Қоғам

САРЫАҒАШТЫҚ БАЛУАНДАР АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Ақтау қаласында дзюдо күресінен 11-13 қазан аралығында ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогі өтті.

Әлемдік рейтингтік ұпай беретін Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирде 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбала Зайнул үздік үштікте көрініп, қола жүлдегер атанды. Бапкері Олжабай Бейсенбаевтың тапсырмаларын бұлжытпай орындап, жеңіс тұғырынан көрінген ару қажетті рейтингтік ұпайларға қол жеткізсе әлемдік “Grand Slam” , “Grand Prix” турнирлерінде күресуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 7-13 қазан аралығында Астана қаласында жастар және жасөспірімдер арасында өткен грэпплинг күресінен әлем чемпионатында Сымбат Ибрахим 43 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сарыағаштық бұрымдылар ауданға қарасты Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері. Айта кетейік, аталған мектептің грэпплинг бөлімі Азия чемпионатының 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегерін, сонымен қатар ҚР чемпионатының 3 алтын , 3 күміс, 6 қола жүлдегерлері мен үздіктерді тәрбиелеген.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close