ОРДАБАСЫДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Ордабасыда ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада аудан әкімі Азат Оралбаев аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады.
Құрметті жерлестер! Қадірменді қонақтар!
Сіздерді «Республика күнімен» құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылы алғашқы Ұлттық құрылтайдағы ұсынысына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына түзетулер енгізіліп, 25 қазан «Республика күні» мемлекеттік мерекелер қатарына енді.
Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие.
Елдің даму көшінде ордабасылықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңіріміздің экономикасы да дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастамалар мен игілікті істер жүйелі жалғасын табуда.
Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын – деген Азат Әбдіғалиұлы
ҚР Қорғаныс Министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың алғыс хатымен Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысқаны үшін әскери азаматтарды және облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен бірқатар азаматты марапаттады.
Одан кейін, аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік- экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» атағы, «Ордабасы аудынының 60-жылдық мерекелік медалін» табыстап, кеуделеріне төсбелгі тақты.
Осылайша, Ұлттық мереке қарсаңында бірқатар азаматтардың мерейлері өсіп, сан түрлі мақтау, мадақтауларға ие болды.
Мерекелік кешті аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мағыналы әрі мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғастырды. Жиналғандардың делебесін қоздыратын, патриоттық сезімін оятатын отаншылдық бағытындағы әндер шырқалды.