Қоғам
ШЫМКЕНТТІК АРХИВТЕ ҚҰЖАТТАР ЦИФРЛЫ ФОРМАТҚА ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» тарауында «Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» делінген.
Осы орайда, Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне 2021 жылы 4 планетарлы сканер алынып, архивтік құжаттарды цифрлы таңбаға көшіру қарқынды жүргізілуде.
Архив мамандары БАҚ өкілдеріне замануи сканерлерде жұмыс жасау тәртібіне жалпы түсініктеме бере отырып, «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» («Е-архив») ақпараттық жүйесін іске асыру барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.