Қоғам
ҚОЛЫ АШЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР
Қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды үймен қамтамасыз ету бастамасын көтеріп, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылысшыларға ұсыныс жолдаған болатын.
Нәтижесінде, Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар Құрылысшылар күні мерекесінде төрт отбасыға бақыт сыйлады. Олар әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға баспана салып берді.
Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қвласының әкімі:
- Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Ел ішінде: «Жамандық пайда етпейді, Жақсылық зая кетпейді» деген қанатты сөз бар. Қайырымды болу — адамның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Ал, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Осы өсиетке адалдық танытып, бүгінгі игі істің бастамашысы болған қаламыздағы құрылысшылар қауымына шынайы алғысымды білдіремін!
Әр отбасыға ұсынылған үй үш бөлмеден тұрады, баспаналар қажетті жиһазбен тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген.