ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ҰСТАНЫМЫ
Жақында жүргізілген зерттеулер дерегіне сүйенсек, үкіметтегі лауазымды қызметтер дің көбінде әйелдер отырған елдерде (гендерлік теңдік сақтаудың нағыз үлгісі) коро новирус инфекциясына қарсы жүргізілген жұмыстар жақсы нәтиже берген.
Мемлекеттік басқарудағы гендерлік теңдестірілген жүйенің осындай жетістігі заманауи мемлекеттің демократиялық даму жолындағы мақсаты мен жетістіктеріне қалай ықпал ететінін қарастыруға жетеледі. Мысалы, сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын сәтті іске асыруға қалай ықпал ететінін қарастырдық. Бұл еңбекте «Қазақстандағы жемқорлықтың қазіргі жағдайына заң шығаратын және атқарушы мекемелерде әйелдер қосалқы рөл атқарғаны қаншалықты әсер етіп отыр?» деген сұраққа жауап іздейміз. Тиісті зерттеу жұмыстарын сараптағанда Қазақстанда ген[1]дерлік теңдік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арасындағы байланыс әлі күнге дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістемеге сүйеніп зерттелмегенін анықтадық. Сондықтан Қазақстандағы басшылық қызметтегі әйелдер мен еркектердің үлесі кейінгі он жылда[1]ғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі мен өзге де халықаралық гендерлік индекстерге қалай ықпал еткенін салыстырдық. Мақаланы жазу барысында Transparency International, World Economic Forum, UNODC, UNDP, Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, OSCE мақалалары және өзге де дереккөздер ұсынған баяндамалар мен есептерге сүйендік. Дина Джузбаева, Данияр Смағұлов 11 Дина Джузбаева, Данияр Смағұлов Бұл мәселе Қазақстанда әлі зерттелмегенімен, 2001 жылы бір-біріне қатысы жоқ шетелдік зерттеушілерден құралған екі топ зерттеу жұмысының нәтижесін жариялаған. Дәл 20 жыл бұрын Давид Доллар және Ананд Суами бастаған екі топ елдегі сы[1]байлас жемқорлық деңгейі мен мемлекеттік биліктегі еркек пен әйел үлесінің бірдей болғаны арасында нендей байланыс барын зерттеп, «Еркектерге қарағанда әйелдер жұмысын адал атқара ма?» деген сұраққа жауап іздеген. Екі мақалада да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа әйелдерді тарту тиімді екенін, кейбір елдердегі мемле[1]кеттік басқару саласында ер және әйел адамдар саны теңдей болғаны мен сыбайлас жемқорлық деңгейі арасында өзара байланыс барын дәлелдеген (Dollar et al., 2001, Swami et al., 2001). Сонымен қатар кей зерттеушілер гендерлік теңсіздік салдарынан саясаткер әйелдер сыбайлас жемқорлыққа қатысты жоспарын іске асырып үлгермейді, әйелдер саяси сахнада ерлермен тең дәрежеде жұмыс істей бастағанда сыбайлас жемқорлық ісіне толық қатысы бар адам ретінде еркектерге бәсекелес болады дейді (Goetz, 2007). Алайда Луизиана мемлекеттік университеті жүргізген зерттеу әйелдер мен еркектер құқы және мүмкіндігі тең мемлекеттер парламентіндегі әйелдер саны мен жемқорлық аз болғаны арасында тығыз байланыс барын дәлелдеген (Jha et al., 2018). Сондай-ақ бұл зерттеуде қарапайым кеңсе қызметкерінен бастап басшылық қызметтегі әйелдер мемлекеттік қызметке қалай келетінін де сараптаған. Атқарушы мекемелердегі сыбайлас жемқорлық пен ондағы әйелдер саны арасында айтарлықтай байланыс байқалмаған. Әйелдер саяси шешімге араласқанда ғана аймақтағы және мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал еткен (ibid). Әйелдер барынша әділ әрі адал қызметкер екені анықталған соң, гендерлік теңдік сақталмаған ұйымдар кадр мәселесін қайта қарап, жаппай реформа жүргізе бастаған. Өткен ғасырдың 60-жылдары Францияда жол полициясы қызметіне әйелдерді көптеп жұмысқа алған. Сол кездегі саясаткерлер олар пара алмайды және жол ереже[1]сін бұзғандарды жіті қадағалап, ісіне жауапкершілікпен қарайды деген (Сапига, 2021). Мексика саясатын зерттегендер бұл елдегі саясаткер әйелдер мансап жолын еркектер сияқты бәріне белгілі «ерлер нетуоркиңіне» мүше болып емес, азаматтық қоғам ұйымының мүшесі ретінде бастайтынын анықтаған (Grimes & Wängnerud, 2010). Олардың ерлермен тең дәрежедегі кәсіби амбициясын іске асыруға жемқорлық ке[1]дергі болатындықтан, әйелдер сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде қарсы тұрады. Мұндай әдістерді Перу, АҚШ және өзге елдерден де көреміз. Алайда зерттеуші Сабрина Карим Перудегі жол салу ісіндегі сыбайлас жемқорлық[1]ты зерттеп болған соң, сыбайлас жемқорлық фактісі уақытша азайғанымен, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары асыра мақтағандай керемет нәтижеге жетпегенін 12 Саясат және қоғамдық сфера анықтаған (Karim, 2011). Бұл жерде феминизация емес, елде жүргізілген реформа мен енгізілген жаңалық нәтижесі ықпал еткен секілді. Шынымен, сыбайласыңмен берік байланыс орнатып, оған сену үшін көп уақыт керек. Практикадан көргеніміздей, Лима және Мехико жолын салғанда сыбайлас жемқорлық деңгейі қайтадан бұрынғы қалпына келген. Сондықтан мемлекеттік құрылымдағы жаппай феминизация сыбайлас жемқорлықты толық жоюға ықпал ете алмайды. Осының бәрін ескере отырып, бұл салада жүйелі сараптама жасап, зерттеу жүргізуге ерекше назар аудару керек. 2012 жылы Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) алғаш рет халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлықтың гендерлік аспек[1]тісін, әсіресе оның ерлер мен әйелдерге қалай ықпал ететінін қарастырған. Тағы бір атап өтетін жайт, кейінгі он жылда әлемдік сахнада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жаңа адамдар шыға бастады, олардың ең танымал өкілдері де – әйелдер. Лаура Ковеши (Румыния), Сардана Авксентьева (РФ), Майя Санду (Молдова), Зузана Чапутова (Словакия) – осы әйелдердің бәрі өз елінде лауазымды қызмет атқара жүріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды күн тәртібіне шығарып, сапалы жаңа деңгейге көтерді. Қазір Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес ең маңызды мәселелердің бірі саналады. Бұлай деуімізге ауық-ауық шығарылған заңдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалар мен әлеуметтік желілердегі пікірлер және соған деген азаматтардың реакциясы себеп болды. Негізгі стратегиялық мемлекеттік көрсеткіштерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрсеткіштер мен әлеуметтік сауалнама нәтижелері жатады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімділігі әртүрлі әдістер жиі енгізіліп жатыр, демек бұл мәселені түп-тұқиянымен жоюды қоғам да талап етіп отыр. Сондықтан гендерлік теңдік тақырыбын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш ретінде қарастыру қазіргі саясатты мүлде басқа қырынан талдауға мүмкіндік береді.