Қоғам

МҮГЕДЕК АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау, психо-әлеуметтік қолдау, полиция, білім беру, дағдарыс орталықтары және азаматтық қоғам секторлары арасындағы гендерлік/тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тиімді жауап қайтару мәселелеріндегі үйлестірілген өзара әрекеттестікті жақсарту, аталған салалар үшін мүгедектіктің түрін ескере отырып, мүгедек адамдардың арасындағы тұрмыстық зорлық- зомбылықтың құрбандарымен жұмыс істеу бойынша әдістемелік материалдар/ хаттамалар әзірлеу, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға аталған секторлардың қызмет көрсетуі бойынша Стандартты жедел рәсімдерге мүгедек адамдарға олардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып көмек көрсету шараларын енгізу.

Есту, сөйлеу, көру қабілеттері, ділдік және интеллектуалдық қабілеттері, тірек- қимыл аппараты бұзылған адамдарды бөле отырып, гендерлік/тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшыраған мүгедек адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі әдістемелік материалдар, нұсқаулықтар және клиникалық хаттамалар әзірлеу.

Денсаулық сақтау, психо-әлеуметтік қолдау және сот әділдігіне қол жеткізу секторлары қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне әртүрлі мүгедектігі бар адамдардың ерекше мұқтаждықтарына назар аудара отырып, гендерлік/тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау және жауап қайтару бойынша міндеттер аясын интеграциялау.

Әлеуметтік қызметкерлерді (жеке көмекшілерді, ымдау тілінің аудармашыларын қоса алғанда), медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметшілерін зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою жағдайларында мүгедек адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша оқыту шараларын жүргізу.

Стандартты жедел рәсімдерге әртүрлі мүгедектігі бар адамдардың арасындағы зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсету шараларын енгізу.

Мүгедек адамдардың мұқтаждықтарына орталықтарды бейімдей отырып, әртүрлі мүгедектігі бар гендерлік зорлық-зомбылықтың құрбандары үшін дағдарыс орталықтарының қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мүгедек әйелдерге қатысты теріс таптаурындардан арылу және олардың отбасы мен қоғамдағы мәртебесін арттыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды ҮЕҰ арасында орналастыру.

Әртүрлі мүгедектігі бар адамдарға түсінікті форматтарда олардың құқықтары, денсаулық сақтаудың кепілдік берілген қызметтері және зорлық-зомбылықтан қорғау, зорлық-зомбылық жасайтын тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, бұл мүгедек адамдардың өмір сүру сапасы айтарлықтай дәрежеде жақсартады және оларға қатысты тұрмыстық зорлық- зомбылықтың барынша азаюына әкеп соғады.

Жергілікті билік органдарына мүгедек адамдарға қызмет көрсету және олардың құқықтарын қорғау мониторингі мен бақылау тетіктерін күшейту қажет. Жергілікті билік органдары зорлық-зомбылық қаупі жағдайындағы адамдар базасын құруға, жайсыз отбасылардың мүгедек мүшелерін есепке алуға, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізуге міндетті. Жергілікті әкімдер қызметі көрсеткіштерінің бірі мүгедектердің қанағаттануы тиіс;

Мүгедек адамдардың арасындағы зорлық-зомбылықтың құрбандарына зорлық- зомбылық қаупі туралы шұғыл хабарлау және зорлық-зомбылық фактісі кезінде көмекке шақырудың қолжетімді әдістерін қамтамасыз ету.

Мамандандырылған қызметтер мен уәкілетті органдар үшін мүгедек адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі біріктірілген деректер базасын құру және оны тиісті қызметтердің есептерінен, анонимді сауалнамадан, мүгедектер арасындағы сауалнамалардан статистикалық деректермен тұрақты жаңарту.

Әлеуетті және тіркелген зорлаушылармен тиісті жұмыс және тұрақты әңгімелесу жүргізу. ҮЕҰ көмегімен басқа елдерде қолданылатын іс жүзіндегі және әлеуетті зорлаушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу бойынша нұсқаулық жасау және бейімдеу;

Психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, ЖПҚ қызметкерлері мен медициналық қызметкерлер үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын мүгедектерге қатысты алдын алу, анықтау, оларға көмек көрсету және қайта бағыттау бойынша өзара әрекет алгоритмін жасау. Алгоритм әртүрлі мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктерін ескеруі қажет;

Іс-әрекеттерді үйлестіру және мүгедектерге кешендік қызметтер көрсету үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын мүгедектерге қатысты алдын алу, анықтау, оларға көмек көрсету және қайта бағыттау бойынша өзара әрекет алгоритмін жасау.

Мүгедек адамдарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау, көмек көрсету, алдын алу бойынша тренингтер өткізу;

Мүгедектерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және мониторингілеу бойынша шаралар

Әлеуметтік қызметкерлердің, медицина қызметкерлерінің, дағдарыс орталықтары қызметкерлерінің жиі мүгедек адамдармен жұмыс істеуге, мүгедек адамдарға қолжетімді форматтарда гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылық және тиісті қызметтер туралы ақпарат беруге қажетті дайындығы жоқтығын ескере отырып, аталған секторлардың мамандары мен көмекші қызметкерлерін мүгедек адамдардың заңды құқықтарын түсінуге, зорлық-зомбылық жасау, ізге түсу немесе зиян келтіру ықтималдығы немесе фактісі туралы, әдепсіз көрсетілген қызметтер, қызметтерді алу кезіндегі кедергілер және т.б. туралы қолданыстағы қауіпсіз хабарлау механизмдеріне үйрету.

Денсаулық сақтау, психо-әлеуметтік қолдау және сот әділдігіне қол жеткізу секторларының мамандары үшін қауіпсіздік тәуекелімен бетпе-бет келген адамдарды анықтау кезінде, оның ішінде зорлық-зомбылықты бастан кешірген адам агрессорға тәуелді болған жағдайларда пайдаланылатын айқындаудың нақты басшылық қағидаттарын әзірлеу қажет. Бұл қызметкерлер орын алуы ықтимал немесе орын алып жатқан зорлық-зомбылық жағдайында мүгедек адамдардың қауіпсіздігін жоспарлау және қауіп-қатерді азайту бойынша оқытылуға тиіс.

Әлеуметтік қызметкерлерді (жеке көмекшілерді, ымдау тілінің аудармашыларын қоса алғанда), медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметшілерін зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою жағдайларында мүгедек адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша оқыту шараларын жүргізу.

Мүгедек адамдардың оларға түсінікті форматтардағы ақпараттың және ақпарат алу каналдарының қолжетімсіздігіне орай өз құқықтары туралы жеткіліксіз хабардар екендігін ескере отырып, мүгедек адамдардың ұрпақты болу құқықтарын қоса өздерінің құқықтары туралы білім деңгейін көтеру, мүгедек адамдарға түсінікті форматтарда ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мүгедек адамдарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тиісті уәкілетті және мамандандырылған органдардың жауапкершілік индикаторларын әзірлеу. Жергілікті комитеттер осы индикаторлар бойынша мониторинг және бағалау жүргізуге тиіс.

Зорлық-зомбылық жағдайларын қоса, мүгедектерге жан-жақты көмек көрсету бойынша жергілікті комитеттер құру. Комитеттерге жергілікті билік өкілдері, жергілікті белсенділер, полиция, әлеуметтік және медициналық қызмет өкілдері кіруге тиіс. Комитет тұрақты түрде мүгедектерге қызмет көрсетуге мониторинг жасап, сауалнама жүргізіп отыруға тиіс.

Діни көшбасшыларды, ҮЕҰ мен мүгедектер арасынан белсенділерді мүгедектердің құқықтарын, оның ішінде ұрпақты болу құқықтарын ілгерілету, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін тарту. Жоғарыда аталып өткен белсенділер үшін семинарлар ұйымдастыру.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және отбасылық жанжалдарды шешу тәсілдерін БАҚ арқылы насихаттау. Отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбын есепке алу жоспарында БАҚ-тың ақпараттық-тәрбиелік бағдарламаларын мазмұнды өзгерту қажет. Атап айтқанда, практикаға телеконсультациялар мен радиоконсультациялар, әлеуметтік желілер арқылы консультациялар және отбасы ішіндегі қарым-қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері бойынша әңгімелер жүргізуді енгізу; отбасы саясаты, азаматтық отбасы құқықтары, балаларды тәрбиелеу проблемалары бойынша әлеуметтік жарнаманы күшейту; отбасындағы балаларға зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесіне қоғам назарын аудару.

Халықты мүгедек адамдарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы туралы хабардар ету, мүгедек адамдарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зорлық-зомбылық кезінде қолданылатын шаралар жөнінде Түркістан облысында «Әртүрлі, бірақ тең» кампаниясын жүргізу.

Жергілікті телехабарларда мүгедектердің проблемалары және оларға қатысты зорлық-зомбылық туралы телехабарлар (ток-шоу) ұйымдастыру.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» дүниежүзілік кампаниясы барысында мүгедек әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемасын баяндау.

«Тең – теңімен» қағидаты бойынша тәлімгерлік бағдарламасын құру. Өмір қиындықтарына төтеп берген табысты мүгедектер оларға бекітіліп берілген тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып табылатын мүгедекке тәлімгерлік арқылы онлайн бағдар бере алады. Бейне түсірілімі бар сайт жасап, тәлімгерлерді тіркелуге шақыру. Оларды оқытып, олар туралы промобейне түсіру және жіберілім арқылы тәлімгерге ие болғысы келетіндерді шақыру. Тәлімгерлік бағдарламасы кем дегенде 3 айға созылуға тиіс, әрі қарай құрбан мен тәлімгердің келісімі бойынша жүргізіледі. Қалауы бойынша табысты оқиғалар қоғамдастықтар арқылы кең таралатын болады.

Мүгедектер балаларына құрдастары тарапынан зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте балаларды адам құқықтары мәселелеріне және оларды құрметтеуге, отбасылық қарым-қатынастар мәдениетіне, өз басы мінез-құлқын басқару мәдениетіне, жанжалды жағдайдағы мінез-құлық мәдениетіне және олардан шығу әдістеріне үйрету қажет.

ЖПҚ тарапынан психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық болатын мүгедек адамдардың отбасыларын есепке алу және мониторинг жүргізу.

Мүмкіндігі шектеулі жастарды белсендіру жұмысын жүргізуге, оларды білім алуға бағыттауға және өзінің мүмкіндіктері мен құзыреті шектерінде барынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге тиіс болатын қоғамдық ұйымдарды қолдау және дамыту.

Қалыпты мекемелерде білім алуға шектеулері бар мүгедек адамдардың білім алу қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін қашықтан білім беруді дамытуға жәрдемдесу қажет.

Мүгедек адамдарға арналған оларды өздерінің құқықтары мен олардың құқықтарын қорғау әдістері, сондай-ақ оларға көрсетілуі мүмкін зорлық-зомбылық жағдайларын ескере отырып, мүгедектерге көрсетілуге тиісті мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында онлайн және офлайн оқыту курстарын өткізу.

Дәрігерлерді, полиция қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтар мен жергілікті мамандарды мүгедек адамдардың арасындағы тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарын анықтау бойынша оқыту курстарын әзірлеу және ұйымдастыру. ТЗ саласындағы қызметтер туралы қолжетімді форматтарда (мүгедектердің түрлері мен қажеттіліктері бойынша) ТЗ туралы ақпарат беру дағдыларын сіңдіру және дамыту.

Агрессорлармен жұмыс. Адам өмірінің құндылықтарын, оның алуан түрлілігі мен барлық адамдар құқықтарының теңдігін түсіндіру жолымен агрессорлармен жұмыс істеуге арналған пилоттық жобаны ұйымдастыру. Жобаға психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, белсенді мүгедектерді және ҮЕҰ-ны тарту. Пилотта пысықталған әдістемені бекіту және тарату.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын мүгедек адамдар үшін тиісті қолдау қызметтеріне (жедел желілер, сенім телефоны, белгі беру батырмалары) қолжетімділікті қамтамасыз ету. Операторларға арналған зорлық- зомбылық құрбандары болып табылатын мүгедек адамдарға қатысты қосымша нұсқаулықтар әзірлеу жолымен зорлық-зомбылық бойынша тиісті жедел желіге қосылуға болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын мүгедек адамдармен жұмыс істеу бойынша ЖПҚ қызметкерлері үшін арнайы тренинг бағдарламасын әзірлеу. Есту және көру қабілеті бұзылған бірінші топ мүгедектерін зорлық- зомбылық туралы хабарлау үшін «дабыл батырмасымен» қамтамасыз ету.

Мүгедек адамдарға қызметтер көрсету жөніндегі барлық ұйымдар мен мекемелерде мүгедектермен тиімді қатынас жасау үшін оларды ымдау тілі мамандарының (сурдоаудармашылардың) қызметтерімен қамтамасыз ету.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close