Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ДАМЫП ЖАТЫР

Осыдан төрт жыл бұрын, 2018 жыл¬ғы 19 маусымда Қазақстан¬ның Тұңғыш Прези¬денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ш嬬¬шімімен еліміз¬дің әкімшілік-территориялық құры¬лы¬мы өзгерді. Жаңадан Түркістан облысы құры-лып, талай тарихи кезеңнің куәсі, аты әлемге бел¬гілі Түркістан шаһары оның орталығына ай¬нал¬ды. Елбасы атап өт¬кендей, Түркістан ғасырлар бойы Қа¬зақ хандығының, жалпы бүкіл түркі дү¬ниесінің сая¬си және рухани өмірінің өзе¬гі болды. Көне шаһар¬ды түркі әлемінің мә¬дени-рухани орталығы ре¬тінде қа-лыптастыру бойынша ауқымды жұ¬мыс¬тар атқарылды. Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеу¬меттік инфра-құры¬лы¬мы қаланды. Ұлы Жібек жолы бойындағы ең көне шаһардың бірі, күллі түркі әлемінің ру¬хани аста¬на¬сы – Түркістанның қайта тү¬леуі Қазақстанның Тұң¬¬¬-ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар¬баев¬тың жіті назарында. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың сан ғасырлық адамзат шежіре¬сінің куәгері жә¬не өркениет жауһары – Түркістанға де¬ген қам¬қорлығы ерекше. Қазақстан Пре-зиденті мен Үкі¬мет басшысының қо묬¬дауымен Түркі әлемінің рухани аста¬насы Түркістан қарыштап дамып келеді.

Өткен жылы облыс экономикасы 41 пайызға өсті. Арнайы Кешенді жоспар бекітіліп, бү­гінгі күнге жоспарланған іс-шаралардың 40 пайызы іске асырылды. Жалпы 445,3 млрд. теңгеге жаңа 257 нысан бой көтерді. Оның ішінде 230 млрд. теңгесі жеке инвестициялар есебінен. Осы уақыт ішін­де 123 нысанның құрылысы аяқталды. Жаңадан Ха­лықаралық әуежай, Әкімшілік-іскерлік және Мә­дени-рухани орталықтар салынып, шаһардың ор­талығы Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңар­тылды, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды. Түркістан қаласы толық газ­дандырылып, 13 мың гектарға жасыл белдеу құрыл­ды, 3,8 млн ағаш отырғызылды.
Кешенді жоспардың 40 пайызы орындалуын ескере отырып, Түркістан қаласын дамыту­дың ІІ кезеңін іске асыру ұсынылып, қолдау тапты. Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық да­мытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жос­парын іске асыру облыстың дамуына жаңа сер­пін беріп, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттырады. Кешенді жоспар – бүкіл ел тұрғын­дары­ның әл-ауқатын арттырудағы нақты қадамдар бел­гіленген елдік жоба. Ұлттық экономика ми­нистр­лігімен бірлесе 2021-2025 жылдарға жаңа кешенді жоспар жобасы әзірленіп, тиісті ми­нистрліктермен келісілді. Республикалық бюд­жет­тік комиссия қарауына енгізіліп, мақұлданды. Жаңа кешенді жоспарға 142 іс-шара енгізіліп, қажетті қар­жы 3,6 трлн теңге, оның ішінде 2,7 трлн теңге жеке инвестициядан төленіп отыр. Жоба аясында 5 жылда облыс экономикасы 1,5 есе өседі. Аталған шаралар жалпы өңірде өнеркәсіп көлемін 35 пайызға, еңбек өнімділігін 52 пайызға арттыруға жол ашып, халықтың нақты табысының 54,8 пайыз­ға өсуін қамтамасыз етеді. Кемінде 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылмақ. Бұл мақ­сатқа 1,3 трлн теңге инвестиция бағытталады, оның ішінде, 1 трлн теңге жеке инвестиция есебінен (мем­лекеттік инвестиция – 303,4 млрд теңге). Халық сумен жабдықтау қызметтерімен 100 пайыз, газ­бен жабдықтау қызметтерімен 85,4 пайыз қам­тамасыз етілетін болады. 5 жыл ішінде АӨК сала­сында 100-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл жалпы өнім көлемін 729 млрд-тан 1,3 трлн теңгеге дейін арттыруға және еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістан қаласының айналасында 11 мың гектар азық-түлік белдеуін құру, оның шең­берінде жалпы сомасы 15 млрд теңгенің 7 инвес­тициялық жобасын іске асыру көзделген. Сонымен қатар, ол кешенді жоспар шеңберінде сүт өндірісін 880 мың тоннаға дейін, ет өндірісін 283 мың тон­наға дейін, көкөніс пен жеміс өндіруді 1 млн 530,9 мың тоннаға дейін жеткізуге болатынын атады. Бұл сәйкесінше сүт өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді 60 пайыздан 80 пайызға дейін, ал ет өңдеу зауыттарын жүктеуді 55 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайтуға мүм­кіндік береді. «Нәтижесінде Түркістан облысы­ның ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге дейін жеткізіліп, еңбек өнімділігі 2,5 есе артады.
Бес жыл ішінде 5 млн шаршы метрге жуық тұр­ғын үй, 130 жаңа мектеп, 10 денсаулық сақ­тау ны­санын, рухани-мәдени орталық және басқа да әлеуметтік сала нысандарын салу жос­пар­ланған. Кешенді жоспарды іске асыру нә­ти­жесінде 2025 жылы облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. тенгеге жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орны ашы­лады, халықтың әл-ауқаты жақсарып, облыс эко­номикасына мультипликативтік әсерін тигізеді. Түр­кістан, Шымкент және Ташкент қалаларын бай­ланыстыратын жүрдек теміржол магистралін тарту, Түркістан қаласында жаңа теміржол мен ав­тобекеттер салу жоспарының келешегі зор.

Халықаралық әуежай аумағында 12 жоба іске асырылып, қонақ үй, 400 гектарға қара өрік ба­ғы, 50 гектар жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бор­дақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады. Әкімшілік-іскерлік орталықта жал­пы 57 жоба іске асырылып, жаңа теннис орта­лы­ғы, мұз сарайы, ескек есу каналы, демалыс орын­дары салынып, қажетті инфрақұрылым тартылады. 5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй немесе 46 мың пәтер пайдалануға беріледі.
Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспары жобасында 10 денсаулық нысанын, оның ішінде Түркістан қаласында 7 және Арыс пен Сарыағаш қалаларында 3 нысан салу көзделген. YDA компаниясы Түркістан қаласында мем­ле­кеттік-жекешелік әріптестік аясында 570 төсек-орын­ға арналған облыстық көпбейінді аурухана құры­лысы жобасын іске асыруға қызығушылық та­нытып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тіктің бұл жобасы республикалық деңгейде жүзеге асырылады және Түркістан облысында 2021-2025 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамыту ке­шенді жоспарына қосылған. Бұл облыс тұрғындары мен қонақтарына жоғары технологиялық қызмет көр­сететін халықаралық деңгейдегі клиника бол­мақ. Сонымен қатар Түркістанда 190 төсек-орны бар облыстық балалар ауруханасын салу да жос­пар­ланып отыр. Жоспарда Түркістан қаласында 500 адамға арналған қалалық емхана құрылысы да қарас­тырылған. Ал жаңадан салынатын симуляция ор­та­лығында дәрігерлер біліктілік көтеруден өтіп, нақты клиникалық жағдайларда іс-жүзінде дағды жинайды. Жоғары медициналық тех­но­логияларға оқыту түрлі модельдерде, тренажерлер мен виртуалды симуляторларда жүргізу жос­пар­ланған. Бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби қызмет барысында процестерді, жағдайларды және өзге де аспектілерді нақты модельдеуге мүмкіндік береді. Түркістан қаласында бір ауысымда 300 келу­шіні қабылдайтын тіс емханасын салу жос­пар­ланған. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары әзір­леніп жатыр. Сондай-ақ 25 бригадаға арналған же­дел медициналық көмек стансасының құрылысы жүр­гізіліп жатыр. H.H.Sheikh Mohamed Bin Zayed Al Nahyan қоры Түркістан қаласында «Ана мен бала орталығын» салады.
Б.Саттарханов даңғылы аумағында спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орта­лық­тары, 182 гектар ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені жобалары іске асыралады. Мәдени-ру­хани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи ны­сандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жүргізіліп, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат кот­теджі» қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынады. Әзірет Сұлтан қорық-музейінің, Қожа Ахмет Ясауи және Рабия Сұлтан Бегім кесенелерінің аумағын абаттандыру 2025 жылға дейін жалғасады. Өңірдің туристік ағы­нын ұлғайту үшін Түркістан және Төле би ауда­нындағы «Қасқасу» туристік-рекреациялық орта­лықтарының инфрақұрылымын дамыту жос­пар­ланып отыр. Сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойында жаңа туристік өнімдер пайда болады. Түгел түркінің темірқазығы саналатын Түркістанға тәу ету ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр. Қасиетті шаһар­ға туристер ағыны жылына 1,2 млн-нан 2,5 млн адамға дейін артпақ.
Түркістан өңірін дамытудың бесжылдық кешенді жоспар шеңберінде мәдениет пен туризмді дамытатын 11 инвестициялық жоба жоспарланған, оның 9-ы жеке инвестициялар есе­бінен іске аспақ. Нәтижесінде 2025 жылы туристер санын 2,5 млн адамға дейін, орналастыру орын­дарымен қызмет көрсетілген келушілер санын 291 мың адамға дейін және туризм саласында жұмыс істейтіндер саны 30 мың адамға дейін артады деп жоспарлануда. Статистикалық деректер бойынша өңірде 703 мәдениет мекемесі бар. Жаңадан 13 мә­дениет нысаны пайдалануға беріледі.
Облыста туризмнің әлеуеті аса зор. Тарихи туризмнің алтын бесігіне айналған Түр­кістан, отандық та, шетелдік те туристердің ара­сын­да аса танымал. Кешенді жоспар аясында тари­хи-мәдени мұраны сақтау бойынша 3 ауқымды жо­баны іске асыру көзделген. Яғни, Күлтөбе қала­шығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық-музейінің аумағын абат­тандыру, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи және Рабия Сұлтан Бегім кесенелерін, Түркістан қаласындағы цитадельдің қамал қабырғасын қалпына келтіру жұмыстары көзделген. 2025 жылға дейін 59 ны­санды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, 24 археологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

Кешенді жоспар аясында облыс аумағында ірі мұнай өңдеу зауыты, химия кешені, тұр­мыстық техника шығаратын зауыт құрылысы және Түркістан қаласының айналасында азық-түлік бел­деуін құру жоспарланып отыр. Түркістан облысы Ұлы Жібек жолы бойында орна­лас­қан­дықтан 48 шақырым «Шымкент қаласының оң­түстік-батыс айналма жолы», 102 шақырым «Сарыа­ғаш қаласының айналма жолы», 30 шақырым «Түр­кістан қаласының шығыс айналма жолы», «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жүрдек теміржол магистралі салынатын болады.
Түркістан облысының экологиясын жақсарту мақсатында суармалы алқаптарды қалпына келтіру арқылы 62 мың гектардан астам алаңды су­мен қамтамасыз ету жақсартылады. Ұзындығы 2 мың шақырымға жуық канал жөндеуден өтеді.
Жыл сайын суармалы судың шығыны 200 млн текше метрге азаяды. Бұл ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көлемін 40 млрд теңгеге жеткізіп, 12 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік береді. Түркістан қаласын жасыл бел­деумен қоршау үшін 2019 жылдан бері 3,8 млн тек­ше көшет егілген. 2019 жылдан бастап қаланың ай­наласында 7,7 мың гектар алаңда жасыл белдеу құру жұмысы жүріп жатыр.

Кешенді жоспар жобасында электрмен жабдықтау саласында жалпы сомасы 49,7 млрд теңгеге 11 жобаны іске асыру көзделген. Ірі жо­балар арасында Түркістан қаласында 110 кВ же­лісімен қуаты 2х25 МВА «Солтүстік» 110/35/10 кВ қосалқы стансасын және Ордабасы ауданында «Бадам» 220/110/10 кВ қосалқы стансасын салу бар. Ұсынылған жобаларды іске асыру 500 мыңнан астам адамды сапалы және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, 200 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 30 тұрақты жұмыс орнын құру­ға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік-же­кешелік әріптестік тетігі шеңберінде Түркістанда құны 40 млрд теңге ЖЭО салу көзделіп отыр.
Өңірді газдандыру аясында Созақ ауда­нын­дағы автоматтандырылған газ тарату стан­са­сыан магистралды газ құбырын және Мақтаарал ауданындағы 3 автоматтандырылған газ тарату стан­сасын салу сияқты жобаларды іске асыру көз­делуде және елді мекендерге газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырларын салу жоспарланып отыр. Жалпы, 2026 жылға қарай газдандырылған елді мекендердің санын 423-тен 722 бірлікке дейін ұлғайту және халықты газбен қамтуды 1 274 мың адам­нан 1 720 мың адамға дейін кеңейту көзделіп отыр.

Спорт саласында 13 жобаны іске асыру қарас­тырылған, оның ішінде жеке инвес­тиция­ларды тартумен екі нысан салу және жергілікті бюджет есебінен 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады. Аталған жобаларды іске асыру бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді және 2025 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 45 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша алдағы уақытты Түркістан об­лысы және оның орталығы Түркістан қала­сы жаңа қарқынмен дамып, еліміздің алдыңғы қатар­лы аймағына айналмақ. Жаңадан құрылған облыстың гүлденіп, көркеюі мемлекет негізін құрайтын ұлт өкілдері көп шоғырланған аймақ хал­қының тұрмыс деңгейінің жоғары болуына ықпал етері анық. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи секілді әлемге белгілі тұлғаның мәңгілік мекеніне айналған Түркістан шаһарының дүниежүзі турис­терінің назарын бұруы қазақ халқының, Қа­зақ­станның әлемдегі имиджіне оң әсер ететін бо­лады деп сенеміз.

Ахмет Өмірзақ

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close