КӨКТАЙҒАҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Түркістан облысы ыстық климатты өңірлердің қатарында. Дей тұрғанмен облыстың таулы аймақтарында қыс қатты болады. Ұйытқып соққан жел жолдарды жауып көктайғаққа айналдырады.
Көк тайғақ және көк мұз мүлдем өзгеше түсініктер. Біріншісі – табиғи құбылыс, екіншісі – оның жағдайы.
Көк мұз – бұл жердің үстіңгі қабатындағы мұз, ол жылымық кезінде қар мен мұздың еруі кезінде пайда болған судың қатуы нәтижесінде температураның төмендеуі кезінде пайда болады. Температураның нөл шамасында тұрақсыздануы кезінде көк мұз жиі болады.
Көк тайғақ – бұл суық жердің үстіңгі қабатына жауатын жаңбырдың қатуына байланысты, жерде, ағаштарда, сымдарда және басқа жерлерде мұздық пайда болады.
Көбінесе көк тайғақ ызғардың тез арада жылуы кезінде, жердің суытқан үстіңгі қабатынан жылы ауа өткенде пайда болады. Көк тайғақ туралы көбінесе жылына 300 күннен аса уақыт еске алмайды, бірақ көктайғақ болған сол 10-20 күндер көпке дейін ұмытылмайды. Бұл едәуір жиі және қауіпті көрініс, әсіресе энергетиктер мен автомобилистер үшін, өйткені қиын болжалады, көбіне тез және қарқынды өтеді.
Көктайғақтың дамуы көбінесе 1 сағаттен кем болмай және 12 сағаттан аспай өтеді. Ал оның бұзылуы өте баяу, әсіресе мұздың булануынан жүреді, ал төменгі температурада бұл процесс солғын жүреді. Егерде өкпек жылымық немесе қатты жел килікпесе, процесс 4-6 тәулікке дейін созылуы мүмкін.
Көк тайғаққа қалай дайындалу керек (көк мұзға)
Егерде ауа-райының болжамында көктайғақ немесе көк мұз туралы харабарлама берілсе, зақым алу мүмкіндігін төмендету үшін шаралар қабылдаңыздар. Аз сырғанайтын аяқ-киім дайындаңыздар, өкшесіне металл тоқпақ немесе поролон жабыстырыңыздар, ал құрғақ лейкопластырь немесе ажыратушы таспа жабыстырыңыздар, табанын құммен сүртуге болады (зімпара қағазымен).
Көк тайғақ кезінде қандай әрекет жасау керек (көк мұзда)
Абайлап, асықпай, барлық табанға басып жүріңіздер. Бұл ретте аяқты аздап босаң ұстап, қол бос болу керек. Сақа адамдарға резеңке ұшы бар таяқты немесе үшкір басы бар арнайы таяқты пайдалану ұсынылады. Егер Сіздің аяғыңыз тайып кетсе, құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалыңыздар. Құлаған сәтте жиырылуға тырысыңыз және домалап, жерге соққыны жеңілдету керек. Көктайғақ көбіне мұзданумен ілесіп жүреді. Бұл жағдайда электр өту желісіне, электр көліктерінің байланыс тораптарына ерекше назар аударыңыздар. Егерде Сіздер үзілген сымды көрсеңіздер, үзілген орын туралы елді-мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыздар.
Жарақат алған кезде қандай әрекет жасау керек
Травматологиялық пунктке немесе жедел көмек көрсету пунктіне барыңыздар. Жарақат туралы бюллетень немесе анықтама рәсімдеңіздер, ол залалды төлеу туралы талап-арызбен жарақат алған жерде мекен-жайыңыз бойынша сотқа барған кезде пайдалануыңыз мүмкін.