Қоғам

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛУ ҮШІН БАЖДЫ QR-КОД АРҚЫЛЫ ТӨЛЕЙ АЛАДЫ

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлқұжат пен жеке куәлік ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR-кодтың көмегімен төлей алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы хабарлады.

Клиент құжат рәсімдеуге өтініш қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген кезде, кассаға бармай-ақ, мемлекеттік бажды Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларындағы QR-төлем жүйесі арқылы төлей алады. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру негізінде жүзеге асып отыр.

«Бұрын QR көмегімен жер учаскелеріне актілер дайындау және беруге, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, кондоминиум объектілерін тіркеуге және жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлік саласындағы қызметтерге, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Қазірдің өзінде 50-ден астам клиент QR-кодтың көмегімен төқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді төледі», — деді мекеменің баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Бұл жүйе қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.

2021 жылдың сегіз ай ішінде Шымкент қаласының ХҚО-лары төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру бойынша 13 818 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 теңге, төлқұжат үшін – 23 336 теңгені құрайды.

Мемлекеттік қызметтерді QR-кодтың көмегімен төлеу алғаш рет 2020 жылғы қарашада іске қосылды. Жалпы айтқанда, Мемлекеттік корпорация 662 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Сондай-ақ, QR-код әрбір қызмет бойынша және әрбір клиент үшін жеке қалыптастырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close