ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ КОМПАЗИТОРЛАРЫ-3
Түркістан топырағында дүниеге келген танымал компазиторлар туралы біле жүріңіз.
Лесбек Аманов
Жүрекке сөз жетпейтін дүние әнмен жетеді. Бұл жерде музыканың құдіреті ғой. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан жастарға қатысты ел ішінде екі жақты пікір қалыптасып, билік бүлікшілерді нашақорлар мен маскүнемдерге теңегенде бір ғана ән халықтың рухын көтеріп, ұлттық рухты қамшылады.
Бұл «Қара бауыр қасқалдақ» әні еді. Желтоқсан оқиғасынан тура бір жыл өткен соң дүниеге келген әннің тарихын әннің авторы, белгілі күйші Лесбек Амановтан сұрауды жөн көрдік. – Әннің мәтінін белгілі ақын Есенғали Раушанов жазған. «Жұлдыз» журналын қарасам, мына өлең жолдары көзімді оттай басылып кетті.
Қара бауыр қасқалдақ Қайда ұштың пыр-пырлап? Сазың қалды сәбидің Еңбегіндей былқылдап. …Ұя қалса иесіз, Айдын үшін сол қайғы. Қаңғып келген шүрегей, Көлге пана болмайды, – деп астарлап жеткізген өлең жолдары Қонаевты, ал Колбинді қаңғыр келген шүрегей деп «Көлде қаңғыбасқа пана жоқ» деген өлеңін бірден түсіндім. Өлеңді оқып отырып, ән өздігінен шықты. Бұл 1987 жылдың 18 желтоқсаны болатын. Алғашында барабанмен, диктормен ән айттым.
Алғашқыда әнді домбырамен, баянмен өзім айтып жүрдім. Артынша Асқар Момынов деген жігіт бастаған Шардара өңірінде құрылған «Наз» тобы өнер көрсетті. Топтың солисті Елік есімді қырғыз қызы болатын. Сахнада «Қасқалдақты» шырқады, тіпті тамаша орындады. Сол кезде Шымкенттегі музыка мектебінің директоры Қайрат әнді алғаш рет «Тамашада» орындады. 1989 жылы Арқас тобы Шардараға гастрольдік сапармен келеді. Бұл сапарда олар Алматы сахнасына «Арқастықтар» «Наз» тобының орындауындағы «Қара бауыр қасқалдақ» әнін әкелді. Көп ұзамай «Тамашада» оны топтың солисі Болат Құсайынов орындады. Ән бірден халық арасына тарап кетті.
Колбин де «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің саяси астармен жазылғанын естіген. «Есенғалиды қауіптен оның тапқырлығы аман алып қалды» деп жазады естелік әңгімеде. Содан кейін бірден әннің сөзін жазған Есенғали Раушановты шақыртады. Әрине, КГБ-ның адамдары алып кетіп бара жатқан ақынның ішкі жан дүниесі бұзылады. Бірінші хатшының «Бұл өлеңнің астарында не жатыр?» деген сауалына ол: – Геннадий Васильевич, бұл өлең Арал проблемасына жазылған. Қасқалдақ құсының қаны тоқсан түрлі дертке дауа. Ал қазақ ұғымында шүрегей құсы бұл қасқалдақты көлден түткілеп қуып шығады дейді ол.
«Аа, бұл өте жақсы жазылған өлең», – депті Колбин. Есенғали тапқырлығының арқасында қауіп-қатерден аулақ болған сияқты. Бірақ қауіп бұлты сейілген жоқ. Сол бір қиын-қыстау заманда Есенғали ақын Шардараға телефон соғып: «Заман өзгеріп жатыр, ертең не болары белгісіз» деген соң, Қызылқұмның өңіріне барып, мал баққан күндерім де болды. «Қаскалдаққа билей алмайсыз»,-деп «Қара бауыр каскалдақ» әнінің мағынасын біреу түсінсе, біреу түсінбеді. Бірақ бұл әннің жаңа стилі болғандықтан, ол жастар арасында кеңінен таралып, кештерде оған билеу танымал болды. Ол кезде журналистер, өнер қайраткерлері, жалпы зиялы қауым өкілдері газет-журналдарда: «Бұл әнге билей алмайсың. «Халықтың рухын көтерген нағыз патриоттық әнге билер, бұл кешегі Желтоқсанға қатысқан жастардың төгілген қанының үстіне билеу» деген мағынадағы мақалалар жазды.
Содан бері бұл ән Желқосан оқиғасы қарсаңында жиі айтылады. 1991 жылы Дінмұхаммед Қонаев ақсақал Түркістанға келгенде «Қара бауыр қасалдақ» әнін жазған сазгер шымкенттік екен. «Мен бұл жігітті кездестірсем деп едім», – деді ол. Димкеңе авторды қарсы алу үшін Шардарадан арнайы әкелді. Біз Қазығұрт өңірінде кездестік. Аудан басшысының үйінде отырып, Димекеңе әнді бірнеше рет шырқап берген. Димекең толқып: «Қазақстанның қай жеріне барсам да «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен қарсы алады. Сен де қазақтың қара баласысың, рахмет» деп ризашылығын білдірді. Ақын-ғалым Бауыржан Қарабеков Есенғалимен 1993 жылы Алматыда танысады. Оны Ұлықбек Тұңғышбаевтың үйіне арнайы шақырды. Кездесуде Есенғали жыршыға жақында жарық көрген «Қара бауыр қасқалдақ» кітабын сыйға тартты. «Жұрт әннің авторын кеш таныды». Қазір оның 100-ден астам әні бар. Олардың көпшілігі халық әндеріне айналды. Бауырлар тобының орындауында «Оралыңның барында ойнап да күл», «Біз де ғашық болғанбыз», Күләш Ахметованың сөзіне жазылған «Қыз ұзату», Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Әйелдер-ай, қандайсыңдар», «Шолпанға», «Ақторғыным» әндері бүгінде тойдың да, сахнаның да сәні.
Ержан Серікбаев
Атақты әнші, композитор Ержан Серікбаев, қазақта «Екінші Шәмші» атанған. 1962 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Жастайынан спортқа, өнерге жақын Ержан бокстан бірнеше жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған. Алматыдағы эстрада және цирк студиясында белгілі әншілер Зейнеп Қойшыбаева мен Лаки Кесоғлудан тәлім алғаннан кейін, «Гүлдер» ән-би ансамблінде өнер көрсетті. Композитор 70-тен астам ән шығарды.
Олардың арасында танымал әндері «Қазақстан», «Алматы таңы», «Неткен өмір», «Алыстағы арман», «Ауылым, аңсадым», «Кешір мені, асыл жарым», «Сен үшін», «Алға, қазақ жігіттері!», «Астана кештері», «Арысым», «Жан әке», «Сен қасымда болмасаң». Ал әзіл-қалжыңға жазылған «Сека», «Ай-ай-ай», «Шымкенттің салқын сырасы» әндері хитке айналды. Композитордың әндерін «Жігіттер» квартеті, «Нұр-Мұқасан» тобы және де Асқар Жүнісбеков, Жұбаныш Жексенұлы, Ақылбек Жеменей, Жұлдыз Бақытжанқызы.
Қазақтың дәстүрлі өнері өңірлік және аймақтық болып екіге бөлінетінін бәріңіз білесіздер. Біз сөз етіп отырған оңтүстік өңірде ән мен жырдың өзіндік мәнері бар мектеп бар деуге толық негіз бар. Мысалы, Майлықожа, Құлыншақ, Мәделі, Мұса, Қызыл, Шәді, Ергөбек сынды ақын-жыраулардың үлгілерін бізге жеткізген Өсер жыршы, Құлжабай ақын, Ысқақ Құлыншақұлы, Копбай Омаров, Көпбай Әлімбетов, Молда Мұса Жұманазаров, Қайыпназар Әйтпенов, Құтбай Дүрбаев сияқты ақындар мен жыршылардан бізге жеткізуші Сәбит Оразбаев, Қамал Ендібаев, Ергеш Жұмабаев, Оразқожа Бекахметов, Мұхтар Өтебаев, Ташман Шекеров, бізге халық әндерін жеткізуші Райысқұл Темірбаев, Сапаралы Серікбаев, Ілесбек Аманов сияқты орындаушылардың көп болғаны туралы мәліметтер жинақталды.
Кімнің қандай мақаммен орындап, кімнен үлгі алғаны туралы мәліметтер бар. «Терме сазы», «Нартай сазы», «Оңтүстіктің 100 термесі», «Оңтүстіктің 100 әні», «Оңтүстіктің 100 күйі», «Сырлы сырнай мұрасы», «Оңтүстік ән әуендері» атты еңбектерде шығармалары қамтылды.
Күй өнері – Әлшекей, Сүгір, Ақбала Күші, Әйкен, Оразбек Сарсенов, Ақбал күшінің шәкірті Шағдар Ақылбеков, Рахат күші, Әйкен күші, Қабыл мен Дабыл күйлерін бізге жеткізушілер Құтбай Дүрбаев, Қайыпназар Айтпенов, одан бері Бөрі Иса, Аралбай, Марат Анашов, Батырхан Рыспанбетов және басқа да өнер адамдары әртүрлі жолмен бізге жеткен. Бұл өлкенің терме-жыр сарындары қобыз үнімен үндесіп, сұқ саусағын іліп шертіліп байыппен орындалады. Осы өлкеде жиналған халық әндері мен күйлеріміз осы сарынмен үндесіп тұрғандай.
Оңтүстік өңірінің өнер сүйер қауымымен, ғалымдарымен, ақсақалдарымен ақылдаса келе, осы өңірдің «Оңтүстік ән мен күй мектебі» деп аталатын мектебін құруға келісті. Осылай аталғаннан кейін Қызылқұм мен Мырзашөл, Отырар мен Түркістан облыстары, Қаратау өңірі, Қазығұрт аумақтары ішінара Келес өзенінің бойында төрт аймаққа бөлініп, мақам саздары анықталды. Бұл өңірлерден келген ақын-жыраулар, автор-орындаушылар туралы деректер бар.
Бұл жұмыс Шымкент саз колледжінің ұстаздарына тапсырылды. Қызылқұмның ірі өнер ошағы болғанын осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, күйшілер дәлелдейді. Молда Мұса Қайыпназар ақын бастаған Ақбала күші, Оразбек күші, Шағдар күйші сынды талай өнерпаздар дүниеге келген. Тағы бір өңір – Қаратау өңірі. Бұл жерде өзіндік орындау үлгісі бар Әлшекей, Сүгір, Төлеген, Жаппас Қаламбаев, генерал Асқаров, ақын – Құлыншақ, Құлабай, Көпбай ақынның үлгісі бар.
Ендігі бір аймақ Қазығұрт, Келес өзені жағалай әншілік орындаушылық дәстүрі бар. Бұл өңірден Қазанғап ақын, Төлеш ақын, Күлбай ақын, Өмірсерік ақын, әнші-термеші Тасболаттың, Райымқұл Темірбаев сияқты орындаушылардың саз үлгілері бар. Қызыл жырау, Майлықожа, Молда Мұса Түркістан мен Отырдың ақындары болса, Нартай Бекежановты қосуға негіз бар. Себебі, Шиелі мен Жаңақорған Түркістан губерниясының құрамында, Түркістан орталық болған кездер де болды. Нартай жырларының оңтүстік өңірінің әндерімен үндестігі де сондықтан. Нартай осы өңірде өнер көрсетті, Нартайдың көптеген әндері осы өңірде кездеседі.