Қоғам

ТЕМІРЖОЛДАҒЫ АПАТТАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

Осы жылдың маусымында Түркістан облысында жүк вагондары рельстен шығып кеткен болатын. «Түлкібас – Арыс» учаскесінде жүк вагондарының рельстен шығуына жеке компания вагонының доңғалақ жұбының осі сынып кетуі себеп болған. Апат салдарынан жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, шпалдар мен қураған шөптер өртенді. Өрт сөндірушілер 150 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Теміржол көліктеріндегі авариялар – бір немесе бірнеше адамдардың өлімін алып келетін, зардап шекккендерге ауыр дене зақымдарын келтіретін, қозғалмалы құрамның бір немесе бірнеше бірлігін немесе темір жол торабының күрделі жөндеу деңгейіне дейін бұзатын және зақым келтіретін және тиісті нормадан асатын уақытқа авария учаскесіндегі қозғалысты толық тоқтататын теміржодағы қауіпті оқиға. Химиялық, радиациялық, өрт, жарылысқа қауіпті және басқа сипаттағы төтенше жағдайлармен ілесуі мүмкін.

Теміржол көлігінің автомобиль және әуе көліктерінен едәуір қауіпсіз болғанына қарамастан, ондағы апаттылық өте жоғары. Әсіресе қауіпті жүкті тасымалдаған кезде қауіп жоғары, олардың негізгі бөлігі нағыз осы көлік арқылы жеткізіледі. Теміржол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер тигізетін негізгі факторлар техникалық құралдардың ескіруі, сондай-ақ адам факторы.

Негізгі профилактикалық ереже

Мүмкіндігіңізше электричканың ортаңғы вагондарына жайғасыңыздар (авария кезінде олар сирек зақымданады).

Үлкен және ауыр заттарды асытына қойыңыздар, өйткені қатты соққы болғанда олар жоғарғы сөрелерден үстеріңізге құлауы және зақым келтіруі мүмкін.

Түнде купедегі есікті үйіп тастамаңыздар (қараңғыда сыртқа шығу қиын болады).

Сіздердің киімдеріңіз, құжаттар мен ақшаның қайда жатқанын естеріңізде сақтаңыздар (қандай да бір жағдайда, қараңғыда вагоннан тез арада кету керек болса).

Түннен қалдырмай үстелден тамақтарды, бөтелкені және т.б., өйткені қатты соққы кезінде сынықтарына жарақаттануларыңыз мүмкін.

Поездың кедергіке соқтығысқан сәтінде дененің алға қарай бірден жұлқынуы кезінде мойын омыртқасы сынбауы үшін, бүйірдегі орындарда поездың жүрісі бойынша аяқтарыңызды алға жіберіп ұйықтаған дұрыс.

Жұлқу (соққы) кезінде қолдарыңызбен үлдіріктің шоқысын және вагонның қозғалмайтын басқа бөліктерін ұстауға тырысыңыздар немесе жиярылып, зақым алмау үшін қолдарыңызбен бастарыңызды жабыңыздар.

Вагондар аударылған кезде қолдарыңызбен қатты ұсталыңыздар, аяқтарыңызбен күштеп жоғарғы үлдірікке, қабырғаға және т.б. тіреліңіздер, әйнектің сынықтары түспеуі үшін көздеріңізді жұмыңыздар.

Баланы бетімен өзіңізге қарай қысып, оның басын қолыңызбен жабыңыздар.

Теміржол авариялары кезінде қандай әрекет жасау керек

Апат кезінде немесе төтенше тоқтағанда құлап қалмау үшін орнығып ұсталыңыздар. Ол үшін тұтқадан ұсталыңыздар және қабырғаға тақалыңыздар немесе аяқпен орындыққа тіреліңіздер. Ең қауіпсізі вагоның еденіне түсу. Бірінші соққыдан кейін босаңсымаңыздар және барлық бұлшық еттеріңізді тағыда қозғалыс болмайтынын анық білгенше дейін ширатып ұстаңыздар.

Теміржол авариясынан кейін қандай әрекет жасау керек

Авариядан кейін бірден вагоннан есік немесе терезе – авариялық шығу орындары арқылы шығыңыздар (жағдайға байланысты), өйткені өрт шығуы мүмкіндігі зор. Қажет болса купенің терезесін тек қолда бар ауыр заттармен сындырыңыздар. Авариялық шығу орны арқылы вагоннан кеткен кездеөздеріңізбен бірге құжаттарды, ақшаны, киімді және көрпені алып теміржолдың дала жағына шығыңыздар. Вагонда өрт болған кезде жел өртті үрлемеуі үшін терезені жабыңыздар, және өрттен алдыңғы вагондарға кетіңіздер. Олай болмаса – өздеріңіздің артынан барлық есіктерді мықтап жауып, поездың соңына барыңыздар. Коридорға шықпас бұрын, дем алу үшін қорғануға: суға малынған шапкаларды, шарфтарды, мата бөліктерін дайындаңыздар. Өрт кезінде вагондардың қабырғасы – малминитпен қапталған – өмірге қауіпті уытты газ бөлетіні туралы естеріңізде болсын.

Сыртта болғанда, тез арада құтқару жұмыстарына кірісіңіздер: қажет болған жағдайда жолаушыларға басқа купелердің терезелерін сындыруға көмектесіңіздер, зардап шеккендерді шығарыңыздар және т.б.

Егерде авария кезінде жанармай төгілсе, поездан қауіпсіз қашықтыққа кетіңіздер, өйткені өрт пен жарылыс болуы мүмкін.

Егерде ток жүретін сым үзіліп және жерге тиіп жатса, қадамдық кернеуден өздеріңізді қауіпсіздендіру үшін, одан секіріп және қысқа қадамдармен кетіп қалыңыздар. Жер бойынша электр тогы өтетін қашықтық екі метрден (құрғақ жер) 30 м-ге дейін (ылғалды) болуы мүмкін.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close