Қоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Сайрам аудандық мәдениет үйінде «Қазақтың дәстүрлі өнері, жыр термесі» тақырыбында облыстық семинар-кеңесі өтті.

Шараны Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Алипов және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан ашып беріп, семинар-кеңестің маңыздылығына тоқталды.

Ұлттық шығармашылықты дамытуға бағытталған шараға облыстың аудандық, қалалық және ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың дәстүрлі ән өнері үйірмелерінің жетекшілері қатысты. Олар алдымен Сайрам ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларынан жасақталған көрмені аралап, аудандағы дәстүрлі әншілердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Содан соң дәріске ұласты. Шарада Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан  модераторлық етті.

Семинар-кеңесті ҚР Мәдениет қайраткері, Астана қаласынан келген дәстүрлі өнер майталманы Светлана Мырзабаева бастап, «Домбырамен ән айтудағы шеберлік және орындаушылықты меңгеру» тәсілдерімен бөлісті. Тақырып аясын кеңінен аша түсті. Ал ҚР Білім беру саласының үздігі, Шымкент қалалық Саз колледжінің ұстазы Әлімжан Серікбаев «Арқа, Жетісу, Оңтүстік мектептерінің ән салу ерекшеліктері» жөнінде өз тәжірибелерін көрсетті. Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Ұлттық шығармашылық және жанрлар жөніндегі» маманы Аяз Рүстемов «Дәстүрлі ән, терме, жыр орындаушылықты жас буынға үйрету тәсілдері» жөнінде баяндама жасады.

Айта кетейік, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңестің мақсаты дәстүрлі ән өнерін дамыту мен насихаттауға бағытталған.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close