Қоғам

ГЕНДЕРЛІК ТАПТАУРЫНДАРДЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ

Таптаурын, гендерлік таптаурындар, ер бейнесі, əйел бейнесі, гендерлік фразеологизмдер, гендерлік сипатты мақал-мəтелдер, гендерлік мəнді теңеулер.

Гендер ұжымдық жəне жеке адамдық сана компоненті ретінде тілде таптаурындар арқылы көрініс табады. Таптаурын термині біржақты анықталмайды. Бірқатар зерттеулерде таптаурындар білім мен бағалаудың ерекше формасы, яғни адамның мінез- құлық, əрекетіне негізделген тұжырымдар делінеді . Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде тапта- урындар ақпаратты өңдеу мен білім деңгейінің көрсеткіші ретінде түсіндіріледі.

Көп жағдайда таптаурындарды мəдени дəстүр мен этникалық ерекшеліктерге сəйкес қалыптасқан тұрақты мінез-құлық белгілері деп тану жиі кездеседі. Ғалымдар таптаурындардың таңбалық си- патын мойындай отырып, олардың барлық уақытта сөзбен (вер- балды) білдіріле бермейтінін айтады. Бейнелі ойлы таптаурын- дар тілдік жəне басқа семиотикалық код арқылы (кинесика, көру бейнелері, т.б.) белгіленуі мүмкін [Щепанская 1991, 17-29 бб.].

Таптаурындарды ассоциацияның сұрыпталып, жадыда дағ- дылы түрде сақталып, санада белгілі бір ақиқат дүниені та- ныту үшін қолданылатын тұрақты таңбаға ие болған түрі деп анықтайды. Алдымен ақиқат дүниені тану барысында ассоциация қалыптасады. Жалпыадамзаттық сипатқа ие болған деңгейінде ас- социация таптаурынға айналады. Демек, білімнің (когницияның) көрсеткіші болып саналатын ассоциация жеке адамға тəн болса, таптаурын жалпыадамзаттық, ұжымдық санаға тəн.

Таптаурын көбінесе адамды, адамның мінез-құлқын, адамға тəн ерекшеліктерді тануда қолданылатын білім құралы болса, ассоциация кез келген зат пен құбылысты танытуда қолданылады. Бірақ екеуі де санадағы когнитивтік үлгіні қалыптастыратын құрылым- дық мүше болып саналады [Маслова 2004]. Таптаурындардың ішінде біз үшін маңыздысы – гендерлік таптаурындар. Таптаурын- дар – бұл əлеуметтік феномен. Олар əлеуметтік-мəдени тетіктермен байланысты. Мінез-құлық қалпы қоғамдық стратификацияға қа- тысты. Сондықтан гендерлік таптаурындарды бір жағынан, еркек пен əйелдің таным-түсінігі тұрғысынан, екінші жағынан, ұжымдық қоғамдық сана тұрғысынан қарастыру заңды құбылыс. Олар бір- бірімен тығыз байланысып келетіндіктен, айырмашылығын тек ғылыми түрде ерекшелеп көрсетуге болады [Байбурин 1985, 8 б.].

Ілгеріде атап көрсетілгендей, жыныс тұлғаның тек биологиялық ерекшелігі ғана болып табылмайды. Ол институттуалданған жəне жоралғыланған (ритуалданған). Сондықтан гендерлік таптаурындардың тілдегі көрінісін зерттеу орынды. Белгілі бір мəдениетте əрбір жынысқа белгіленген бірқатар міндетті нор- малар мен бағалаулар гендерлік мінез-құлықты реттеп отыра- ды. Сонымен бірге ол жыныс өкілдерінің өмір сүру жағдайына, этникалық ерекшеліктеріне, білім деңгейіне байланысты көп түрлі болуын анықтауды қажет етеді. Мұның барлығы мінез-құлықтың вариативті (түрлендіруші) жəне реттеуші (регламинтивті) нормалары бар екенін көрсетеді.

Феминистік жəне маскулиндік концептілер əрбір мəдениетте кездеседі, олар салт-дəстүр, фольклор, мифологиялық санада, тілде, т.б. көрініс табады. Гендердің аксиологиялық шкаласы мен таптау- рындануы барлық мəдениетте бірдей емес. Сондай-ақ əр мəдениетте еркек пен əйелдің əлеуметтік рөлі де əр түрлі болып келеді. Олар қоғамдағы түрлі нормаларға сəйкес реттеліп отырады. Сөйтіп, реттел- ген мінез-құлық əрекеті адам санасында таптаурынданады, кейін ол «дұрыс/дұрыс емес» жүйесі бойынша ұжымдық санада жүзеге асады. Гендерлік таптаурындар деп əлеуметтік-мəдени тұрғыдан белгіленген ой-пікірлерді танимыз, сондай-ақ жыныс өкілдерінің мінез-құлық нормалары қасиеттері, атрибуттық пікірдің ақиқат бөлігінің тілдегі көрінісі деп білеміз. Демек, еркектік пен əйелдік ұғымдарын зерттеуде ұжымдық санаға тəн тілде қалыптасқан гендерлік таптаурындарды анықтау қажет.

Гендерлік таптаурындар тілдің барлық деңгейін қамтиды. Қазақ тіліндегі гендерлік таптаурындар көбінесе халықтың атадан балаға көшіп отыратын əдет-ғұрып, мінез-құлқы, салт-дəстүрлері арқылы үлгіленген. Ол əсіресе өмір құбылыстарын жан-жақты қамтып, қоғамдағы əр түрлі қарым-қатынасты нақыштап жеткізетін тіл қазынасы фразеологизмдер мен мақал-мəтелдерден, тұрақты теңеулерден көрініс табады.

Қазақ тілінің лексика-паремологиялық ,жүйесіндегі гендерлік таптаурындар

а) Фразеологиялық сипаттағы гендерлік   таптаурын- дар. Халықтың басынан өткен, өмір шындығына сай туған, та- лай дəуірден елес беретін тіл қазынасы фразеологизмдерде əйел мен ер жынысын бейнелейтін гендерлік образды тіркестер мол қамтылған [Кеңесбаев 1977]. Енді солардың əрқайсысына жеке- жеке тоқталайық.

Тілімізде қызға байланысты (қызға қарата айтылатын) гендер- лект фразеологизмдер ерекше орын алады:

  • Қызға əдетте сұлулық пен əсемдік тəн. Тұрақты сөз тіркестерінің басым көпшілігі қыздың сұлулығын, жан-дүние, сезім- күй, мінез-құлық əдептілігін дəріптеген: күлім көз, құралай көз, қалам қас, қиғаш қас, қаймақ ауыз, оймақ ауыз, алма бет, ақша маңдай, қолаң шаш, ақ тамақ, бұраң бел, ауызға үріп салғандай, жамалына көз алмасты, атқан таңдай, хор қызындай, айдай сұлу, айдай таза, күндей нұрлы, кірпік астынан көз тастады, көзін сүзді, қызда қырық есекке жүк болатын айла бар, қызға қырық үйден тыю, салиқалы қыз, он екі де бір гүлі ашылмаған, наз көрсетті, т.б.
  • Гендерлік фразеологизмдердің келесі бір тобы қызды бой- жеткен, қалыңдық (жігіттің көңіл қосқан сүйген адамы, жүріп жүрген қызы) бейнесінде дараландырған. Мысалы: айттырған қыз, ақ шымылдық (жас ару мүлкі), жат жұрттыққа жаралған, күйеуге тиді, қалың мал, қыз жасауы, қыз енші, қыз көші, қыз танысу, қыз ояту, қыз қашар, сыңсу, тұрмысқа шықты, тесік моншақ жерде қалмас, оң жақ, обалы 41 жылқыға (ұзатылған, қалың малға сатылған қыз туралы), отау үйі, отауға салды, шаш сипар, т.б.
  • Қыз мінезіне жат қылықтарды атап, кекесін мəнде жұмсалатын гендерлектілер: еркек шора, қыз теке (еркекше киінетін қыз), шүйке бас, шөп желке.

Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, халық ұғымында қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерінен қыздың өзгелерден ерекше гендерлік бейнесін (қыз – ару, қыз – бойжеткен, қыз – қалыңдық) саралауға болады.

Əйел бейнесіне қатысты гендерлектілік фразеологизмдер де жеткілікті. Бұл топтағы тұрақты сөз тіркестерін өз ішінен əйел – ана, жұбай, келін, қатын лексемаларына жіктеп көрсетуге бола- ды. Гендерлект фразеологизмдердің басты бөлігі əйелдің ана болу, дүниеге сəби əкелу рөлімен байланыстырылған. Атап айтқанда: аман-есен қол-аяғыңды бауырыңа алдың ба? ақ сүт берді, айы-күні жақындады, аяғы ауыр, бір кіндіктен, бала тапты, бедеу болды, жылы құшақ, (ана құшағы), құрсақ шашу, құрсақ көтерді, құрсақ той, қалжа жеді, толғағы жетті, шілдехана күзетті, т.б. Бұл келтірілген гендерлектілер астарында бір жағынан халқымыздың салт-дəстүр, жоралары бейнеленген. Сонымен қатар əйелдің кескін- келбеті, жүріс-тұрысы, мінез ерекшелігін (жағымды-жағымсыз) си- паттайтын гендерлектілерді де ажыратуға болады: ару шешей, ал- тын басты əйел, мініскер əйел; ер жанды, майлы қолтық, салпы етек, сарыкідір əйел, көкайыл, ошақтың үш бұтынан шықпады, т.б. Ендігі бір топ гендерлік фразеологизмдер стильдік жағынан ерекшеленіп, əйелге қарата айтылатын алғыс (тілек, бата) жəне қарғыс сөздерді қамтиды:

а) алғыс мəнді гендерлік фразеологизмдер: менің қолым емес, Бибіфатиманың (Бибатпаның) қолы (толғатып жатқан əйелге айтылатын тілек), ұл тап (бата-тілек);

ə) қарғыс мəнді гендерлік фразеологизмдер: Ақша бетің тілінсін! Жүзі қара! Марту басқыр! Қара шашы жайылсын! Тұл қалғыр! Салдақы қар! Шұнақ қар! Ақша бетің тілінсін!, т.б.

Əйел – ата-енесіне, ауылына келін. Тіліміздегі гендерлік фра- зеологизмдердің бірқатары келінге (келіншекке) қатысты. Мəселен, босаға аттады, бет ашар, жас иіс, жас жауқазын сарымсақтай (уыз келіншек), желегі желкілдеді (жаңа түскен келінге айтылады), келіншек көші, келіншек түсті, шашу шашты, қайын сіңлі, т.б.

Қазақ əйел жынысының ішінде қатынды төмендеу қойған. Əйел бойындағы жағымсыз қылықтар мен əрекеттерді қатынға балаған, қатын ұғымымен түсіндірген. Мұны мына мысалдардан байқауға болады: күндес қатын, қатын өсек, қатынның қырық жаны бар, қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын таба ма? төмен етекті қатын, т.б.

Əйелдің сөйлеу əрекетінде жиі кездесетін кинемалар (ым- ишара, дене қозғалысы, т.б.) тұрақты сөз тіркестеріне негіз болған, гендерлік айырмашылықтар тудырған. Мысалы: беті шие болды (ерін жоқтап, бетін жыртып қан етті), бетін шымшыды, ернін шығарды, ернін шүйірді, жоқтау салды, шашын жайды, т.б.

Əйелге тəн гендерлік фразеологизмдердің бір тобы «етек» образымен сабақтастырылған. Олар көбінесе əйел жынысының жағымсыз іс-қылығын, мінез-құлқын бейнелейді. Мысал келтірелік: етегі ашылды, кең балақ, жалпы етек, сары ала етек сарпылтаң, салпы етек т.б.

Гендерлік фразеологизмдердің үлкен бір тобын ер бейнесін сипаттайтын гендерлектілер құрайды. Ерге қатысты гендерлік фразеологизмдердің ішінде батыр образын сомдаған халық ауыз əдебиетіне тəн тіркестер басым. Олар: аңғал батыр, батырдан сауға, мергеннен сыралғы, ер қаруы – бес қару, жеке батыр, жалаң төс, жүнді балақ батыр, кеуде соғар батыр, қапсағай денелі, нар бурадай шабынды, сайып қыран, т.б.

Ер жынысына тəн фразеологизмдердің көпшілігі жігіттің гендерлік бейнесін ерекшелеп көрсетеді. Мысалы: алпамсадай жігіт, аруақты жігіт, бағлан жігіт, жігіт ағасы болды, жұпар кіндік, жастық шақ, (жігіттік кез), зіңгіттей жігіт, жігіттің сырттаны (ең жақсысы), күйеу жолдас, қылшылдаған жігіт, сүр бойдақ, сомадай жігіт, ұрт жігіт, от жігіт, омыртқасы түзу жігіт, (білімді, ақылды, іскер жігіт), т.б. Ер адамның бітім-тұлғасын, қарым-қабілетін, мінез-қасиеттерін ерекшелейтін портреттік фразеологизмдер де баршылық. Атап айтқанда: қу мұрт, қияқ мұрт, дудар шаш, қылаң сақал, ақ сұңқар, есіл сабаз, арыстан жүректі, ерлік буды, марқасқа, өрен ер, атқа мінер (пысық, белсенді), сегіз қырлы бір сырлы, сылқым сері.

Бір алуан гендерлектілер ер жынысын əйелдің ері, жұбай, ер- кек бейнесінде суреттейді. Мысалы: аяқ шырмады, əйелжанды, қатыны күмəнды (əйелі екі қабат), қатын алды, қатын өлді – қамшының сабы сынды (ер адамға көңіл айту), төсек жаңғыртты, тізесі жылып қалды, талақ етті, тақымы жарымаған, үйі түсті, үйі сынық, шымылдығың желбіреп тұр ма?, т.б. Ерге қарата ай- тылатын алғыс-қарғыс мəнді гендерлектілерді де атап өткен жөн. Олар: ақ сақалды, сары тісті бол! Ат ұстарың өзіңе тартсын! Алғаның (алған жарың) адал болсын! Ер маңдайын баққа бер!

Көкірегі жаулы өссін! Тұқымың түптесін, қатының жүктесін! Алғаның (алған жарың) адал болсын! тəрізді алғыс (тілек, бата) сөздер мен Қатын-балаң шулап қалғыр! сияқты қарғыс сөздер.

Гендерлектілік фразеологизмдер қатарынан ерлер ғана қолданатын инвектив сөздер мен кинемаларды ұшырастыруға болады. Мысалы: енесін ұрайын, қызталақ (боқтау, тіл тигізу) жұдырығын түйді, қолын шығарды, төс қағысты.

Ер бейнесін ерекшелейтін гендерлік белгілер күйеуге (күйеу жігіт, күйеу бала) тəн тіркестер түрінде ажыратылады. Қазақ халқының күйеуге деген өз таным-түсінігі, талғам-талабы бар. Күйеу жігіттің (күйеу баланың) қайын жұртына үлкен құрметпен қарауы – халқымыздың ежелгі салты. Бұл дəстүр тілдік нормада тұрақты сөз тіркестерімен айшықталған. Мысал келтірелік: босаға аттар, бесік кертті күйеу, есік көрсетті (күйеу ірге көрді, ұрын барды), еңсе қара, ит ырылдар, бақан аттар (күйеу кəделер), күшік күйеу, күйеу аттандырар, өкіл күйеу, күйеу мұңлық, бұзау мұңлық, күйеу жігіт, күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық, т.б. Халқымыз «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді», «Ұл

  • өмір жалғасы», «Ұл – ата жолын қуушы», «Ұл – елдің көркі, халықтың тірегі» деп қарап, ұл тəрбиесіне де ерекше көңіл бөлген. Мұны тіліміздегі ұл балаға (ер бала, бозбала) тəн гендерлектілерден көруге болады. Мысалы: ат байлар, ат жалын тартып мінді, бота тірсек бозбала, бел бала, еркек кіндікті, жан дегенде жалғыз ұлы, көк өрім, көген көз, қырмызы қызыл жібек бозбала, қыз теке (қыздармен қосылып ойнайтын ер бала), қыз мінезді (мінезі жайлы сызылып тұратын жас бала), қазан бұзар, т.б.

Гендерлектілік тұрақты сөз тіркестерінен байқалатын тағы бір ерекшелік – ер адамның жас шамасын болжалдау жəне соған сəйкес мінездеме беру. Мəселен, болат қайтты (қайрат-жігері тасыды), күлге шөккен кəрі бура (қаруы қайтқан, қуаты қайтқан), көк сақал, кəрі тарлан, сақалды басымен, сақалы сапсиып, сақалын сатты, т.б.

Аталғандарға қоса айтарымыз, тілімізде қыз, əйел (ана, шеше, апа, келін, қатын, кемпір, бəйбіше, тоқал) жəне ер (əке, ата, аға, жезде) сөздерімен келген образдық мағынада жұмсалатын, жыныстарға ортақ қолданылатын тұрақты сөз тіркестері де мол кездеседі. Мысалы: анасынан қайта туғандай, байдан шыққан əйелдей алаңы көп, жетім қыздың тойындай, жалпақ шешей, ол бəйбішеден, біз тоқалдан туыппыз ба? əкесі базардан келгендей қуанды, бірі апа, бірі жезде, жеті атасынан түк көрмеген, ер шекіспей бекіспейді, т.б.

Екі жыныс өкіліне де тəн гендерлік ерекшелік ретінде əйел, ер атауларымен мағыналас гендерлектілерді атауға болады:

əйел – ақ жаулық, нəзік жан, ұзын етек, үй кісісі;

ер ақ сұңқар, ақиық, бөрік киген, еркек кіндікті.

Қысқасы, тіліміздегі гендерлік тұрақты сөз тіркестерінің басым бөлігі əйел образымен сабақтастырылған, əйелдің (қыздың) кескін- келбетін, жүріс-тұрысын, мінезін (жағымды-жағымсыз) жəне ана болу бейнесін ерекшелеген. Ал ерге қатысты фразеологизмдердің көпшілігі ер ісіне сүйсіну, мəртебесін көтеру, даңқын асыру мəнінде жұмсалады.

ə) Гендерлік таптаурындардың мақал-мəтелдердегі көрінісі. Қазақ тіліндегі ерлер мен əйелдердің сөз қолданыстарындағы гендерлектілерге халық даналығы мақал-мəтелдер де негіз бола- ды. Қазақ мақал-мəтелдерінің гендерлік мəні ер (еркек, жігіт) – ел қорғаушы, батыр, жанұяның асыраушысы əрі білімді, өнерлі, абырой, бедел иесі. Оның қасында əйелі – сүйікті жар, ана, үйдің берекесі, иесі, ақылшысы, ал əке-шеше – қамқоршы, кеңесші, ақылшы, жасы үлкен, сыйлы адамдар, ұл-қыз балалары – тəрбиелі, сыпайы, жасөспірім сипатында тұжырымдалады. Енді солардың əрқайсысына тоқталып көрелік:

Тіліміздегі мақал-мəтелдердің көпшілігі ердің, ер адамның гендерлік бейнесін өрнектеген.

  1. Ерлік тақырыбындағы сөздер – қазақ мақал-мəтелдерінің ең көлемдісі, көркемі, мазмұндысы. Ел қорғау, ерлік жасау – абы- ройлы əрі ауыр іс. Сондықтан ер адамның гендерлік образы халық ұғымында алдымен туған жерін, елін жоғары санайтын абзал мұратты азамат болуы керек. Атап айтсақ:

а) Ер – ел қорғаушы: Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі; Ер елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы; Ел үшін ер- кек кіндік құрбандық; Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді; Отан үшін күрес – ерге тиген үлес;

ə) Ер елдің айнасы: Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен; Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас; Елдің ерлігі ерінен танылар, елдің байлығы жерінен танылар; Ер атағын ел сақтар, ел үмітін ер ақтар; Ел намысы – ер намысы.

  1. Ерге байланысты гендерлік мақал-мəтелдердің келесі тобы оның ерлік қасиеттерін, батыр тұлғасын дəріптейді.

а) Ердің аты – ер: Ер – қайыспас қара нар; Ердің ері егеудің сынығы; Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер; Ермен жауласпа, елмен дауласпа.

ə) Ер – батыр: Батыр – елдің сəулеті, бал құрақ – көлдің сəулеті; Батырдың қаһары – еліне қорған; Айлалы батыр алдыр- мас; Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы; Батыр қол бастар, көсем жол бастар; Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды. Батыр сөзі атақ сияқты қызмет атқарып, ер сөзі жауға аттанып, майданға түскен азаматтың аты, азамат ұлдың синонимі ретінде қолданылған. Олай болса, батыр – ер мəртебесі. Ер сөзінің тіркес аясы əр тарап: ардақты ермен бірге өлсе; ер Қобыланын жөнелтіп; асыл ердің баласы; тарығып келген ерлер- ге; еңіреп жүрген ер едік; кесекті ердің сойымен; мұңдас ерлер болмаса; қызғыштай болған есіл ер, т.б.

б) Сонымен бірге халық нағыз ерлерді қадірлей білуге шақырады: Ер елінде қадірлі, гүл жерінде қадірлі; Ер қадірін білмеген ел қадірін білмейді; Асты көрсең қадір тұт, ерді көрсең қыдыр тұт.

  1. Халық даналығында ер-азаматтың гендерлік бейнесін өзгелерден ерекшелендіріп, яғни ер асынатын қару-жарақ, сауыт- сайманы, астына мінген тұлпар аты, жанына ерген дос-серігімен қатар алып сипаттайды. Айталық:

а) Ер қаруы бес қару: Алтын кемер белге сəн, алтын қылыш ерге сəн; Қайқы қылыш – ер сəні, қалы кілем – жер сəні; Ер аруағы қаруы.

ə) Ер қанаты – аты: Ерге лайық ат туар, жерге лайық шөп шығар; Құс қанатымен, ер атымен.

б) Ер серігі – досы: Ер қадірін ер білер, зер қадірін зер білер; Жолдасын таппаған ер азады, басшысын таппаған ел азады; Шын жолдас – сөзге берік, ерге серік; Құс қанатымен, ер жолдасымен.

  1. Гендерлік мақал-мəтелдердің бір алуаны ер адамның қоғамда алатын орнын, мінез-қасиеттерін, қимыл-əрекеттерін түйіндеген.

а) Ер тірегі – намыс: Ер намысқа шабады, намысқа шапса алысқа шабады; Ер айтпас, айтса қайтпас; Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді; Ердің ұялғаны – өлгені, еменнің майысқаны

  • сынғаны; Ер – намыстың құлы.

ə) Ердің сəні – білім, өнер: Жердің сəні – егін, ердің сəні – білім; Ердің өзіне қарама, сөзіне қара; Талаптымен таласпа, өнер

  • ердің қанаты; Ер өнерімен мақтансын; Ер талабы өр мегзер; Сарман тауда салқын жоқ, саналы ерде ұйқы жоқ.

б) Ер беделі – аға-іні арасындағы сыйластық: Жақсы аға үлкендік қылмайды; Ағаның үйі – ақ жайлау; Жасы кіші ініні ақылы артса аға тұт; Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар; Ізет ініден, əділдік ағадан; Ағадан – ақыл, атадан – нақыл.

в) Ерге қатысты мақал-мəтелдердің бірсыпырасы Ер дəулеті – еңбек; Еңбек – ер азығы, жауын – жер азығы; Еңбек – ердің көркі, ер – елдің көркі; Ер еңбегімен озады, еріншек егілумен тозады; Ер тынысы – еңбек, ез тынысы – ермек; Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді деп келіп, ерді күні бұрын еңбекке ширатады, шыңдайды.

г) Кейбір мақал-мəтелдерде ер мінезіне жат əдеттер сынға алынған: Тымырық болса ер оңбас, тоңға жатса мал оңбас; Саз- дау жердің ағашы, сабырсыз ердің сазасы; Егінді жабайы шөп аздырар, ерді еріншектік аздырар; Қауғадан шошыған мал оңбас, жаудан шошыған ер оңбас.

Ер жынысына тəн мақал-мəтелдердің ішінде жігіттің гендерлік бейнесі ерекше сипатталған.

  1. Жігіт – ер жеткен, кəмелетке толған ер азамат. Халық ұғымында жас жігіт, ер жігіт, батыр жігіт, нар жігіт қайсар жігіт образында қалыптасқан. Мəселен, Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі; Жігіт жанған от болсын, от болмаса жоқ болсын; Нар маяның жүні – жібек, сүті – бал, нар жігіттің аймағы – ел, алды – мал; Батыл жігіт жол бастар, ақын жігіт той бастар; Арыстанды арыстандай жігіт алар.
  2. Жігіт сегіз қырлы бір сырлы, яғни өнерлі, талапты, ақылды, білгір. Жігітке жетпіс өнер де аз; Сегіз қырлы балықты, тоғыз қырлы жігіт алады; Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер; Сиырдың сүті – тілінде, жігіттің құты – білімде; Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
  3. Қазақ қоғамында жігітті жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, тəртібіне қарап бағалап отырады. Мысалы: Жақсы жігіт досының қамын ойлайды, жаман жігіт басының қамын ойлайды; Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар; Жаман теке – сүзіскек, жаман жігіт – ұрысқақ; Пай- дасы мол жігіттер – дария шалқар көлмен тең, пайдасы жоқ жігіттер – ел қонбаған шөлмен тең; Жаман жігіт қыз таңдайды; Селтеңдеген – жігіттің соры, секеңдеген – серкенің соры.
  4. Жігіт таңдаған жары мен жолдасына қарай сыналады. Адам болар жігіттің жары өзіне лайық; Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық; Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат немесе жігіт жолдасымен белгілі; Жолдассыз жігіт – қанатсыз бүркіт; Сырт жерде жігіт жолдасымен сыйлы; Жолдасың жаман болса, алыс жүріп түн қатпа, қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа.

Мақал-мəтелдердің гендерлік мəні аталы-балалы əулеттің үй ішіндегі орны, бірімен-бірінің қарым-қатынасы арқылы тереңдей түседі.

  1. Əке – үйдің қамқоршысы, асыраушысы жəне балаға үлгі- өнеге, тəрбиеші ұстаз. Сондықтан халық даналығында Əке – те- рек, бала – жапырақ; Жақсы əке жаман балаға қырық жыл азық; Баланың балалығында əкенің даналығы бар; Əкеден – ақыл, ана- дан – мейір дей отырып, əкенің балаға ықпалын, бала тəрбиесіне жауапкершілігін алға тартады.
  2. Ал ата бейнесінде туған əке (ата-ана), үлкен əке (əкенің əкесі), бергі ата, арғы ата, жеті ата, т.б. гендерлік образдары астарланып келіп, атаны құрмет тұту, сыйлау, атадан үлгі алу, өнеге үйренуді өсиеттейді. Мысалы: Ата өнері – балаға мұра; Атасын сыйлаған абыройға бөленер; Ата – баланың қорғаны; Жеті ата- сын білмеген – жетесіз; Алты жыл аш болсаң да атаңның салтын ұмытпа; Ата кəсібі – бала нəсібі дейді.
  3. Ұл – ата жолын қуушы. Халқымыз ұлға (ер бала, еркек бала) үлкен үміт артып, туғаннан бастап ел қамын ойлайтын, есті, ер көңілді ер-азамат деп тəрбиелеген. Мақал-мəтелдердің гендерлік ерекшелігі де сол дəстүр көрінісімен сабақтасып жатыр. Атасақ: Ұлтының қамын ойлаған ұл болады, құлқынның қамын ойлаған құл болады; Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл; Ұлды ұясында баулы; Ырысқа қарай ұл өсер, қонысқа қарай мал өсер; Ұл – өнерімен көркем.

Тілімізде əйелдің əлеуметтік рөлін оның өмірдегі, отбасындағы орнын сипаттайтын гендерлік мақал-мəтелдер жеткілікті. Əйелге қатысты сөз мəйегі əйел-ана, шеше, қыз, келін, қатын образдарына тарамдалып келіп, олардың əрқайсысына тəн гендерлік белгілерді жинақтап көрсетеді.

  1. Халқымыз əйелдің дүниеге сəби əкеліп, бала өсіріп, тəрбиелеудегі рөліне мəн берген. Мəселен, Ана болған дана бола- ды; Əйелді жаман десең, анаң соның ішінде; Бала – ананың бауыр еті; Алты ұл таппай ана болмайды, бес бала таппай белгілі əйел болмайды; Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш деп ана рөлін жоғары бағалайды.
  1. Қазақтың байырғы тұрмысында сыртқы істерді еркек басқарған да, үй тіршілігін əйел билеген. Мақал-мəтелдердің өміршеңдік мазмұны осы дəстүрді сақтап келеді. Əйел – үйдің қазығы; Əйел – үйдің көркі, еркек – түздің көркі; Жақсы əйел – үй дəулеті, жақсы шапан – той сəулеті; Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір əйел толтырады; Ер – елдің иесі, əйел – үйдің иесі; Əйелі жоқ үй – суы жоқ диірмен деген гендерлік мақал-мəтелдер əйелдің отбасындағы рөлін көрсеткен.
  2. Мақал-мəтелдердің ендігі бір тобы əйелді мінез ерекшелігіне сай дараландырып, гендерлік тілдік бейнесін көріністеген.

а) Халқымыз Ерін сыйлаған əйел елін де сыйлайды; Бақа жарығы сумен, əйел жарығы ермен; Əуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – он саулық, үшінші байлық – ақ жаулық дегенде, əйелді байлықтың басы, азамат ердің қолқанаты, адал жар деп құрмет тұтқан.

ə) Бірақ əйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар. Əйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Мысалы: Жақсы əйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар; Жақсы əйел жаман еркекті түзетеді; Асыл əйел əрі еркек, əрі қатын; Білімді əйел басыңа қарайды, білімсіз əйел жасыңа қарайды, т.б.

б) Гендерлік мақал-мəтелдердің бірқатары əйел бойындағы кейбір жағымсыз мінез-құлықты, талапсыздықты мансұқтайды. Мəселен, Долы қатын – жылауық, сұғанақ қатын – сұрауық; Жаман қатынның мінезі қиық келер, сөзі сұйық келер; Жалқау қатынның төсегі тал түске дейін жиылмас; Күндес қатын күнде ауру, қала берді түнде ауру; Жаман көлдің суы – ащы, жаман қатынның тілі – ащы деген мақалдардан байқағанымыздай, қазақ əйел жынысының ішінде қатынды төмендеу қойған. Əйелдің на- шар қылықтары мен əрекеттерін қатынға телген.

  1. Мақал-мəтелдерде жесір əйелдің де гендерлік бейнесі на- зардан тыс қалмаған. Феодалдық қазақ аулында, əулетінде жесір əйел күйеуінің руынан басқа руға, тіпті төркініне көшіп кетуге, не басқа рудан қалаған ерге шығуына еркі болмаған [Адамбаев 1996, 42 б.]. Осыдан келіп, Əйел ерден кетсе де, елден кетпейді; Жетім бала – кекшіл, жесір əйел – кекшіл; Жесір қатын – жел буаз; Əйелдің ақылын жесірінде көр, баланың ақылын жетімінде көр тəрізді мақал-мəтелдер туындаған.

Əйелге қатысты мақал-мəтелдердің ішінде қыздың гендерлік образы айрықша сипат алған. Халық талғамында қыз өзінің ұстамдылығымен, сыпайылығымен, ибалылығымен, əдептілігімен, өнерлілігімен, ісмерлігімен ерекшеленуге тиісті. Сонымен, қыз үшін ең басты нəрсе оның ақыл-парасаты, мінез-құлқы, ар-ұяты, əдеп-инабаты.

  1. Қыз – əке-шешенің, елінің еркесі, ауыл көркі. Қазақ қызын əлпештеп, сəндеп, еркелетіп, еркін өсірген жəне сан түрлі өнерге баулыған. Сондықтан гендерлік мақал-мəтелдерде қыз тəрбиесіне үлкен мəн берілген. Мысалы: Қыз əкесіне – жұлдыз, шешесіне – күн; Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі; Келінім саған айтам, қызым сен тыңда; Қызға қырық үйден тиым, қырық үйден қарауыл; Қызды ауыл – көңілді; Өсектен сау сонау қыз, шайқалмаған сары уыз; Сыпайы қыз сұлу көрінер сияқты мақал-мəтелдерден қыздың сүйкімді, сұлу, сыпайы бейнесіне қанық боламыз, əрі ұлттық тəлім- тəрбие берудің гендерлік қырларын тани түсеміз.
  2. Қыз жат жұрттық, Қыз қонақ деп келген халқымыз қыз бала дүниеге келгеннен бастап, жасауын жинап, алдын-ала айтты- рып, қызды ұзатуға, отау иесі болуға дайындайды. Тіліміздегі қызға байланысты мақал-мəтелдердің біразы қыз – қалыңдық гендерлік бейнесін сабақтайды. Айталық, Қыз бала – өріс; Күйеу келсе, қыз тұрмас; Қызды таныс алады, таныс алмаса қоныс алады; Ата даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер; Қыз жігіттікі, қымыз көптікі; Қалыңсыз қыз болса да, кəдесіз қыз болмайды.
  3. Ауылында сыпайылап «қалыңдық» атанған қыз күйеуінің ауылына келісімен «келін». Қазақ шаңырағында келіннің гендерлік рөлі басым. Ата салтын ұстанған келіннің жүріс-тұрысы, мінез- құлқы, сөйлеу əдебі қазақ əйелінің гендерлік үлгісін ерекшелейді. Соған сəйкес халқымыз мақал-мəтелдерде Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан; Жақсы келін – келін, жаман келін – келсап; Əр елден келін келер, əр түрлі ырым келер; Келіні жақсы үйдің керегесі алтын; Асты келін – аналы келін; Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп деп келіннің əдепті, ибалы болуын тілеп, жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа бағдарлайды.

Еркек пен əйелді қарсы қойып салыстыру немесе қатарластыра сипаттау қазақ мақал-мəтелдерінде жиі кездесетін гендерлік ерекшелік. Мысал келтірелік: Еркек – бас, əйел – мойын; Еркекке жүрек керек, əйелге тірек керек; Ер айласы бір, қатын айласы мың; Еркек дауысты қатында ұят болмас, əйел дауысты еркекте қуат болмас; Ердің асылы күшінен білінеді, əйелдің асылы ісінен білінеді, т.б.

Қоғамның даму сатысында əйел мен еркектің əлеуметтік рөлінің күрделіленуі олардың тілінің қолданыс аясын кеңейте түсері аян. Ендеше, əйел – еркек, əйелдік – еркектік гендерлік ка- тегориялары тұрғысынан тілдік жіктелудің (тілдік бірліктердің) өзгешеленуін зерттеудің маңызы зор.

б) Тұрақты теңеулер – гендерлік таптаурындар бейнелілігі. Ер мен əйел бейнесін көркемдеген теңеулерді іріктеп, жүйелеп, гендерлік мəнін ашып көрсетуге əбден болады, ол үшін «Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі» материалдарын пайдаландық [Қоңыров 1990].

Тіліміздегі гендерлік теңеулердің басым көпшілігі əйел бейнесін сұлулық ұғымымен, ер адам бейнесін үлкендік, ірілік ұғымымен байланыстыра сипаттап дараландырған. Теңеулерге образ болып қолданылып, əйел, ер бейнелерімен ассоциацияланатын халық ұғымындағы бейнелілік негізі – табиғат құбылыстары, төрт түлік, аңдар мен құстар, өсімдіктер, аспан шырақтары, шаруашылық- тұрмыс, кəсіпке қатысты атаулар, т.б. болса, осылардың əрқайсысы жыныс өкілдерінің гендерлік болмысын ажыратып суреттеуде өз ішінен іріктеліп келіп, сан түрлі стильдік реңк алған. Айталық, нар- дай, атандай, өгіздей образдары тек ер адамға ғана қолданылса, си- ырдай образы тек əйел адамға ғана тəн. Мысалы: Сонадай жерде қара нардай қаңқайып Игілік кетіп барады (Ғ. Мүсірепов); Сиыр- дай қызыңды неге жұмсамайсың? (Ө. Қанахин). Бұл теңеулердің мағыналары бір-біріне жақын болғанымен, стильдік реңктері, эмоциялық бояулары əр түрлі. Ендеше тұрақты теңеулерді көркемдік мазмұнына қарай халық түсінігінде қалыптасқан образдарға сəйкес, əйелге немесе ерге қатыстылығын жіктеп көрсетуге болады.

Қазақ халқының байырғы дəулеті – мал. Төрт түліктің əрқайсысының түрі-түсі, ерекшелігі, шаруашылық мəні жан-жақты анықталған. Халқымыздың сан ғасыр мал өсіру кəсібімен айналы- суы ер мен əйелге қатысты көркем образдар тудыруға түрткі бол- ды. Атап айтқанда, ерге қатысты гендерлік теңеулер: атан өгіздей, ерттеулі аттай, таң асырған тұлпардай, т.б. образдарымен кел- се, əйелге қатысты гендерлік теңеулер: бес биенің сабасындай, ботадай, ту биедей бұлықсу, сиырдай, жетім лақтай, т.б. түрінде келген. Мысал келтірелік: Таң асырған тұлпардай тұр қалшиып жалғыз жігіт (Қ. Аманжолов); Өгіздей дөңкиген қара жон Дондағұл мынау екі балуан грузчиктің қатар соққысына төзе ал- мады (М. Əуезов); Бəйбіше енді түрленді, Ту биедей бұлықсып (Ба- тырлар жыры); Ботадай нəзік, сүйкімді екені анадайдан байқалып тұр (Ғ. Мұстафин).

Қазақ баласының сүйегіне сіңісті салт-дəстүрлердің бірі – аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнер. Əуелде қыран құс атып, аң аулау тіршілік етудің күн көрудің қамы болса, кейін келе сауық-сайранға ұласып көркем өнер ретінде дамыған. Осыған байланысты тіліміздегі гендерлік теңеулердің бірқатары аңдар мен құстардың табиғи ерекшеліктеріне, қимыл-əрекеттеріне негізделген. Олар: қырдың қызыл түлкісіндей, бұлғындай бұраң бел, ағашқа өрмелеген ақ тиіндей, сүйріктей сұлу, тоты құстай сылану, үкідей желкілдеу, ақ қанатты көгершіндей, айдындағы аққудай деп əйелге тəн сұлулықты, нəзіктікті ерекшелесе; жол- барыстай долдану, барыстай атылу, ақ тұйғындай құнтию, түлкіге төнген бүркіттей түйілу, тұрымтайдай алғыр деп ерге біткен қайтпас жігер мен мұқаусыз қайратты суреттеуде кеңінен қолданылады. Мысалдарға жүгінсек: Қырдың қызыл түлкісіндей құлпырып тұрған сұлу келіншек (І. Есенберлин); Бұрала басқан басқан сайын бұлғындай бұраң белді қыздың тар мықыны былқ- сылқ тербеле түсті (Ө. Қанахин); Шеркес Қали жігіттер арасын- да түлкіден епті, тұрымтайдан алғыр (І. Жансүгіров); Жəнібек барыстай атылып, Қарабайды ат үстінен жұлып алған (І. Есен- берлин).

Қай ұлт болмасын, өзінің ұзақ дамуы тарихында эстетикалық ұғым-түсініктеріне, шаруашылық кəсібіне, мінез-құлық, ырым-на- ным, салт-дəстүр ерекшеліктеріне байланысты сүйкімді образдары, сөз символдары болады [Негимов 2001]. Мəселен, гүл – нəзіктіктің, күн – асқақтықтың, рухани нұрлылықтың, хор қызы – көркемдіктің, аққу – сұлулықтың, əсемдіктің символы болып есептеледі. Мұндай образ-символдар əсіресе қыздың, сұлу қыздың, жалпы əйелдің гендерлік бейнесін суреттегенде жарқырай түседі. Мысалы: «қыз өңі бейне бір үлбіреген қырдың қызғалдағына ұқсап кетті», «таң гүлі секілді əдемі қыз», «шырайлы кескіні бұлт арасынан шыға кел- ген күн сияқтанып», бəйшешектей балауса қыздар», «гүлдей ару қыз», «ай мен күндей нұры бар жалғыз ару», «жаннаттан шыққан хорлардай», «бітіпті хор қызындай саған көрік», т.б. теңеулерді келтіруге болады. Қазақ түсінігінде əйелдің сыртқы əдемілігімен қоса ішкі жан-дүниесі де əсем болуы керек. Сонда ғана ол шын сұлу бола алады.

Əйел образының көркемдік əлемінің қыртыс-қабаттары, ағыс- толқындары, құпия астарлары мейлінше мол. Əйел сұлулығының мың құбылған сан-салалы сыры қазақ ұғымындағы ең қасиетті нəрселерге теңеледі, ең «сүйкімді» нəрселермен салыстыры- лады. Мəселен, «жібектей үлбіреп тұрған ақ келіншек», «ақ мамықтай қыз», «ақ жүзі ақықтың асыл көркіндей», «піскен алма секілді тəтті қыз», «сұлу денесі қызғалдықтың үлбіреген жапырақтарындай əдемі», «əйелдің судан тұнық, сүттен ақ көңілі» тəріздес гендерлік теңеулер əйелге тəн көріктілік, нəзіктік, жұмсақтық, жадыраңқылық қасиеттерді айшықтаған.

Ал ер адамның, жігіттің гендерлік тұлғасы батылдық қасиетпен, ерлік қимыл-əрекетпен көріктеліп, табиғат құбылыстарының ішкі динамикасымен астасып жатады. Табиғат құбылыстары, жараты- лыс суреттері (ай жарығы, күннің нұры, тау мен тастың жаңғырығы, самал лебі, су гүрілі, шөп сыбдыры, құстар үні, т.б.) гендерлік теңеулерде жиі ұшырасады. Мұндай теңеулердің қатарын арқадан соққан борандай, алатаудай айбат, теңіздің толқын шашқан селіндей, мұздай болып қату, екпіні қатты дауылдай, асқар белдей ерлер, соққан желдей екпіндеу, т.с.с. толықтыра түседі.

Гендерлік теңеулердің бірқатары жігіттікке тəн жастық албырттықты, алғырлық пен өткірлікті ерекшелеген. Айталық, бо- латтай берік, өткір кездіктей, қорғасын құйылғандай зіл-зəрлі, қылыштай қылпылдау, семсердей өткір, т.б. Мысал келтірелік: Жарболат атына сай болаттай берік, құрыш білек, асқан ше- бер, талантты, ер жүрек болып өсті (Қазақ ертегілері); Мынау қалың бермеген, жүзіктің көзінен өткендей, қылыштай жас жігіт, анау аққудың көгілдіріндей желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршін қыз (С. Мұқанов); Клим өсті, жетті, жігіт болды, Семсердей өткір, өжет, болат берен (Жамбыл). Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, жігіттің қайрат-жігері, өжеттігі, өтімділігі аталған заттардың беріктігімен, мықтылығымен, өткірлігімен ассоциацияланып, жігіттің гендерлік бейнесін күшейте көрсеткен.

Қазақ теңеулерінің гендерлік тілдік өрнегі портреттік сурет- теулермен нақыштала түскен. Əйел мен ерге тəн мінез-құлық, қимыл-əрекет, тұлға-тұрпат ерекшеліктерін көркемдік қырынан тануда портреттік теңеулердің рөлі күшті. Атап көрсетсек,

а) əйелдің гендерлік портреті:
  • дидар жүзі (беті): айнадай ай жүзі, ақша беті айдындай, майдағы қызыл гүлдей беті, аршыған ақ жұмыртқадай аппақ өңді;
  • шашы: торғындай толқынды, тал шыбықтай өрілген қолаң шашы, жібектей қап-қара қалың шашы, сүмбілдей қара шашы;
  • мойны: аққу құстың мойнындай, ақ торғындай мойны;
  • қасы-көзі, кірпігі: қарлығаштың қанатындай қап-қара қасы, айдай сызылған қастары, шолпандай алтын кірпігі, қос жұлдыздай қос жанары, тұнжыраған қарақаттай көздері;
  • ерні: оймақтай, ерте піскен бүлдіргендей, қызғалдақтың үлбіреген жапырақтарындай əдемі;
  • тісі: меруерттей тісі, ақ маржандай тісі;
  • төсі: ақ көбіктей, қос алмадай, бұзылмаған алмұрт тəрізді ақ төсі;
  • саусағы: мақпалдай ақ саусағы, сүйріктей нəзік саусағы;
  • белі: қылдай жіңішке, көк шыбықтай солқылдайды аш белі, тал шыбықтай бұраңдайды нəзік бел, тартқан сымдай нəзік белі;
  • тұлға-тұрпаты: жайықтың боз талындай, қамыстай əдемі тұлғасы, аппақ қардай денесі, ақтығы наурыздың ақша қарындай;
  • лебізі, күлкісі: жаздың лебіндей лебізі, сыбызғыдай жіңішке даусы, күмістей сыңғырлаған үн, күлкісі күміс қоңыраудай;
  • қимылы: жібектей жеңіл, ақ мамықтай, ақша бұлттай нəзік, оттай ойнақшып, сұқсырдай сыланған, қаздай майпаңдаған;
  • мінезі: уыздай таза, балға ашытқан қымыздай тəтті, жаздағы таңдай сызылған мінез, аршылған күмістей ақ жарқын, үлбіреген толқындай нəзік жүректі, бұлтсыз күндей ашық жайдары, т.б. түрінде бейнеленген.

Тілімізде əйелге арналған тұрақты теңеулердің басым көп- шілігі ақ түспен, ақ түсті заттармен ассоциацияланады. Мəселен, ақ маралдай керілген, атқан таңдай аппақ ақ етің, аппақ нұрдай аққу қыз, жұмыртқадан ақ келін, ақ күмістей сенің жүзің, жібектей үлбіреп тұрған ақ келіншек, ақ мамықтай қыз тəріздес теңеулер əйелдің дидар сұлулығы мен жан-дүние əсемдігін сипаттауда ерек- ше орын алады.

ə) ер адамның гендерлік портреті:

  • дене тұлғасы: оқтай түзу, сұр жебедей тіп-тік тұлға бітімі, екі иіні қақпақтай, жолбарыстай келбетті тұлға, кеудесі есіктей кең;
  • сақал-мұрты: сақалы күректей, айғырдың қылындай сақалы, нар күмістей қара бұйра сақалы, қияқтай мұрты, тікенектей көк сақалы;
  • мінезі: ердің көңілі күнмен тең, мінезі құйған қорғасындай салмақты деп сипатталған.

Ерге қатысты қолданылатын гендерлік теңеулердің ішінде соқтауылдай, соқтандай, соқталдай, сайдауыттай, арыстай, ал- памсадай, еңгезердей, қарқарадай сияқты үлкендік, ірілік ұғымын білдіретін образдарды мол кездестіреміз. Сонымен бірге төңкерген астау тəрізді үлкен, өгіздей дөңкиген, аюдай қорбаңдаған, сүзеген бұқадай тоң мойын, екі иығына екі кісі мінгізгендей, бойы есектің қодығындай деп келген стильдік мəндегі теңеулер ер адамның іс-əрекетіндегі кейбір ебедейсіз, қолапайсыз қимылдарды айрықшалаған.

Бұл айтылғандармен қатар халық санасында ер мен əйелге бай- ланысты қалыптасқан ұғымдар мен түсініктердің теңеулерге образ ретінде алынған мысалдары да көп.

а) əйел (қыз, бикеш, қатын, жеңге, ана, əже) образымен жасалған теңеулер: қыздай қылық көрсету, қыздың ерніндей, ұзатқан қыздай қоштасу, он төрт жасар сұлудай, арудың ақ бетіндей, үкілі бойжеткендей бұлғақтау, келіншектей қылымсу, кербез əйел секілді паң, өсекші қатынша, мырза жеңгең секілді, ақ жаулықты анадай, қарт əжедей қарсы алу, т.б. Мысалы: Қызғылы қыздың ерніндей, Бозғылы боздың өңіндей (І. Жансүгіров); Он төрт жасар сұлудай ай ортада, Иіліп тұр белінен аз-ақ сынбай (И. Байзақов); Мырзашөл бір мырза жеңгең секілді, Ақ дастархан жая берер алдыңнан (С. Мəуленов).

ə) ер (бозбала, жігіт, əке, ата, шал) образымен жасалған теңеулер: ерше өлу, еркекше боқтау, бозбаладай ойқастау, жас жігіттей атылу, ауылдың сал жігіттеріндей, қыз алдында тұрған жігіттей, əкеңдей қамқор, атадай ақ тілеулі, қаусаған шалдай, т.б. Мысалы: Кейбір жолдар жас жігіттей атылып, жарыса кеп төмен түскен тау, шыңнан (С. Мəуленов); Атадай ақ тілеулі Қостанай тұр, Арнаған бар қылығын баласына (Д. Əбілов).

Сонымен, гендерлік теңеулердегі негізгі ой желісі халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, əдет-ғұрып ерекшелік- тері, мінез-құлқы, болмыс-бітімі, интеллектуалдық, өнерпаздық қасиеттерімен сабақтастырылған.

Қорыта айтқанда, замандар бойы жалғасып келген таптаурын белгілер тілде айқын көрінеді. Сондықтан əйел мен ер жынысы- на тəн гендерлектілер мен оларға байланысты қолданылатын сөз өрнектерін түзіп, зерттеп-зерделеудің гендерлік лингвистиканы да- мытуда маңызы зор.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close