ШЫМКЕНТТЕ 1500-ДЕН АСТАМ АЗАМАТҚА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ
Шымкентте 1059 отбасы 1539 адамға қандас мәртебесі беріліп, мәртебесін 6 айға ұзартқандар саны 193 отбасы 221 адамды құрады. Бұл осы жылдың 1 қазанына дейінгі мәлімет.
ТМД-дан және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Атап айтқанда: Өзбекстаннан — 1516 адам, Ауғанстаннан — 11 адам, Қытайдан-5, Ресейден-3, Тәжікстаннан -2 адам, Түркменістаннан – 1 адам, Түркиядан – 1 адам.
Қоныстану тенденциясы бойынша қандастар Шымкент қаласының әр ауданында қоныстанған.
Шымкентте 2008 жылдан бері қызмет көрсететін қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы бар.
Орталық қызметінің мақсаты — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметін 6 ай мерзімде көрсету болып табылады.Бүгінгі таңда орталықта 9 отбасы құрамында 21 адам бейімдеу қызметін алуда.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының облыстар арасында бөлінісінде 5 облыс қарастырылған. Олар: Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы.