Қоғам

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын жақсарту мақсатында 18 инватакси қызмет көрсетеді. Инватакси қызыметін жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ пен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар азаматтар жүгіне алады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқамасының басшысы Балмаржан Нарбекова мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда арнайы қызмет ететін Инватаксидің жұмыс барысымен танысты.
Бекітілген автокөліктер жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен мүгедектігі бар азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады. Сонымен қатар, жұмыс, оқу орнына, медициналық мекемелерге, әуежайлар, теміржол вокзалдары және т.б. белгіленген пункттерге жеткізіледі.

Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам азамат қызмет алуға өтініш тапсырған. Күніне 200-ге жуық тапсырыс қабылданады. Өтініш беруші 1 күн бұрын диспетчерге (8 (7252) 57-70-06) хабарласып тапсырыс қалдыра алады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәліметі бойынша Шымкент қаласында 36 823 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде: бірінші топтағы – 3 311, екінші топтағы – 14 825, үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар – 12 296. Ал 18 жасқа дейінгі 6 391 мүгедек бала тіркелген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close