Қоғам

ТҰРҒЫН ЖАЙЛАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Қазіргі заманғы селолық елді мекендер өзінің архитектурасы, сәулеттенуі және жоспарлануы бойынша кішірек қалалардан аз ажыратылады. Мұндай елді мекендердің территориясы тұрғын және өндірістік болып бөлінеді.

Тұрғын аймаққа тұрғын комплекстер мен қоғамдық орталықтар жатады. Елді мекендердің орталықтарында клубтар, кинотеатрлар, мектептер, балабақшалар және әкімшілік ғимараттары орналастырылады. Қоғамдық орталық, ереже бойынша, 3-4 қабатты, ал шеттері 1-2 қабатты тұрғын ғимараттардан салынады. Тұрғын аймақты ұзындығы және ені бойынша 300 м асатын екі жақты құрылыстары бар көшелермен бөледі. Қоғамдық орталықтарға баратын көшелерді кең етіп қарастырады. Әрбір үй жанындағы учаске 1-2 қабатты тұрғын ғимараттары орналастырылатын шаруашылық ауласынан, мал мен құстарды ұстайтын қоралардан, қоймалардан тұрады.
Өндірістік аймақ технологиялық процесспен, энергетикалық және санитарлы-техникалық қондырғыларымен, транспорт жүйесімен біріккен бір қатар ғимараттар мен имараттардан тұрады. Оған мал шаруашылық фермалар, жылыту-парникті шаруашылықтар, ауылшаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу цехтары, сол сияқты ауылшаруашылық техникасын жөндейтін және сақтайтын шеберханалар мен гараждар, түрлі тағайындаулы қоймалар жатады.
Ескі елді мекендер қазіргі заманғы өрт қауіпсіздігі талаптарына жиі сәйкес келмейді. Тұрғын және қоймалық ғимараттардың арасындағы арақашықтықтар нормаларға сәйкес келмейді, тұрғын және шаруашылық құрылыстардың тығыздығы үлкен, құрылыстарда жанғыш материалдар кеңінен қолданылған, қамыстан, сабаннан, жұқа тақтайлардан жасалған ғимараттар жиі кездеседі. Мұндай елді мекендерде, ереже бойынша, өртке қарсы сумен жабдықтау болмайды, ал негізгі сумен жабдықтау көздері өзендер, көлдер, құдықтар және артезиан қоймалары болып табылады. Өрттерді сөндіруге суды беру үшін су көздеріне келу жолдарының жоқтығынан қиындайды, құдықтарда су деңгейінің терең орналасуымен (7 м артық), сол сияқты қыста оларды қолдану қиындығымен.
Қазіргі заманғы елді мекендерде тұрғын және өндірістік аймақтарында сумен қамтамасыз ететін біріккен су өткізгіштер құрылысы кеңірек қарастырылған. Өндірістік аймақтың тұрғын аймақтан алыс орналысуы кезінде олардың әр біреуіне ерекше су өткізгіштерді салады, оларда өрт гиндранттарын орналастырады. Өндірістік аймақтардағы су өткізгіштерінен шығатын судың есептелген шығыны, ереже бойынша, 10 л/с аспайды, ол өртті сөндіру қажеттілігінен әлдеқайда төмен. Сондықтан да өндірістік аймақтарда өрттерді сөндіру үшін судың қорын өрт суаттарында құру қажет, ал барлық су қысымды мұнаралар және артезиан қоймалары өрт машиналарымен су алынатындай етіліп жабдықталуы тиіс. Табиғи су көздері бар болған кезде өрт машиналарын орнату үшін берік кірме жолдарды орнату қажет, ал қыста қатпайтын суаттарды. Елді мекендерде объектілердің су көздерінен алыс орналасуынан өрттердің ірі өлшемдерге дейін дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Елді мекендердің, сол сияқты өндірістік аймақтар арасындағы жолдар жұмсақ беттіктен жасалады және көлік қозғалысын қиындатады, әсіресе көктемде, күзде және қыста. Кеңінен дамыған байланыс жүйесінің болмауы, өрт орнына өрт бөлімшелерінің уақытында келуін кешіктіреді. Елді мекендер мен ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінде өрттерді сөндіру және өрт-профилактикалық жұмыстарды өткізу үшін ерікті өрт жасқтары, өрт күзеттері құрылады. Облыстар қатарында ерікті өрт командалары қалыптасады. Селолық елді мекендердегі өрттерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: тұрғын аймақта, өндірістік аймақта және жеке тұрған объектілерде.
Тұрғын аймақтағы өрттердің көбі тұрғын ғимараттардың шатырларында, қораларда, бір шатыр астында салынған ғимараттарда пайда болады. Ағаш ғимараттарда пайда болған өрт жанғыш материалдардың ішкі конструкциялары бойынша тез таралады. Жеке үйоердің тығыз құрылысы, ағаш құрылысты қоймалардың бар болуы, ғимараттардың шатырлары жанғыш материалдардан жасалуынан тұрғын аулада және көршілес үйлерге оттың тез таралуына жағдай жасайды. Қарқынды жану және жел жылдамдығының нәтижесінде ауаға көтерілетін және желмен таралатын қуатты конвективті ағындар пайда болады. Практиада мынадай жағдайлар белгілі, өрттер кезінде ұшқындар 500-600 м және одан жоғары қашықтықтарда ұшқан, ал ыстық ауа райы және қатты жел кезінде оттың сызықты таралу жылдамдығы 25м/мин жеткен.
Асханада, верандаларда өрттер пайда болған кезде, практика көрсеткендей, от адамдарды тұрғын бөлмелерден көшіру жолдарына бөгет жасайды. Бұл егер тұрғын үйлерде балалар мен аурулар болған жағдайда өте қауіпті. Тұрғын аулалардың қоймалық бөлмелерінде оттың тез таралуы мал мен құстың өліміне әкеледі. Тұрғын үйлердегі өрттер газ баллондарының жарылуынан болуы мүмкін, ал жеке автокөлік бар болғанда автокөліктің бензобагі және жанғыш сұйықтықтың төгілуінен.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close