Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР ЗЕРДЕЛЕНДІ

Сел сырғыма, қауіпті аймақтар зерделеніп, алдын алу шаралары қабылданды. Түркістан облысы әкімімен 2024 жылғы 13 мамырда «Облыс аумағында атқару тиіс инженерлік іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға жалпы 39 іс-шара енгізіліп, қазіргі таңда 23 толығымен аяқталган. Сонымен қатар, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары» жол картасына енгізілген 20 іс-шара толығымен аяқталды. Облыстағы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық іс-шаралары ерекше бақылауга алынған.

Сел (гидрологида «саиль» сөзінен — «балшықты тастардың ағуы») – көбіне нөсерлі жаңбырлармен немесе қардың қатты еруімен кенеттен келетін өте үлкен концентрациялы минералды заттардың, тастардың және тау жыныстары сынықтарының (50-60% ағын көлемі) ағыны.

2022 жылы Түркістан облысының бірнеше ауданында сел жүріп өткен болатын. Атап айтқанда Қазығұрт ауданында тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан сел болып, Дихан ауылындағы алты үйдің ауласына зақым келтірген еді. Одан бөлек, Айнатас аулындағы үш үйдің ауласыда қызыл судың құрсауында қалған еді. Одан бөлек, таулы аймақта орналасқан Төлеби ауданының ауылдары жаңбыр суынан зардап шекті. Құтқарушылар дер кезінде келіп, апат салдарын жоюға атсалысты.

Қазақстан аумағының сел ағынының пайда болу аймағында Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз және Түркістан облысының аудандары кіреді. Сел ағынының көбіне шалдыққан жерлері Түркістан облысының таулы және тау алды аймақтары.

Сел – су мен борпылдақ, қарқынды жауынның немесе қардың, сондай-ақ қармен мұз үйінділердің қатты еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен сайлардың бассейндерінде кенет пайда болатын, заттардың қоспасынан тұратын үлкен бұзушылық күштің қарқынды ағыны. Сонымен бірге, селдер жер сілкінісінен және жанартаулардың атқылауынанда пайда болуы мүмкін. Селдердің пайда болуына антрпогендік факторлар да әсерін тигізеді, оларға орманның шабылуы және тау бөктерлерінің беткі топырақтарының деградациясы, жол салған кездегі тау жыныстарының қопарылуы, карьерлердегі жарылыс жұмыстары, үйінділерді дұрыс ұйымдастырмау және жердің топырақты-өсімдікті үстіңгі қабатына жойқын әсер ететін ауаның жоғары газдануы жатады.

Сел – сұйық және қатты массаның арасындағы бір зат. Бұл қысқа мерзімді құбылыс (көбінесе ол 1-3 сағатқа созылады), ұзындығы 25-30 км су ағысына және су жиналуы 50-100 км² көлемдегі су қоймаларына сипаттас.

Селге қалай дайындалу керек

Көбінесе селдік ағынның жүріп кететін жерлері белгілі болады. Тауға шықпас бұрын өзіңіздің қозғалатын жолдарыңыздағы осы жерлерді зерттеңіздер және олардан аулақ жүріңіздер, әсіресе қатты жаңбырлардан кейін. Әрқашан естеріңізде болсын, сел ағынына ұшыраған адам құтқарыла алмайды. Сел ағынынан тек одан қашып қана құтылуға болады. Үйді қалдырмас бұрын, алдын ала эвакуация кезінде, электр желісін, газ бен су құбырларын өшіріңіздер. Есіктерді, терезелер мен желдеткіштерді нығыздап жабыңыздар.

Селді ескерту бойынша алдын алу іс-шаралары

Сел қаупі бар аудандарды селге қарсы дамбалар мен бөгеттер құрылады, айналма каналдар жасалады, тау көлдерінің деңгейі төмендетіледі, ағаштар егу жолымен баурайлардағы жер қатайтылады, бақылау жүргізіледі, ақпараттындырулар ұйымдастырылады және эвакуация жоспарланады.

Сел ағыны кезінде қандай әрекет жасау керек

Келе жатқан селдің даусын естіп, тез арада төмен қойнаудан 50-100м биіктікке көтерілу керек. Бұл ретте өкірген ағыннан үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті ауыр салмақты тастардың лақтырылуы мүмкін.

Сел ағыны жүргеннен кейінгі іс-әрекеттер

Зардап шеккендерге және селдің қозғалған жолы және селдің негзігі массасы жүрген жерлерде құрылымдар мен органдарға көмек көрсетіңіздер. Егерде Сіздер зардап шексеңіздер — өздеріңізге дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіздер. Өздеріңіздің жарақат алған дене учаскелеріңізді, мүмкін болғанша, көтерген қалыпта ұстау қажет, ол жерлерге мұз (дымқыл материя), қысатын таңғыш салу қажет.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close