Қоғам

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ САҒАТ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Шымкент қаласының теміржол вокзалындағы қоғамдық сағат жөндеуден өтті. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда сағат механизмін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Сағат беті қаланың логотипінің бейнесіне ауыстырылды. Қоғамдық сағат соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын.

Аталған сағат – қаладағы жалғыз қоғамдық «бигбэн». Шымкентке пойызбен келген жолаушы вокзалдан шыққан кезде гүлденген айналма жолдың ортасынан қаланың маңызды элементін көреді. Бұл төрт бағытқа қараған сағат қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын айшықтайды.

Бағанның түбінде әр жағынан жануарлар орналасқан. Ол әлемнің төрт бағытың көрсетеді: жылқы солтүстікке, түйе оңтүстікке, балық шығысқа және тауық батысқа қарайды.

Қала көркін айшықтап тұрған нысанды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты назарда

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close