Қоғам

ГЕНДЕРЛІК ТЕРМИНДЕР

Антропоморфизм (грек. anthropos – адам, morphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нəрселерді (ғарыштық, жағырафиялық нысандарды, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік əдіс.

Ассоциация – дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда бола- тын бейнелі ойлы (ментальді) сигналдар, білім алудың бір тəсілі. Ассо- циация арқылы тану – бұрынғы тəжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы байланысты ұғу.

Ассоциациялар жиынтығы – белгілі бір мəдениет аясында адамның əлем бейнесі туралы таным-түсінігін, түрлі бағалаулары мен құндылықтарын қамтиды. Ассоциациялар жиынтығын адамның тілдік санасының үлгісі ретінде қарастыруға болады.

Архетип (грек. arche – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпыадамзаттық рəмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаздық қиялдың нəр алатын бастауына жатады. Белгілі бір мəдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғұрлым бойына толығырақ жинаған салт-дəстүрлік жəне өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған жəне дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мəдени түпнұсқа жатады.

Əлеуметтендіру – бұл жеке адамның қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мəдениетті түсінуге жəне əлеуметтік ортада, ұжымда өзін- өзі ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін жəне əр түрлі əлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы.

Бейнелі ой (ментальді) лексиконы – адамның қоғаммен өзара əрекеті барысында жинақталған білімінің жадыда өңделген түрі, гендер- лік білімнің гендерлік таптаурындар түрінде бейнеленген тілдік көрінісі. Бейқұрылымдық талдау – бұл философиялық ілім, ол мағынаның мəтін тілінде қалай құрылатынын анықтайды, яғни философиялық мəтінді оның формалық құрылымында зерттеу, оның мəтінді типтерінің өзгешелігін жəне көпнұсқалығын көрсету, философиялық мəтіннің сахналық кеңістігін, оның синтаксисін ұғыну. Бейқұрылымдық идеясы бойынша, жұптық құрылымдарға негізделген логикалық теориялар мен тұжырымдық жүйелер өз күшін жояды. Бейқұрылымдық талдау əдістемесі мəтін мағынасын жете ұғыну, басқа мəтіндермен сəйкестілігін анықтау жолымен белгіленеді. Гендерлік зерттеулердің батыстық дəстүрінде гендердің дерридиандық бейқұрылымдық талдау идеясы (Ж. Дерри- да ұсынған ұғым, поструктурализм заманының сыни-философиялық ұстанымы) – негізгі əдіс.

Гендер – (ағыл. gender – тек (род), жыныс) – əлеуметтік жыны- сты биологиялық жыныстан айыру үшін қолданылатын термин. Гендер ұғымы өткен ғасырдың 60—жылдарынан белгілі болғанымен, ғылыми қолданысқа 80-жылдардан бастап енді. Ол биологиялық жыныс пен əлеуметтік-мəдени жыныстың (еркектік, əйелдік белгілерінің рөлдер бөлінісі, мəдени дəстүрлер, биліктік қатынастар арқылы тұжырымдалуы) шекарасын бөліп көрсету мақсатында енгізілді. Гендер терминінің синонимі ретінде əлеуметтік-мəдени жыныс ұғымы қолданылады.

Гендеризм – жыныстың институттандырылуы мен жоралануы, дəстүрленуі (ритуалдануы).

Гендерлект – бір тіл аумағында əлеуметтік жынысқа – əйелдер мен ерлерге байланысты жəне олардың əрқайсысының сөз саптауында кездесетін тілдік бірліктер (сөз, сөйлем, сөйлемдер мен сөз тіркесі, фразе- ологизм, мақал-мəтелдер, т.б.).

Гендерлік асимметрия – өмірдің түрлі салаларында əлеуметтік жəне мəдени нормаларға сəйкес ерлер мен əйелдерге белгіленген əлеу- меттік рөлдердің теңгерімсіздігі.

Гендердің əлеуметтік құрылымы – ерлер мен əйелдер арасындағы əлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан үлгісі. Оның даму негізіне гендерлік əлеуметтендіру, еңбек бөлінісі, қоғамда белгіленген гендерлік рөлдер жүйесі мен гендерлік сəйкестендіру жатады.

Гендерлік бейімделу (адаптация) – қоғамдағы гендерлік қаты- настарға, қалыптарға, рөлдерге əлеуметтік психологиялық бейімделу.

Гендерлік дисплей – əрбір адам өзінің жаратылысына қарай (əйел, еркек) дəстүрлі (əйелдік/еркектік) мінез-құлық үлгілерін меңгеріп, соған бейімделуі.

Гендерлік жіктелім – ер мен əйелдің биологиялық айырмасы негізінде қалыптасқан əлеуметтік-жыныстық бөліну.

Гендерлік зерттеулер – əйелдер мен ерлердің əлеуметтік- экономикалық, саяси жəне мəдени мəртебесін, гендерлік рөлдері мен гендерлік қарым-қатынасын зерттеу.

Гендерлік идеалдар (мақсат-мұраттар) – еркек пен əйелдің жүріс- тұрыстары туралы мəдени түсініктер.

Гендерлік идеология – идеялар мен көзқарастар жүйесі, қоғамның құрылуы мен ондағы еркек пен əйелдің əлеуметтік жалпы қатынасы ту- ралы түсінік. Гендерлік ерекшеліктер мен гендерлік стратификацияға құрылған идеялар жүйесі.

Гендерлік лингвистика – (ағылш. gender – грамм. тек (род) жəне франц. linguistiques лат. lingua – тіл) гендер мен тілдің өзара байланы- сын зерттейтін гендер мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы. Гендерлік лингвистиканы қалыптастыратын жайт – адам тілінің синкретті үш қыры: бірі – тілдің ішкі құрылысы, екіншісі – тілге əсер етуші сыртқы жүйе, əлеуметтік факторлар, үшіншісі – тілде көрініс беретін ментальді құрылым, əлемнің жанама түрдегі бейнесі. Бұл – əлемнің тілдік бейнесі, тілдік тұлғаның прагматикасы, тіл қолданушының тілдік санасы, ойлаудың этникалық құрылымы, қалыптасу үстіндегі өмір салты, ұлттық мінез-құлық, менталитет.

Гендерлік метафора – мəдени, əлеуметтік жəне саяси реалийлердің концептуалдануын бейнелейді. Гендерлік категориялаудың метафоралық табиғаты (аталық-аналық бастау) жансыз заттар мен құбылыстардың санада еркектік, əйелдік белгілермен ассоциациялануы арқылы айқын көрінеді.

Гендерлік нормалар – бұл белгілі бір ережелер тəртібі мен алғышарттар, «нағыз ер адам» жəне «нағыз əйел адам» қандай болу керек деген нормаларды қалыптастыратын гендерлік жүйе.

Гендерлік категориялау біріншіден, «еркектік», «əйелдік» делінетін гендердің тірек категорияларының өзі адамның физикалық табиғатынан туындаған метафоралары ретінде танылуы, екіншіден, метонимиялық когнитивтік үлгілердің түптұлға мəнінде жұмсалуы. Гендерлік категориялау мəселелері ментальді лексиконға сүйене отырып қарастырылады. Ол сөздер мен олардың эквиваленттік бірліктерін оның астарында күрделі экстралингвистикалық (энциклопедиялық) білімді та- нытатын жүйе ретінде анықталады.

Гендерлік қарама-қарсылық (оппозиция) – жыныстық негізде қалыптасқан мəдени еркек – əйел бастауларын жұптық қатынастарда қарастыру дəстүрі. Жыныстық ерекшеліктер негізінде əлеуметтік ортаның тарихи даму барысында мəдени-əлеуметтік талаптар, ұйғарымдар, мінез- құлық, іс-əрекет, жүріс-тұрыстағы белгілі жұптық қасиеттер қалыптасады. Дүниенің мифологиялық бейнесінде орын алған жұптық қарама- қарсылықтар: жоғары-төмен, жарық-қараңғы, оң-сол, т.б. сол сияқты философиялық жүйедегі биполярлық қарама-қарсылықтар: мəдениет- табиғат, белсенділік-əлсіздік, рационалдық-иррационалдық, ой-сезім, рух-тəн, мазмұн-форма, билік-бағыну, т.б. белгілі. Аталған қарама- қарсылықтардың сол жағы – еркектік, оң жағы – əйелдік ұғымдарымен байланыстырылады. Қарама-қарсы жұптар адам жынысына тəуелсіз, олар өз алдына екіжақты, амбивалентті (екіұшты) құрылымдарды бейнелеуде қолданылады. Солай бола тұрса да, адамзат болмысына тəн жыныстық диморфизм еркектік/əйелдік қырынан қарастырылып келеді. Əрбір жы- ныс өкіліне қоғамдық жəне жеке адамдық санада еркекке, əйелге тəн деп саналатын түптұлға белгілер таңылады.

Гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда жəне тарихи жағдайда қолданылатын əлеуметтік жəне мəдени нормаларға сəйкес ерлер мен əйелдер атқаратын əлеуметтік рөлдер. Соған сай, əрбір жыныс өкілінің қоғамда міндетті деп танылған сөйлеу əдебі, мінез-құлық, дене қимылы, т.б. талаптардың орындалуы. Гендерлік рөлдер əр қоғамда, əр түрлі этномəдени, діни, əлеуметтік топтар мен жіктер арасында бірдей емес.

Гендерлік таптаурындар (стереотиптер) – лайықты «əйелдік» жəне «еркектік» мінез-құлық, олардың мақсаты, əлеуметтік рөлдері мен қызметі туралы қоғамда жалпыға бірдей қабылданған орнықты көзқарастар. Гендерлік таптаурындар бір-бірімен жəне өзара көршілес гендерлектілермен тығыз байланыса отырып, əлеуметке тəн мəдени түсініктер тізбегін құрайды.

Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен əйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық қызмет.

Гендерлік сəйкестілік (идентичность) – адамның тұлғалық қалыптасуы барысында қоғамда еркекке тəн, əйелге тəн деп танылған белгілер мен нормаларды қабылдап, соған сəйкес келуі, парапар болуы, теңдестірілуі.

Гендерлік статистика – ерлер мен əйелдердің əлеуметтік-саяси өмірдің барлық салаларындағы тиісті жағдайын бейнелеу жəне қоғамдағы гендерлік мəселелерді қамтиды.

Гендерлік стратификация – бұл əлеуметтік стратификацияның көмегімен жүзеге асатын үрдіс. Гендерлік стратификация əлеуметтік стратификациядағы негізгі категория болып саналады жəне тап, нəсіл, жас тəрізді өзгермелі стратификациялық категориялар қатарында қарастырылады.

Гендерлік теңгерім – ұйымдастырушылық құрылымның барлық деңгейлеріндегі ерлер мен əйелдердің теңдігі.

Детерминизм – табиғатта жəне қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыс- тылығының себептерін, себептестігінің заңдылығын зерттейтін философиялық ілім.

Жора (ритуал) – əлеуметтік реттелген, рəмізделген жүріс-тұрыстың тарихи қалыптасқан бітімі. «Əдет-ғұрып», «салт-дəстүр» ұғымдары жора ұғымымен тығыз байланысты. Əрбір іс-қимылдың жоралық өлшемі бар. Жора барлық ұжымдық жəне қоғамдық жүріс-тұрысты реттейді, оған мəн- мағына жəне мақсаттық сипат береді. Жора əр түрлі діни-құқықтық (мораль, заң, тəртіп), қорғаныс (қауіпсіздік, əскери) жəне шаруашылық-экономикалық (еңбек) қызметтер атқарады.

Жыныс – адамзат бойына туа біткен айырым белгі, əйелдер мен ерлер арасындағы психологиялық жəне əлеуметтік айырмашылықтарды танудың түп негізі. Жыныс категория ретінде екі компоненттен тұрады: биологиялық жыныс (sexus) жəне əлеуметтік жыныс (гендер).

Ер тілі мен əйел тілі – тіл бірліктерінің жыныстық жіктелуімен тығыз байланысты, əлеуметтік қарым-қатынасты жүзеге асырудың маңызды құралы.

Маскулиндік – еркек жынысына қатысты қалыптасқан мінезде- мелер немесе қоғамда еркектік деп танылатын белгілер (мінез-құлық, іс- əрекет, жүріс-тұрыс, т.б.).

Маскулиндік зерттеулер – қоғамда қалыптасқан ер адамдық нор- малар мен талаптарды ажыратып, белгілі бір мəдениет аясында ерге тəн тілдік белгілердің ерекшеліктерін анықтап, ер жынысының əлеуметтік құрылымдануын айқындауды көздейді.

Когнитивизм – бұл адамның зердесін, ойлау қабілеті мен ментальді əрекеттері жəне оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт. Адамның білімі мен танымы туралы, дүниені қабылдау жəне ұғыну тетіктері туралы ғылым. Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны – адамзаттық когниция.

Таптаурын (стереотип)− білім алудың қайнар көзі, когнитивтік үлгі қалыптастырушы ментальді əрекет, яғни адам санасында туындай- тын дүние бейнесінің бір үзігі. Таптаурындар қоршаған орта мен əлем жайындағы бейнелі (ментальді) түсініктердің қысқа əрі нұсқа сипаттама- сы – тілдік категориялаудың құрамдас бір бөлігі.

Тілдегі андроөзектілік – тілдің қоғамдағы əлеуметтік жəне мəдени ерекшеліктерді сипаттауда ер адамдық белгілерді негіз етіп алуымен байланысты, соның ішінде тілде еркектің басым бейнеленуі мен əйелдің қатысын жеке əрекетімен шектеп көрсетуі.

Тілдегі гендерлік асимметрия – ер мен əйел жынысын ерекшелей- тін тілдік бірліктердің қолданылуындағы біркелкіліктің болмауы.

Феминизм – латынның femina сөзінен шыққан əйел дегенді білдіретін термин. Алғаш рет бұл терминді 1895 жылы Элис Росси қолданған. Қазіргі уақытта феминизмнің көптеген анықтамалары бар. Көбінесе фе- минизм жыныстардың теңдік теориясы, əйелдер бостандығы үшін күрес орайында түсіндіріледі. Феминизмнің алғашқы толқыны ХХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болды. Феминизм бірнеше бағытта дамыған: анархо-феминизм, консервативтік феминизм, гуманистік феминизм, буржуазиялық феминизм, радикалдық феминизм, либералдық феминизм т.б. Фемининдік – əйел жынысына қатысты қалыптасқан мінездемелер, қоғамда əйелден күтілетін, əйелдік деп танылатын белгілер (мінез-құлық,іс-əрекет, жүріс-тұрыс, т.б.).

Феминистік лингвистика (тілдегі феминистік сын) – зерттеу ныса- нына сəйкес, өзіндік əдіснамасы бар, адам туралы ғылым салаларының (пси- хология, əлеуметтану, этнография, антропология, тарих, т.б.) нəтижелерін лингвистикалық зерттеулерге кең пайдаланатын, тіл саясатын жетілдіру иде- яларын берік ұстанған, ғылыми пікір-таласқа құрылған бағыт. ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдардың басында Америка мен Германияда

«əйелдердің жаңа қозғалысы» əсерімен пайда болған бұл бағыт патриархатты, яғни қоғамдық жəне мəдени өмірдегі еркектердің басымдығын сипаттайды, тілдік дүниетаным тек антропоцентристік (адамға бағытталған) ғана емес, андроцентристік (ер адамға бағытталған) сипат алған деп түсіндіреді.

Экзистенциализм – нақты болмыстағы жеке тұлғалық адам тірлі- гіне негізделген философиялық ілім. Тұлғаның экзистенционалды мəртебесі ең алдымен жас пен жыныс категорияларына байланысты қарастырылады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close