ОТПЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ
Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады.
От жұмыстарының жүргiзiлуi- не уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң мемлекеттік емес өртке қарсы қызметi, ал жоқ жерлерде оларды жүргiзер күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құра- лымдарға келiп түсуi тиiс. От жұмыстары жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдай- да от жұмыстары жүргiзілетін орынға өрт крандарынан оқпандары бар өрт сөндіру түтікқұбырлары төселедi. От жұмыстарымен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын орынды пайдаланады.От жұмыстарын қауіпсіз жүргiзуді қамтамасыз ететін адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi. От жұмыстары тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауіпті және өрт-жарылыс қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.
От жұмыстарын жүргiзуге қарастырылатын технологиялық жабдық өрт-жарылыс қауiпсiз жай-күйiне:
- өрт-жарылыс қауiптi заттардан босату;
- қолданыстағы коммуникациялардан (от жұмыстарын жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;
- алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы келтiрiледi.
Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 %-ға тең етiп қабылданады. Технологиялық жабдықты жуу ондағы будың (газдың) шоғырлануы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статикалық қауiпсiз режимде болғанда жүргiзiледi. От жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайларды, жабдықтар мен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiн және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.
Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және от жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың жабындары, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады. От жұмыстарын жүргiзу орны осы Қағидаларға 13-қосымшада көрсетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылады. Көрсетiлген радиустар шегiндегi құрылыс констукциялары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен немесе жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады. От жұмыстары орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты ашық болады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отпен жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.
Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метрден артық емес етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден ас- пайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады. От жұмыстарын бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiн бақылау жүзеге асырылады. Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатордың шоғырлануы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылыс қауiпсiз шоғырлану мәнiне дейiн төмендеген жағдайда от жұмыстары дереу тоқтатылады. От жұмыстары жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологи- ялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.
От жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:
- аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;
- жанғыш бояулармен (лактармен) жаңадан сырланған констукциялар мен бұйымдарда от жұмыстарын жүргiзуге;
- майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғапты пайдалануға;
- дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұй- ықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;
- электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;
- жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;
- жабынға гидрооқшаулағыш пен буоқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен, еден- дердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, масти- калар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар от жұмыстарын жүргiзуге;
- электрдәнекерлеушi және газдәнекерлеушi (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуге.
Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл кон- струкцияларынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде от жұмыстарын жүргiзуге болмайды. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрдәнекерлеу жұмыстары жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен бөлiктерде ғана жүргiзiледi.Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде от жұмыстары жанатын конструкциялардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындалады.
Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде және от жұмыстарын жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге ерікті нысанда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жоспарын әзiрлейдi. Өрт шығу қаупi неғұрлым жоғары орындарда, от жұмыстары көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру бекеттері (қызмет көрсетушi персонал, өртке қарсы ерiктi құралым санынан) қойылады.
Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптары көзделеді. От жұмыстарын 6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiктікте iстеуге болмайды. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша от жұмыстары аяқталғаннан кейiн 3-5 сағат iшiнде олар жүргiзілген орындарды тексерудi қамтамасыз етедi.