Қоғам

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында қар басу қаупі жоғары 22 аумақ бар. Оның 6-ы республикалық маңызы бар жолдар болса, 16-ы облыстық маңызы бар жолдар.

Аталған аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қолға алынған шаралар жөнінде өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев брифингте мәлімдеді.

Қазіргі таңда 2024-2025 жылдарға арнғалған қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыстық жедел штабтың құрамы бекітілді. Бүгінде департаменттің төтенше жағдайларды жоюға арналған техникалары дайындыққа келтірілді. Қар құрсауында қалып, қиындыққа ұшырған азаматтарға көмектесуге 191 жеке құрам мен 25 техника қарастырылған. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдарда 9 шақырым жолға қар ұстағыш қалқандар орнатылған. Сондай-ақ, қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 11 жылыту пункттері есепке алынған,- деді Талғат Серікұлы.

Сондай-ақ, спикер облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеттері орналасқанын жеткізді. Аталған 4 жылыту бекеттерін 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз ету жоспарлануда және тәулік бойына жылы күйде ұстайтын кезекші ұйымдастырылған. Жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар, яғни төсек орынмен қамтамасыз етілген.

Таулы аудандарды аэровизуалды зерттеу нәтижесінде 50-ден астам биік таулы көл анықталған. Бұл жайында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің филиалы Оңтүстік аумақтық пайдалану техникалық басқармасының басшысы Ербол Әлзақов мәлімдеді.

2024 жылға арналған тексерулерді жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, сел-сырғыма қауіпті аймақтары мен селден қорғау құрылыстарына тексерулер жүргізілді. Шараға Түркістан облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері мен ТЖД мамандары тартылды. Барлығы 1 095 зерттеу жасалған. Түркістан облысының ТЖД-мен бірлесіп 5 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Сырғыма қаупінің динамикасын бақылау мақсатында қауіпті аймақтарға маркерлер қойып, өлшеу жұмыстары жүрді. Қазіргі таңда сел-сырғыма жағдайы тұрақты, — деді спикер.

Қардың астында қалу.

Табиғаттың тосын күштерің көріністерінің бірі қардың астында қалу. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қар нәтижесінде пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады ,ал кейде адам мен малдың өлім – жітіміне, материалдық құндылықтардың жойылуына алып келеді. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең
қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Бұрқасындар мен қарлы борандар.

Қарлы боран қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, Қатты боран көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Сонымен қатар,  телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай
қырылуына әкеп соғады.

Қар басқандағы әрекеттер ережелері

Көлікпен жүргенде қардың басуын жеңуге тырыспаңыз, көлікті тоқтатып, көлік жалюзиді толық жауып, радиатор жағынан қозғалтқышты жабу керек. Егер мүмкіндік бас болса, автомобильді қозғалтқышмен желді жаққа қарай орналастырыңыз. Қар астында қалмау үшін, автокөліктен мерзімділікпен шығып, қарды жинау қажет. Осыдан басқа, қар баспаған көлік – іздеу тобы үшін жақты бағдар. Сонымен қоса автокөлік қозғалтқышының жібуіне жол бермеу үшін, оны мерзімділікпен қосып тұру қажет. Жолда бірнеше адам (бірнеше автокөлікте) болса, барлықтарына бірге жиналып, паналау мақсатында бір көлікті пайдалану қажет, ал қалған көліктің қозғалтқыштарынан суды төгу керек. Еш уақытта панадан-көліктен шығып кетпеу қажет.

Ауылды жерлерде дауылды ескертуді алғаннан кейін тездетіп жануарлар үшін су мен азықты дайындаған жөн. Жайлауға айдатылған малды жақын орналасқан панаға, алдын-ала дайындалған қоймаларға немесе фермаларға айдау қажет. Жануарларды бекітілген орынға жеткізу үшін техникалық жарамды жыланбауыр техниканы пайдалану қажет.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close