Қоғам

ТҮРКІСТАНДА АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Жаңа қала аумағын аралап, берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков “Тұран” тұрғын үй кешенінің аулаларын абаттандыру жұмыстары бойынша баяндады.

Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев 11-көшеде орналасқан 16/1, 21/1, 25/2 үйлерге қатысты белгіленген тапсырмалардың жүзеге асырылуы бойынша есеп берді. Мәлімдеуінше, тұрғындардың өтініші зерделеніп, өзекті мәселелер кезеңімен атқарылуда. Кей үйлердің жертөлесінде анықталған кемшіліктер мердігер мекемелермен қайта қалпына келтірілуде.

9-көшедегі 40/4 үйге қатысты шағымдар бойынша атқарылған жұмыстар да айтылды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы тапсырмалардың талапқа сай орындалуы маңызды екенін атап өтті. Қазіргі таңда Жаңа қала аумағында тұрғындардың арыз-шағымдарымен арнайы штаб жұмыс істеуде. “Түскен өтініштер назардан тыс қалмай, заң аясында шешілуі қажет”, — дей келе шаһар басшысы сала жетекшілеріне мобильді топтың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды тапсырды.

Сондай-ақ, жауаптыларға көгалдандыру мен тазалыққа қатысты бірқатар ескерту жасап, жұмысты ширатуды тапсырды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close