Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ИНКЛЮЗИЯЛЫҚ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі басталды.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге 5 ауданнан және Түркістан, Кентау қалаларынан 102 бала 12 команда қатысып, спорттың үш түрінен бақ сынайды. Жоба аясында балалар эстафета, жеңіл атлетика, бочча спорт түрлері бойынша жарыс жолына шығады.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жарысқа қатысушы балаларды құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Бүгінгі киелі Түркістан қаласында бастау алғалы тұрған жобаға қош келдіңіздер!

Түркістан облысында 2 милионнан астам халық бар. Ал Түркістан қаласының өзінде 220 мыңнан аса тұрғын бар. Сондықтан бүгінгі қоғамда салауатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды.

Спорт адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз.

Спорт – денсаулық кепілі! Салауатты өмір салтын өмірлік серіктеріңізге айналдырып, биік рух пен спортқа деген құлшыныстарыңыз халыққа үлгі болары хақ. Бүгінде Президентіміздің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы білім алуына, олардың жұмыспен қамтылып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына және елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріп отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының әйелдер қанаты бойынша кеңесшісі Қалыйма Жантөреева жарысқа қатысушы балаларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы тағайындалған кубок, медаль, алғыс хаттармен марапатталды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close