Қоғам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА 100 МАМАН ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Аталған заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтуде. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады.

Облыс орталығына айналғанына небәрі бес жыл болған Түркістан қаласын шын мәнінде тек қазақтың емес, түркі әлемінің мәдени, рухани елордасына айналдыру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу, өңір мәдениетін дамыту, өнер майталмандарынан құралған шығармашылық ұжымдарды қалыптастыру үшін облыс басшысы Дархан Сатыбалды арнайы тапсырма берген болатын.

Түркістан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін 100-ден астам штат беріліп отыр. Атап айтқанда,  хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі,  заманауи бағыттағы әншілер топтарынп мамандар қабылдануда. Осыған орай еліміздегі өнер мамандықтары оқытылатын жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатылып, мамандар шақыртылуда.


Өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты. Атап айтқанда Петропавл, Қарағанды, Тараз,  Алматы, Шымкент, т.б. қалалардан, Қызылорда облысынан, Түркістан облысының аудандарынан өнер мамандары келіп,  өз бақтарын сынады. Байқауда «Конгресс Холл көпсалалы кешені» МКҚК-ның басшылары мен шығармашылық бөлімінің қызметкерлерінің іріктеуінен 27 жас маман іріктеліп алынды.

Қазіргі таңда өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктеліп жатыр. Екінші кастингті 5 — 7 қыркүйек күндері өткізу жоспарлануда. Мамандарды  Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия іріктейді. Бүгінгі күнге 25 — тен астам үміткер өз өтінішін білдірген.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close