ТҮРКІСТАНДА «ТЫҢ ТАРИХЫ – АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында Тың және тыңайған жерлердің игеріле бастауына 70 жыл толуына орай «Тың тарихы – архив құжаттарында» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Іс-шара Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен, «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» және «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен ұйымдастырылды. Оған өңірдің архив қызметкерлері, тарихшылары мен өлкетанушылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Архив-2025» жобасын іске асыру және қазақ елінің бай тарихын, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуын, мәдениетін жан-жақты көрсететін архив құжаттарын ғылыми мақсатта насихаттау, ұрпақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында архивтік құжаттар негізінде құжаттық көрмелер мен фотокөрмелер таныстырылды. Конференция Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов алғысөзімен басталды.
Конференция барысында тың және тыңайған жерлерді игеру тарихын насихаттау қажеттілігі, оған қазіргі тарихшылардың көзқарасы, пайдасы мен зардаптары жайлы тұжырымдар айтылып, ой-пікірлер ортаға салынды.