КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейдтік іс-шаралар өтуде.
Әл-Фараби ауданы аумағында мобильдік топ тәртіп сақшыларымен бірге «Arman city», «Sunrise», «Гарант» сынды адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында киім-кешек сататын дүкендердің бірнеше қызметкерлері бетпердесіз жүргені анықталып, ескерту жасалды.
Бүгінде Әл-Фараби ауданында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ жұмыс атқаруда. Олар базар, ірі сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары мен тойханаларды күнделікті тексеруде.
Қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді карантиндік талаптарды сақтап, қоғамдық орындарда бетперде киюге, жауапкершілікті сезінуге шақырамыз.