ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛҒАНДАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Жаралардың асқынулары. Қан ағуы. Әр жарақатталған кез- де қан тамырлары зақымдалып, қан аға бастайды. Зақымдалған қан тамырының түрі бойынша қан ағулар артериялық, күре тамырдан, капиллярлық және аралас (артерио¬веноздық) болып бөлінеді. Ішкі органдардан капиллярлық қан ағу паренхиматозды деп аталады.
Ірі (магистралды) артерия жараланған кездегі артериялық қан ағу үңірейген жарадан қызыл түсті қан ағынның шығарылуымен сипатталады; күре тамырдан қан аққан кезде жарадан күңгірт қы- зыл түсті қан біркелкі ағады; капиллярлық қан ағулар ұсақ тамырлар зақымдалған кезде пайда болады.
Паренхиматозды қан ағулар артериялық пен вена капиллярларының тарамдаған желісі бар, іштің (бауыр, көкбауыр, бүйрек) паренхиматозды органдары зақымдалған кезде болады.
Қан ағу пайда болған уақыты бойынша олар алғашқы мен қайталамаға бөлінеді.
Алғашқы қан ағу бірден қан тамырын жаралағаннан кейін пайда болады, қайталамасы – қан ағуды кенетен тоқтатқаннан немесе оны емдеу тәсілдердің көмегімен тоқтатқаннан кейін біршама уақыт өткен соң пайда болады.
Әдетте қайталама қан ағуларға екінші тәулікте немесе одан кеш мерзімде туындайтын қан ағуларды жатқызады.
Алғашқы қан ағу арасында жиі артериялық-веналық және күре тамырдан қан ағулар кездеседі, қайталама қан ағулары көбінесе ар- териялық, сирек паренхиматозды болып табылады.
Қайталама қан ағулардың себебі – алдында салынған жгут босап кеткен, аяқ-қолдың иммобилизациясы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде, зардап шеккен адамды тасымалдау уақытында жиі және дөрекі орнын ауыстыру салдарынан зақымдалған қан тамы- рының тесігінен қатпаған тромбтың шығуы. Қайталама қан ағулар қатарына инфекцияланған жарадағы қан тамырының қабырғасына бөтен заттың немесе сүйек сынығының тұрақты қысымына бола туындайтын, тамыр қабырғасының тесілуіне әкелетін қан ағулар да жатады.
Қайталама қан ағулар, әсіресе артериялық, қауіптілерге жатады, өйткені ол қан жоғалтқан, оны өтьеу механизмі әлсіз зардап шеккен адамда пайда болады.
Қан ағу жері бойынша қан жара арқылы сыртқа аққан кезде сыртқы және қан тінде немесе ойық жара болса – қуыстарда жиналса, ішкі болады.
Қан терінің астына немесе бұлшықеттің қаптамасы астында (фасция) аққан жағдайда, тіндерде қанның шектелген жиналуы (ге- матомалар) қалыптасады. Бір қатар жағдайларда үлкен өьшемдерге жеткен кезде, гематомалар бұлшықеттерді және қасында орналасқан қан тамырлары мен жүйкені қыса бастайды, бұл айналадағы тіннің қоректенудің бұзылуымен сүйемелденуі мүмкін.
Жаралардың өмір үшін қауіпті асқыну, көп жағдайда ірі артери- яның зақымдануынан болатын қатты сыртқы қан ағу болып табылады. Техногендік апаттарда қатты сыртқы қан кету салдарынан қан жоғалту, жағдайлардың жартысында зардап шеккеннің қаза болу се- бебі болып табылады. Сондықтан қан кетулерді ерте диагностикалаудың маңызы ерекше. Ірі артерияның жараланудың негізгі белгілері: жараланған адамның қарқынды және қысқа уақытта киімнің қанмен сулануы;
қанның зардап шеккен адамның аяқкиімінде, қасында жерде жи- налуы;
дененің ашық жерлеріндегі терінің күшейіп жатқан бозаруы (бетінің, қолдарының);
жалпы әлсіздіктің, бас айналуының, жүрек айнудың тез пайда болуы;
жараның ірі артериялардың проекциясында орналасуы.
Магистральды артериялардың ең жиі зақымдануы жаралар иықтың орта немесе төменгі үштен бір бөлігінің ішкі бетінде және жамбастың алдынғы ішкі бетінде орналасқан кезде ең жиі кездеседі.
Сиректеу ірі артериялардың зақымдануы қолтық, бұғана асты және тізе асты аймақтарында жараларды оқ- шаулаған кезде туындайды.
Күре тамырдан қан ағу күре тамыр қанының қысымы төмен болғандықтан және күре тамырларының оңай түсетін жіңішке қабы- рғаларына бола өмір үшін өте қауіпті емес, бұл күре тамырдың тез тромбалауына себепші болады.
Дегенмен ірі күре тамыр ды жаралау қанның көп жоғалтуына әкелуі мүмкін.
Ірі күре тамырларының жараланудың басқа қаупі ауа эмболиясы- ның мүмкін болуы, яғни қан ағынымен тамырдың тесігіне ауа көпір- шіктерін сорып алу. Бұл ретте ауа тығындары маңызды тамырлардың тесіктерін жауып тастауы мүкін, бұл қанның қан айналымы жүйесі бойынша қалыпты айналуына қауіп төндіреді. Бұл жағынан мойын мен кеуде тамырларының зақымдануы ерекше қауіпті болады.
Қан ағуды уақытша тоқтату. Көп жағдайларда ірі және орта өлшемді тамырлардан қан ағуды тоқтатудың практикалық маңызы бар. Ұсақ қан тамырлары зақымдалған кездегі қан ағулар таңғыш салып тоқтатылады.
Ірі артериялардың зақымдалуы кезінде қан тоқтатудың маңызы зор. Мұндай қан ағулар бірнеше минут ішінде зардап шеккен адамның көп қан жоғалту салдарынан өліміне әкелуі мүмкін.
Магистральдік артерия жараланған кезде қанды дереу тоқтату қа- жет. Кез келген кідірісті жағдайға қарамастан жіберуге болмайды. Артериялық қан ағуды уақытша тоқтату үшін келесі тәсілдер қолданы- лады (13.1, 13.2 сур.): бірнеше саусақпен немесе екі қолдың үлкен са- усақтарымен, бір саусақты екіншісінің үстінен қойып, «типтік жерде» зақымдалған жерден жоғары астындағы сүйекке артерияны саусақпен қысу;
жамбас артериясын қысу жұдырыққа қысылған саусақтармен шап- тан төмен шат сүйегіне жүргізілуі мүмкін;
Артериялық қан ағуды уақытша тоқтатудың ең тиімді тәсілі қан тоқтату жгутты салу болып табылады.
Стандартты жгут болмаған кезде қол астындағы құралдар қолда- нылуы мүмкін – белдіктер, байламдар, шарфтар, олардан «бұрама» түрінде импровизацияланған жгут жасалады.
Мүмкіндік болған кезде импровизацияланған жгут стандартты жгутқа ауыстырылуы тиіс.
Жгутты салған кезде келесі ережелерді сақтау қажет:
жгуты аяқ-қолдың қансыздануын барынша кішірек жерімен шектеу үшін, мүмкіндігінше зақымдалған жерге жақынырақ салады;
жгутты салу жерун киіммен, жұмсақ төсенішпен, бірнеше қабат бинтпен қорғау керек;
жгутты созады және созылған күйде бір біріне тікелей жатқызып 2-3 рет орайды.
Жгутты салғаннан кейін зардап шеккен адамның киіміне көрінетін жерде жгутты нақты салған уақыты көрсетілген жазбаны қалдырып, аяқ-қолын мұқият иммобилизациялау керек.
Жгутты таңғышпен жабуға болмайды, ол жақсы көрінуі, көзге түсуі тиіс. Аяқта жгут 2 сағат көп, ал қолдарда – 1,5 сағаттан көп болмау керек. Жылдың суық мезгілдерінде аяқ-қолды жгутты салғаннан кейін үсіп кетуіне жол бермеу үшін жылы орап қою керек.
Жгут салынған зардап шеккен адам қан ағуын тоқтату үшін бірін- ші кезекте эвакуациялануы тиіс. Эвакуация кідірген кезде, алдын ала жгуттан жоғары жерде артерияны саусақпен қысуды тегістеп, жгутты сәл босатады, ал содан соң оны қайтадан алдында орналасқан жерінен шамалы жоғары қайтадан тартып қояды.
Күре тамырдан қан ағулар артериялық қан ағуға қарағанда жиі кез- деседі және көбінесе аяқ-қол жарақаттаған кезде болады. Көп жағдай- ларда күре тамырдан қан ағуды тоқтату қандай да арнайы құралдар мен шараларды қабылдауды талап етпейді. Оған күре тамыр қан та- мырларының анатомиялық құрылысы мен қанның күре тамыр жолы бойынша баяу ағуы себепші болады.
Аяқ-қолдың күре тамырлары зақымдалған кезде қан ағуды тоқтату- дың негізгі тәсілдері:
аяқта жара болған кезде зардап шеккен адамды жатқызады және зақымдалған аяғын созылып тұрған күйде 5-7 минутқа 40-50 см-ге кө- теріп қояды. Содан соң аяқтарын түсірмей, жараға басатын таңғышты салады;
қолдың жарасын оқшаулаған кезде қолды тік ұстап тұрады, 5-7 ми- нуттан соң таңғыш салады.