы үлкен» деген ескіден келе жатқан ата дəстүрі бойынша көліктің алдына əйелді отырғызатын заң да сақталып келді. Міне, осылардың бəрі қазіргі қазақ халқының ата-бабаларының ежелгі салтының жұрнағы еді» [1999, 306 б.].

Қ. Жұбанов тұжырымы: «Тіліміздің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны білу жай əшейін мақсат емес, тілді меңгерудің бір амалы. Біз тілді меңгеріп болғанымыз жоқ, толық меңгерсек қана оны дұрыс бағытта өзгерте аламыз» [1999, 119 б.].

Н.И. Ильминский, Г.Н. Потанин, А.Н. Самойлович, Н.И. Гро- деков, Н.А. Баскаков еңбектерінде де тыйым салынған сөздер, табу, эвфемизмдермен қатар ат тергеу салтымен байланысты əйел тілінің ерекшеліктері сөз болады. Бұл жөнінде Ə. Ахметов еңбектерінде кеңінен талданады [1995, 37-43 бб.].

Қазақ тілін тұңғыш зерттеушілердің бірі Н.И. Ильминский қазақ келіндерінің халықтың берік қалыптасқан ат тергеу салтын бұлжытпай сақтайтынына назар аударған. Н.И. Гродеков келтірген деректерге қарағанда, қазақ пен қырғыздың ізетті əйелі тіпті қыз күнінде-ақ, болашақ күйеуінің жеті атасына дейінгі қыз алыспас туыстарының есімдерін атауды ұятқа санап, оларды тергеп, басқаша атаған. А. Н. Самойлович Мұстафа Шоқай жинаған деректерге сүйене отырып, оның өзі шыққан рудың, атап айтқанда, қыпшақтың, қыпшақ ішінде торыайғыр немесе торы, торының ішінде шашты, шаштының ішінде бошай, бошайдан тарайтын жанайдың ішінде қалай сақталатынын анықтайды. Мəселен, сол кездерде жоғарыда аталған аталардан жанайдан бастап, шаштыға дейін бір-бірімен қыз алыспапты да, əйелдер ат тергеу салтын сол аралықпен шектеген екен. Ғалым деректерінде қазақтағы торы руының келіндері аталарының атының бір буыны кетіп қалмасын деген мақсатпен торғай деген сөзді тергеп, оның орнына шымшық, шөже немесе жау шөже деген эвфемистік атауларды қолданған. Ал жылқыайдарлардың келіндері «жылқы» деген жалпы есім мағынасындағы сөзді де тергеп, оның орнына мінгіш немесе туар сияқты эвфемизмдерді пайдаланған деп берілген».

Ат тергеу салты Ы. Алтынсаринде де аталған: «Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аты: Көл, Қамыс, Қасқыр, Қой жəне Пышақ екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің аржағында, қамыстың бержағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні жүгіріп келіп: сарқыраманың аржағында, сылдыраманың бержағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңдер» [Алтынсарин 1955, 256 б.] – дейтін ақылды келіннің атасына айтқан астарлы əңгімесі бұл күнде табу мен эв- фемизмге қойылған ғажайып ескерткіштей, əлемдегі ең салиқалы басылымдардың бірі – Британия энциклопедиясының төрінен орын алып, дүйім дүниеге танымал болғандығын Ə. Ахметов атап көрсеткен [1995, 37 б.]. Ол: «Əлем халықтары, оның ішінде кейбір түркі халықтарының мəдениетіне де тəн, адам есімдерімен байла- нысты тыйымдардың жəне бір ерекше түрі кездеседі. Бұл тыйым магиялық тыйымдардан ептеп өзгешелеу. Өйткені ол тыйымдар негізінен адамдардың жыныс айырмашылығына байланысты тек əйелдерге тəн немесе тек ер адамдарға ғана салынады», – дей келіп, табудың жыныспен байланысты түрлерін зерттеген Э. Краулей деректерін түркі тілдері соның ішінде қазақ тілі материалдарымен салыстыра көрсетеді [Ахметов 1995, 35 б.].

Олай болса, қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипат алуы тиіс. Екінші мəселе, жыныстық айырмаға байланысты тіл саласында пайда болған өзекті мəселелерді шешу жолдарын іздестіру қажет.

Ендеше, қазақ тілі негізіндегі гендерлік-лингвистикалық зерт- теулер тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады:

  1. Жеке-дара деректерге негізделген, тіл мен жыныстың байла- нысын белгілеген гендерге дейінгі зерттеулер.
  2. Тіл мен жыныстың байланысына негізделген, гендерлік белгі алған зерттеулер.
  3. Гендерлік-лингвистикалық сипат алған зерттеулер.
Қазақ тілінің гендерлік қыры, оның гендерлік-лингвис- тикалық сипаты.

Қазақ тіл білімінің гендерлік бағыты ХХ ғасырдың соңғы жылдары, нақты айтқанда, ХХІ ғасырдың басында жекелеген ғалымдардың қазақ тіліне байланысты зерттеулерінде, қазақ тілінің кейбір гендерлік мəселесі бойынша арнайы жазылған мақалаларында, конференцияларда белгі бере бастады.

Соңғы жылдары жарияланып жатқан еңбектердің көпшілігі тіл білімінің гендерлік лингвистика саласына деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын көрсетеді. Гендерлік тілдік белгілер ар- найы зерттеу нысанына айналды, бірнеше ғылыми мақалалар жари- яланып, диссертациялық жұмыстар орындалуда. Солардың ішінде гендерлік лингвистика, əйел тілі, қыздың сөйлеу əдебі, Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының гендерлік сипаты, т.с.с. мақалалар жариялап, баяндамалар жасаған, гендер мəселелері бой- ынша диссертациялық жұмыстарға жетекшілік еткен Б. Хасанұлы, гендерлік қарамақарсылықтардың тілдегі көрінісін зерттеген З.К. Сəбитова, қазақ концептосферасына енетін ана концептін контрастивтік-лингвомəдениеттанымдық (ана/мать) қырынан қа- растырған Н.М. Жанпейісова, қазақ, орыс, ағылшын тілдері мор- фологиясы бойынша гендерлік салғастырмалы зерттеулер жүргізіп жүрген З.Ж. Түйебекова еңбектерін атаған жөн. Осы қатарға З.М. Нұржанова, Г.Б. Мамаева, В.Д. Нарожная, О.Л. Сохацкая, Г.К. Исмағұлова, А.Т. Оңалбаева, т.б. зерттеулерін де қосуға болады. ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап гендер мəселесі қазақ тілі мен өзге тіл біліміндегі зерттеулер негізінде тіл тео- риясы тұрғысынан арнайы зерттеле бастады. Ол Б. Хасанұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалым қазақ тіл білімінде гендерлік

бағытты қалыптастырудың жолдарын атап көрсетті:

  1. Салыстырмалы жəне салғастырмалы гендерлік лингвисти- ка (мысалы, морфология деңгейінде адамның есімі мен тегіне, əкесінің атына белгілі бір жұрнақтың, жалпы жұрнақ атаулының бір түрінің қолданылу-қолданылмауы; тек (род) категориясының қазіргі тілде, оның тарихында болу-болмау белгісі, т.б.).
  2. Гендерлік паралингвистика. Бұл бағыт қазақ тіліндегі ым- ишара белгілері негізінде қалыптасуы тиіс. Қазақы гендерлік па- ралингвистика тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің өмірдің көптеген салаларын (өнер, көпшілік алдындағы сөз, т.б.) дамытуға септігі тиер еді.
  3. Гендерлік лексикография. Бұл бағыт қазақ тілі мен өзге тілдердің негізінде жүзеге асуы тиіс.
  4. Гендер жəне тіл игеру. Бұл бағыттағы зерттеулер тілді жо- спарлау ісіне аса қажет.

Ілгеріде атап өткеніміздей, Б. Хасанұлы қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым Қ. Жұбановтың ғылыми мұраларын гендерлік қырынан зерттеп, бірнеше еңбек жариялады. Сол сияқты ғалым зерттеулерінде қазақ əйелінің сөз саптау ерекшелігі, оларға байланы- сты қолданылатын тілдік бірліктер, т.б. арнайы қарастырылған.

Сонымен қазақ тіл біліміндегі гендерлік бағыттың қалыптасуы мен дамуына себеп болған факторларға тоқталуға болады. Айталық, саяси-əлеуметтік фактор қоғамдық сананың гендерлік парадигмасының ауысуына жəне еліміздің   дамуындағы   сая- си, əлеуметтік, экономикалық өзгерістерге себепкер болуда. Ал лингвистикалық фактор тілдің əлеуметтік қызметін дамыту, əлемдік лингвистикада өріс алған бағыттардың кең таралуына тікелей əсер етеді. Олай дейтініміз, əлемдік психолингвистика, əлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика, гендерлік лингвистиканың қарқынды дамуы қазақ тіл біліміне де өз əсерін тигізе бастады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close