ҚАЗАҚСТАН ОТБАСЫЛАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Бұл қысқаша талдамалық есеп Қазақстанда жүргізілген отбасылардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық саласындағы білім, қарым-қатынастар мен тәжірибе туралы зерттеу- лер (бұдан әрі – БҚТ) нәтижелерін баяндайды. Зерттеуді Адам құқықта- ры жөніндегі ұлттық орталық (Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен мекемесі) Қазақстан Республикасы Ұлт- тық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Стати- стика комитеті Ақпараттық-есептеу орталығының және «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» зерттеу компани- ясының қолдауымен ЮНИСЕФ-пен бірлесіп өткізді. Қазақстан Респу- бликасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қа- зақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республика- сының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлі- гі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы зерттеуде не- гізгі серіктес болды.
Қазақстанда отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен байла- нысты қолданылып жүрген білімнің, қарым-қатынастар мен тәжірибенің айқын көрінісі жоқ. Сондықтан ба- лаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша БҚТ зерттеулері аясында халық арасында отбасылар- дағы балаларға қатысты зорлық-зом- былық пен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықпен бай- ланысты білім, басым әлеуметтік нор- малар мен қолданыстағы тәжірибе- лер туралы мәліметтер жинақталды.
Отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық бүкіл әлемде кең таралған мәселе болып табылады. Көбінесе балаларға қатысты зор- лық-зомбылықты баланы танитын адамдар жасайтын болып келеді, олар: ата-аналары, биологиялық емес ата- аналары, ағалары мен апалары, атала- ры мен әжелері, сондай-ақ туысқанда- ры. Балалар, сондай-ақ, үйдегі басқа да отбасы мүшелерінің арасындағы зорлық-зомбылықтың жанама құрба- ны болып табылады. Отбасыларында зорлық-зомбылық көрген балалар әле- уметтік және эмоционалдық проблема- ларға ұшырап, дене бітімінің қалыпта- суында және ақыл-ойдың дамуында проблемаларға ұрынып және оқуда қиындықтарға тап болу қаупіне көбірек ұшырайды, әдетте, мектептегі оқу үл- герімі төмен болады. Сонымен қатар, оларға өздерін төмен бағалау, қауіпті мінез-құлыққа (мысалы, есірткі мен ішімдік қолдануға) және өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділікке алып келуі мүм- кін үрей мен торығу тән болуы мүмкін.
Зерттеу сандық және сапалық деректерге жасалған талдауды қамтитын көлденең кесінділер әдісі бойын- ша жүргізілді. Халық арасынан деректер жинаудың сандық әдісі арқылы отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықпен байланысты білім, қа- рым-қатынас және тәжірибе туралы деректер жиналды. Деректер жалпы халық (ересектер мен балалар), ма- мандар (балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналысатын тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары- ның өкілдері) мен шешім қабылдау өкілеттігі бар орта- лық басқару органдарының өкілдері арасында жүзеге асырылды.
Зерттеу аясында Қазақстанның 14 облысының 8 қамтыл- ды, оның ішінде: Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қа- рағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Зерттеу адамдардың 67%-ының үйде балаларды тәртіпке салу үшін зор- лық-зомбылықты қолданғанын анықта- ды. Атап айтқанда, ересектердің 65%-ы психологиялық зорлық-зомбылықты пайдаланған, ал 39%-ы балаларды тәртіпке салу мақсатында физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сонымен қатар, ересек адамдардың 37%-ы ба- ланы тәртіпке салу мақсатында пси- хологиялық және физикалық зор- лық-зомбылықты пайдаланған.
Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықты қолдану ата- ананың өзі/қамқоршы тарапынан тізгіндеуге көнбейтін олқылықтың нәтижесі болуы мүмкін немесе дене жазасын қолданумен ұқсас мақсаты болуы мүмкін, атап айтқанда — бала- ны тәртіпке салу үшін қорқыту немесе шошыту және тілазарлығынан құтылу үшін «қайта тәрбиелеу». Физикалық және психологикалық зорлық-зом- былыққа атүсті қарауға болмайды, себебі балалардың өзін-өзі қадірлеу, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен аман-са- улығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол балалардың бойында қорқыныш пен алаңдаушылық тудыруы және олардың мінез-құлқына, мектептегі үлгеріміне және академиялық білім алуына әсер ететін теріс ұзаққа со- зылатын салдарларға әкелуі мүмкін. Теріс салдарлар баланың жағдайы- на және жасына байланысты айтар- лықтай ерекшеленуі мүмкін, бірақ от- басында зорлық-зомбылықты бастан кешіретін көптеген балалар үшін көп жағдайда ерте балалық шақта баста- лып, жасөспірімдік кезеңге жалға- сады. Кейбір ересектер балаларды тәртіпке салу және жазалау үшін ан- да-санда зорлық-зомбылық көрсетеді, ал кейбір ересектер балаларға үнемі түрлі зорлық-зомбылық жасайды.
Зорлық-зомбылықтың ұрпақтан-ұр- паққа таралуы Қазақстандағы отба- сылардың түйткілді мәселесі болып табылады. Бұл зерттеу балалық шақта зорлық-зомбылыққа ұшыраған ере- сектер балалық шағында зорлық-зом-былыққа ұшырамаған ересектермен салыстырғанда (тиісінше 60% және 30%) өз балаларын тәртіпке салу және қадағалау үшін психологиялық (72%) және физикалық (48%) зорлық-зом- былық көрсететінін анықтады.
Зерттеу интернаттық мекемелердегі сұралған балалардың 79%-ы және мектептердегі сұралған балалар- дың 62%-ы отбасылық зорлық-зом- былыққа ұшырағанын көрсетті. Атап айтқанда, интернаттық мекемелер- дегі сұралған балалардың 68%-ы және мектептердегі сұралған бала- лардың 60%-ы ата-аналары/қамқор- шысы тарапынан зорлық-зомбылық көрген. Мекемелердегі (67%) және мектептердегі (59%) сұралған ба- лалар ата-аналары мен қамқор- шылары тарапынан психологиялық зорлық-зомбылықты тең деңгейде дерлік бастан кешірді. Мекемелер- дегі сұралған балалардың (39%) мектептердегі сұралған балаларға қарағанда (17%) ата-анасынан/ қамқоршысынан физикалық зор- лық-зомбылық көруі екі есе жоғары болған. Мекемелердегі сұралған ба- лалардың (37%) ата-анасы/қамқор- шысы тарапынан психологиялық та, сондай-ақ физикалық та зорлық-зом- былықты бастан кешіруі мектептегі сұралған балаларға қарағанда (15%) екі есе жоғары болған. Бір-бірін ұрып-соғатын бауырлар жиі кездесетіндіктен, оны физикалық зор- лық-зомбылық деп санайтын адамдар азғантай ғана; дегенмен, бауырлар арасындағы физикалық зорлық-зом- былықты, әсіресе, ата-анасының ара- ласпауынан бауырлар арасындағы бақылаудан тыс қалатын агрессия мен өшпенділік күшейе түсетін жағдайлар- да отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрі ретінде жіктелетін әдебиет көп. Зерттеу мекемелердегі балалардың 24%-ы және мектептердегі балалар- дың 14%-ы бауырларының тарапынан зорлық-зомбылыққа тап болған. Зерттеу бауырлар арасындағы зор- лық-зомбылық балаларға эмоционал- дық және мінез-құлыққа қатысты про- блемалардың, қоғамға жат мінез-құлық пен әртүрлі жарақат алуды қоса алған- да, ұзақ мерзімді теріс әсерін тигізуі мүмкін екенін көрсетті. Бауырлар ара- сындағы зорлық-зомбылықтың олар- дың ересек өмірде де жалғасуы мүмкін ұзақ мерзімге созылатын қарым-қаты- настарына әсер етуі және оны бұзатын салдарлары болуы мүмкін.
Дене (немесе физикалық) жазасы — физикалық күш қолданылатын және белгілі бір дәрежеде, бірақ жеңіл ауырсыну немесе жайсыздық туды- ру үшін қолданылатын кез келген жазалау түрі. Дене жазасының кең таралған түрлеріне баланы ұру, ша- палақпен тартып жіберу және қол- мен немесе затпен (яғни қамшы, таяқ, белдік, аяқ киім, ағаш қасық және т.б.) ұрып-соғу жатады, бірақ, сонымен бірге, балаларды тебу, сіл- кілеу және лақтыру, сондай-ақ, тыр- нау, шымшу, тістеу, шашынан тарту, шапалақпен тартып жіберу түрлері де қолданылуы мүмкін. Физикалық зорлық-зомбылық сондай-ақ, бала- ларды ыңғайсыз қалыпта тұрғызып қою немесе мәжбүрлеп тамақтанды- ру, мысалы, сабын, ащы бұрыш және т.б. жұтқызу түрінде көрініс табуы мүмкін. Асқан қатыгездік жағдайла- рында дене жазасы ретінде баланы отқа немесе ыстық суға күйдіру түрлері қолданылуы мүмкін. Зерттеу ересек адамдардың 75%-ы мен балаларды қорғау және әділсот жүйесі мамандарының 46%-ының үйде дене жазасын қолдануды құп- тайтынын көрсетті. Сонымен қатар, мекемелердегі балалардың 54%-ы және мектептердегі балалардың 34%-ы үйде балаларға дене жаза- сын қолдануды құптайды екен. Бұл мәліметтер дене жазасын қолдану құпталатынын және қоғамның бой- ына терең сіңген қасиет екенін көр- сетеді. Ата-аналар балаларының қажетті мінез-құлыққа сай болуын қамта- масыз ету үшін дене жазасын жиі пайдаланатын болса да, жүргізілген зерттеулер дене жазасының кері және жағымсыз әсерлері болуы, ба- лаларға зиян келтіруі мүмкін (яғни, қоғамға жат мінез-құлық көрсету- ге әкелуі мүмкін) екенін анықтады. Дене жазасы немесе физикалық зор- лық-зомбылық балалар арасындағы лайықсыз мінез-құлықтың деңгейін азайтпайды, ол балаларға физикалық агрессияны қолдану қалыпты жағдай екенін және қақтығыстарды шешудің дұрыс әдісі екенін үйретеді.
Ата-анасы баласын ұрып-соққанын көргенінің куәсі болған жұртшылық өкілдері не істер еді? Зерттеуге сәй- кес, ересек халықтың 26%-ы ара- ласпайтыны; ал ересектердің 63%-ы араласып, ұрып-соғылып жатқан балаға көмектесуге тырысатыны анықталды. Алайда ересектердің 34%-ы ғана ресми шара қолданады екен. Тек 25%-ы оқиға туралы поли- цияға, ал 14%-ы бұл оқиғаны әлеу- меттік қызметкерге немесе баланы қорғау жөніндегі қызметкерге хабар- лайтынын айтқан.
Баласына физикалық зорлық-зомбылық көрсететін және жарақат салып, жа- нын ауыртатын ата-анаға қандай шара қолданылуы керек? Бұл зертте- уде ересек адамдардың 15%-ы, мектептердегі балалардың 33%-ы және мекемелердегі балалардың 39%-ы ата-анаға ешбір шара қолданылмауы керек деп санайтынын анықтады, се- бебі, олар әрбір ата-ана өз баласын тәртіпке салуға құқылы деп ойлай- ды екен. Салыстыру үшін, балалар- ды қорғау және әділсот мәселелері жөніндегі мамандардың 74%-ы зор- лық-зомбылық көрсетуші ата-аналар туралы полицияға хабарлау керек, ал 64%-ы ондай ата-аналардың іс-әре- кеті сотта қаралуы керек деп санай- ды. Бұдан басқа, балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналы- сатын мамандардың 74%-ы физика- лық зорлық-зомбылықты қолданып, өз балаларына зиян келтіретін/жа- рақат салатын ата-аналарға психоло- гиялық кеңес беру керек деп санайды.
Жалпы халық өкілдері мен бала- ларды қорғау және әділсот жүй- есі мамандары отбасында бала- ларға зорлық-зомбылық көрсету Қазақстандағы «маңызды мәселе» деп санайды. Іс жүзінде, балаларды қорғау мен әділсот жүйесі маман- дарының 46%-ы және ересектердің 35%-ы отбасындағы балаларға қа- тысты физикалық зорлық-зомбылық Қазақстандағы «маңызды мәселе» деп санайды. Сондай-ақ, балаларды қорғау және әділсот жүйесі мамандарының 64%-ы мен ересектерінің 46%-ы отбасындағы балаларға қа- тысты психологиялық зорлық-зомбылық Қазақстандағы «маңызды мәселе» деп санайды.
Балаларды қорғау жөніндегі маман- дар (60%) әділсот органдары жүй- есінің өкілдеріне қарағанда (33%) отбасындағы балаларға қатысты фи- зикалық зорлық-зомбылықты «маңы- зды мәселе» деп санауға екі есе дер- лік бейім келеді.
Осы зерттеудің аясында ересек халықтың 68%-ы және балаларды қорғау мен әділсот мәселелерімен айналыса- тын мамандардың 67%-ы Қазақстанда балаға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету «маңызды мәселе» деп са- найтыны; ал ересектердің 22%-ы және балаларды қорғау мен әділсот мәселелерімен айналысатын мамандардың 20%-ы Қазақстанда балаға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету «қалыпты мәселе» деп санайды.
Бұған қоса, ересектердің 79%-ы және балаларды қорғау мен әділсот мәселелерімен айналысатын маман- дардың 64%-ы Қазақстанда бала- ларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету деңгейі артып барады деп ойлайды.
Бір қызығы, ересектердің (83%), ба- лаларды қорғау мен әділсот мәселе- лерімен айналысатын мамандардың (85%) басым бөлігі балаларға жыны- стық зорлық-зомбылық көрсету бөтен адамдардан келуі мүмкін деп санай- ды. Балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналысатын маман- дардың (54%) және ересектердің (42%) басым бөлігі балаларға жыны- стық зорлық-зомбылықты көршілер көрсетуі мүмкін деп санайды. Саны аз болғанына қарамастан, ересек адамдардың басым бөлігі отбасының достары (31%) мен мұғалімдер/мек- теп қызметкерлері (25%) балаларды жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшы- ратады деп жауап берген.
Респонденттер балаға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетушілер от- басының мүшелері бола алатыны- на аса сенбейді. Шын мәнінде, ере- сектерінің 48%-ы және балаларды қорғау мен әділсот саласы мамандарының 61%-ы био- логиялық ата-анасы баласына жыныстық зорлық-зом- былық көрсете алуы мүмкін деп санайды. Олар балаға өгей ата-анасы жыныстық зорлық көрсете алатынына көбірек сенеді. Сондай-ақ, балаларды қорғау және әділсот мамандары арасындағы 9%-ға қарағанда ере- сектердің 38%-ы ағалары мен апалары балаларға жы- ныстық зорлық көрсетеді деп ойлайды. Салыстырар болсақ, ересектердің өте аз бөлігі (5%) балалардың ата-әжелері оларға жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деп санайды.
Мекемелер мен мектептердегі балалардың елеулі бөлігі отбасы мүшелері мен отбасы мүшелері емес адамдар- дың балаларға қаншалықты зорлық-зомбылық көрсетуі мүмкін екенін «білмейді»; бұл олардың өздеріне жыны- стық зорлық-зомбылық жасаушылардың кім екенін біл- мейтінін көрсететіні туралы қорытынды жасауға мүм- кіндік береді.
Зерттеу отбасындағы балаларға қаты- сты зорлық-зомбылық туралы күдікті істерді полицияға хабарлауға міндет- тейтін заңға ересектер мен мамандар- дың мейлінше қолдау білдіретінін көр- сетті. Сөйтіп, іс жүзінде барлық дерлік сұралған ересектер мен балаларды қорғау және әділсот саласындағы мамандар барлық мектеп мұғалім- дерін, медбикелер мен дәрігерлерді отбасындағы балаларға қатысты зор- лық-зомбылық туралы күдікті істерді полицияға хабарлауға заңмен міндет- тейтін заң қажет деп санайды.
Балаларды қорғау мен әділсот орган- дары қызметкерлерінің (64%) және ересектердің (61%) басым көпшілігі балаларға қатысты жыныстық зор- лық-зомбылық туралы хабарлауды міндеттейтін заңның болуы «өте маңызды» деп санайды. Таңқалар- лық, алайда, қоғамдағы мәртебесіне қарамастан, барлық респонденттер бірдей Қазақстанда балаларға жы- ныстық зорлық-зомбылық көрсетіл- гені туралы хабарлауды міндеттейтін заң болуы өте маңызды деп санай бермейді екен.
Отбасында күш көрсетуге, зор- лық-зомбылыққа немесе олардың мұқтаждықтары еленбейтін бала- лардың үйден қашып кету қаупі артады. Орталық Азияда жүргізіл- ген зерттеулер үйде және отбасын- да күш көрсету мен зорлық-зом- былыққа тап болатын балалар күш көрсетуден және зорлық-зом- былықтан құтылу үшін үйден қаша- тынын көрсетті. Зерттеу анықтаған- дай, балаларды қорғау және әділсот саласындағы мамандардың 75%-ы және ересектердің 60%-ы отбасын- да зорлық-зомбылықты бастан кеш- кен балалардың үйден қашып кету қаупі жоғары екенінен хабары бар екенін көрсетті. Барлық дерлік ере- сектер (89,9%), сондай-ақ балалар- ды қорғау және әділсот саласының мамандары (82%) отбасы мүшелері тарапынан жыныстық зорлық-зом- былыққа ұшырайтын балалардың үйден қашып кету қаупі артатынын мойындады.
Балалардың отбасылық зорлық-зом- былыққа ұшырауы мен үйден қашып кетуі арасындағы өзара байланыс та зерттелді, мектептердегі бала- лардың тек 3%-ымен салыстырғанда мекемелердегі балалардың 50%-ы үйден қашқан. Үйден қашып кеткен мектеп оқушыларының көбісі үйінен бір рет қашып көрген; мекемелерде- гі балалар бірнеше рет қашқан, ал 37%-ы үйден алты немесе одан да көп рет қашқан.
Балаларға үйден қашу себептерінің тізімі берілді және мекемелерде- гі сұралған балалардың 34%-ы, ал мектептердегі балалардың 30%-ы өздеріне ешкім қамқорлық көр- сетпейтінін немесе ешкім жақсы көрмейтінін сезінгендіктен үйден қашып кеткенін көрсеткен. Сонымен қатар, мектептердегі сұралған бала- лардың 27%-ы және мекемелердегі балалардың 24%-ы отбасыларында жиі жанжал/төбелес болғандықтан үйден қашқан. Онымен бірге, мек- тептердегі сұралған балалардың 23%-ы ата-аналары немесе басқа от- басы мүшелері оларды ұрып-соққан- дықтан үйден қашып кеткенін жет- кізген.
Бұл зерттеу сонымен қатар ата-анасы немесе қамқоршысы тарапынан психологиялық зорлық-зомбылық көрген балалар мұндай зорлық-зомбылыққа ұшырамаған балалармен салыстырғанда үйден қашуға екі есе көп бейім болатындығын көр- сетті. Сондай-ақ, ата-анасынан не- месе қамқоршыларынан физикалық зорлық-зомбылық көрген балалар мұндай зорлық-зомбылыққа ұшыра- маған балалармен салыстырғанда үйден қашуға үш есе көп бейім бо- лады екен. Сондай-ақ, ағалары мен апаларының тарапынан зорлық-зом- былық көрген балалардың үйден қашуы үш есе дерлік жоғары болып шықты. Отбасындағы зорлық-зом- былықты бақылау да баланың үйден қашу қаупін арттырған.
Бұл зерттеу өткен бір немесе екі жыл ішінде балаларды қорғау (60%), бала құқықтары (58%), мінез-құлқы бұзылған балалармен сұхбаттасу (56%) және балаларға қатысты зор- лық-зомбылық (49%) саласында қа- тыстырылған балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналысатын мамандардың жартысы ғана дайын- дықтан өткенін анықтады. Балаларды қорғау және әділсот жүйесі маман- дары мектептегі зорлық-зомбылық (44%) пен гендерлік зорлық-зом- былық (34%) саласы бойынша әл- деқайда аз оқытылған.
Дәл осылайша балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналы- сатын мамандардың 46%-ы ғана балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қолданыстағы заңдар мен ережелер саласында даярлықтан өткен, 39%-ы балаларға қатысты зор- лық-зомбылық қылмыстарын анықтау бойынша оқытылған, 37%-ы қылмыс құрбаны немесе куәгері болған ба- лалармен сұхбаттасуға үйретілген, 33%-ы балаларға зорлық-зомбылық көрсету қылмыстарын тергеуге даяр- ланған.
Балаларды қорғау және әділсот мәсе- лелерімен айналысатын мамандардың үшеуінің біреуі ғана қылмыс құрба- ны немесе куәгері болған балаларды қолдау көрсетілетін мекемелерге жі- беру тәртібіне, балаларға зорлық-зом- былық жасау істерін үйлестіруге және сондай істерді бақылауда және қа- дағалауда ұстауға үйретілген.
Зерттеу нәтижелері негізінде бала- ларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған диалог пен мемлекеттік бағдарламаларды әрі қа- рай дамыту, сондай-ақ балаларға қа- тысты зорлық-зомбылыққа және бала құқықтарына байланысты коммуни- кациялық бастамалар аясында негізгі ережелерді тұжырымдау мақсатында ЮНИСЕФ пен Қазақстан Республикасы- ның Үкіметі үшін ұсыныстар әзірленді.
Барлық балалардың құқықтары от- басында құрметтелуін және көтер- меленуін қамтамасыз ету үшін от- басылардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түр- леріне, соның ішінде, дене жазасына және басқа да қатыгез және қадір-қа- сиетті қорлайтын жазалау түрлерін қолдануға тыйым салатын нақты құқықтық негіздер мен ережелер та- лап етіледі. Сондай-ақ балаларға қа- тысты зорлық-зомбылық және жыны- стық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы жағдайларды міндетті түрде хабарлау және тіркеу талап етіледі.
Осы зерттеудің қорытындылары от- басындағы балаларға қатысты зор- лық-зомбылық мәселелерін шешуге бағытталған заңнамалардың бар екенін, алайда балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналысатын маман- дардың оларды тиімді қолданбайты- нын немесе пайдаланбайтынын көр- сетті. Балаларды қорғау және әділсот мәселелерімен айналысатын маман- дардың барлығы бірдей Қазақстандағы балаларға зорлық-зомбылық көрсетугеқатысты қолданыстағы заңдарды және өздерінің балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы күдікті және мәлім жағдайларды хабарлау туралы міндет- терін біле бермейді.
Балаға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары туралы хабарлау міндетімен байланысты кез келген заңна- ма мен ережелер хабарлауға болатын жағдайлардың нақты сипаттамасын беруі, нұсқаулықтар мен хабарлау рәсімдерін жазып беруі, хабар бермегені үшін қолданылатын жазалау шараларын, балаларға күш және жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы күдікті және мәлім жайттарды адал ни- етпен хабарлаған барлық тұлғаларды азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінен қорғау ережелерінқамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, құзыретті органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылық және жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы хабарланған істерді міндетті түрде тергеп, тексеруі тиіс.
Үздік тәжірибелер хабарлау міндеті балаға бұрынғыдан бетер залал кел- тірілмеуі және болған жайтты ха- барлау, шара қолдану, тиісті мекеме- лерге жолдау мен бақылауда ұстау сатыларының барлығында баланың ең игі мүдделері назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету үшін қылмыс құрбаны атанған балаларға маңызды қызмет- тер көрсете алатын балаларды қорғаудың тиімді жүйесімен және балаларға қолдау көрсету қызметтерімен күшей- тілуі тиіс екенін көрсетеді.
Үйде және отбасында балаларға зор- лық-зомбылық көрсетуді болдырма- уға және азайтуға болады. Мұндағы басты мәселе ұлттық заңнама мен нормативтік актілер жалпы халықты, ересектерді, сондай-ақ балалар мен мамандарды қамтитын тиімді ақпа- раттандыру және мінез-құлықты өз- герту науқандарымен қатар жүруі болып табылады.
Үкімет үйде және отбасында бала- ларға қатысты зорлық-зомбылықпен тиімді күресе алатын мінез-құлықты өзгерту мен хабардарлықты арттыру бойынша жаппай науқанды әзірлеу қажет. Мұндай науқан балаларға зор- лық-зомбылық көрсету қандай әре- кеттерден тұратынын, қауіп фактор- лары мен зорлық-зомбылық белгілері, зорлық-зомбылықтың теріс салдары және балаларға зорлық-зомбылық көрсетілген деп саналатын күдікті және мәлім жағдайларда қандай әре- кеттер жасау қажет екендігі туралы хабардарлықты арттыра алады. Бұл науқан ұлттық және қоғамдық дең- гейлерде іске асырылуы тиіс.
Бұл зерттеу мамандардың балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықты анықтауға, хабарлау мен шара қол- дануға, әрі зорлық-зомбылық құр- бандарын қорғауға және олармен жұмыс істеуге қатысты білімі мен біліктіліктерін арттыру бойынша қосымша оқытудан өткізу қажет- тілігін көрсетеді. Оқу мамандардың функциялары мен міндеттеріне сай қысқаша талдамалық есепнақты қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Отбасында, мектептерде және қоғамдастықтарда балаларға қаты- сты зорлық-зомбылыққа барынша тиімді әрі нәтижелі жауап қайтару үшін қызметті жеткізушілер, полиция және әділсот арасындағы үйлестіру- ді жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлер, балаларды қорғау мәселелері жөніндегі қызметкерлер, денсаулық сақтау, білім беру, оңалту қоғамдық қызметінің қызметкерлері, полиция және әділсот органдарының қызметкерлері үшін бірлескен оқу өткізу қажет. Олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті нығайту жөніндегі тренингтерге жұ- мыс істеп жатқан оқу орындарының міндетті оқу бағдарламалары ен- гізілуі тиіс.
Сонымен қатар балаларға қаты- сты зорлық-зомбылық оқиғаларын уәкілетті органдарға жіберу, сон- дай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жүйесі мен құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің зорлық-зомбылыққа жауап қайтару шаралары бойынша басшылықтар мен нұсқаулықтарды әзірлеп, нақты- лау қажет. Тиісті мекемелерге жол- дау тәртібі мен нұсқаулықтарын әзірлеу және жетілдіру, әрі барлық тиісті секторлардағы — әлеуметтік қамсыздандыру, балаларды қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, поли- ция секілді барлық секторлардағы мамандарға жолдаудың ішкі нұсқа- улықтарын әзірлеу және жетілдіру барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволардың ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Тиісті мекемелерге бағыттау тәртібі мен нұсқаулықтары барлық министрліктер мен ведомстволар ішінде бірыңғайландырылуы тиіс, мұндағы мақсат — балаларға зорлық-зомбылық көрсету қандай әрекеттерден тұра- тынын өзара келісілген түрде түсіну және отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда балаларға зорлық-зом- былық көрсетудің күдікті және мәлім жайттарына араласу мен шара қол- дану тұрғысынан бірыңғай әдістеме қолдану.
Балаларға зорлық-зомбылық көр- сетудің күдікті әрі мәлім жайттарын анықтау мен хабарлауға құзыретті және міндет жүктелген мекемелер білім беру мен денсаулық сақтау қызметкерлерімен шектелмеуі тиіс. Осындай мекемелердің тізімі бала- ларға зорлық-зомбылық көрсетіл- генін міндетті түрде хабарлаушы ретінде балалармен жұмыс істейтін барлық мекемелерді және қызмет- терді қамту үшін кеңірек болуы ке- рек. Бұл мекемелерге барлық ба- лабақшалар, күндізгі күтім көрсету мекемелері, балаларға арналған қоғамдастықтағы оңалту орталықта- ры, қаржыландыру көздеріне қара- мастан балалармен жұмыс істейтін мамандар, сондай-ақ, балалар мен олардың отбасыларына психо-әлеу- меттік және басқа да қолдау көрсе- тетін кез келген қызметтер жатады.
Мамандардың зорлық-зомбылық оқиғалары туралы хабарламала- ры үшін жауаптылығын арттыру, сондай-ақ, күдікті және мәлім зор- лық-зомбылық жағдайлары туралы хабарлау, тиісті мекемелерге жолдау және қадағалау кезіндегі олардың функциялары тиісті заңнамалық шең- берде көрсетілуі және олардың лауазымдық нұсқаулықтарында айқын баяндалуы тиіс. Тиісті мекемелерге жолдау нұсқаулықтарын орындау- ды балаларды күту және балалар- ды қорғау қызметтеріне арналған қолданыстағы қызмет көрсету стандарттарымен және лицензиялау тәртібімен байланыстыруға болады.
Уәкілетті органдарға балаларға қа- тысты зорлық-зомбылық жағдай- ларын қайта бағыттау тетіктерін нығайту мен осындай жағдайлармен жұмыс істеу негізгі министрліктер мен ведомстволардың ұстанымын, сондай-ақ оқыту, үйлестіру, міндет- ті түрде хабарлау мен әрі қарайғы іс-әрекеттер бойынша нұсқаулық әзірлеу үшін ресурстарды талап етеді. Уәкілетті органға хабарлау мен жол- дау саны көбейген сайын балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайла- рын анықтау, шара қолдану және ара- ласу шараларының тиімді және нәти- желі жүйесінде сұраныстың артуын қанағаттандыру үшін жолдау жүйесін нығайтудың жұмыс әдістері мен жүй- елерін одан әрі жетілдіру қажет. Уақыт өте келе білім, көзқарас пен тәжірибе дамиды; сондықтан от- басында балаларға қатысты күш және жыныстық зорлық-зомбылық көрсету туралы білім, көзқарас пен тәжірибедегі өзгерістерді баға- лау бір реттік шара емес, үздіксіз процесс болуы керек. Бұл үшін болашақта БҚТ зерттеуін қайта жүр- гізу мүмкіндігін толығымен неме- се ішінара талқылау, сондай-ақ халықтың хабардарлығын артты- ру мен балаларды күш қолданбай тәрбиелеу дағдыларын нығайтудың қабылданған шараларын талқылау талап етіледі.
- балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін, соның ішінде, дене жазасын және қатыгез, әрі қадiр-қасиетiн қорлайтын жазаның өзге түрлерi- не тыйым салатын заңдардың болуын қамтамасыз ету қажет.
- балаларға зорлық-зомбылық және жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайлар туралы уәкілетті органдарға міндетті түрде хабарлау жүй- есін құру қажет.
- Хабардарлықты арттыру және мінез-құлықты өзгер- тудің коммуникациялық науқандарын әзірлеу қажет.
- Қауіп факторлары мен зорлық-қомбылық белгілерін, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жағымсыз салдарларын қоса алғанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы мамандар мен ха- лықтың хабардарлығын арттыруға көңіл бөлу қажет.
- отбасындағы ұрпақтар арасындағы зорлық-зом- былықтың болдырмау үшін мекемелер мен мек- тептерде балаларға арнап арнайы бағдарламалар әзірлеу қажет.
- балаларға қатысты зорлық-зомбылықты көрсету мәселелерімен айналысатын журналистер мен жаңалық таратушыларды оқыту қажет.
- балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі маман- дарды, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен әділ- сот органдарының лауазымды тұлғаларын балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларымен жұмыс жасау дағдылары бойынша оқыту қажет.
- уәкілетті органдарға балаларға қатысты зорлық-зом- былық жағдайларын бағыттау, сондай-ақ балалар- дың құқықтарын қорғау жүйесі мен құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің зорлық-зом- былыққа жауап қайтару шараларын іске асыру жөніндегі басшылық пен нұсқаулықтарды әзірлеп, нақтылау қажет.
- жүйенің тиімділігін жоғарылату үшін балалар құқықтарын қорғау саласында қосымша жұмыс істейтін адамдарды енгізу қажет.
- балаларға қатысты зорлық-зомбылық және жыныстық зорлық-зомбылық көрсету жағдайла- рында медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өзара тиімді іс-қимылды нақты үйлестіруді әзірлеу қажет.
балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері туралы әкімшілік деректерді жинауды жетілдіру.