Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Облыс орталығы Түркістан қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Спорттық сайысқа өңірден 12 команда 170-ке жуық волейбол шебері қатысып, бас жүлдеге таласты.

Волейбол бәсекесін облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Рүстемқызы салтанатты түрде ашып беріп, жарысқа қатысушы аруларды құттықтап, ел чемпионатында облыс намысын лайықты тұрғыда қорғайды деп сенім білдірді. Сондай-ақ, волейболдан қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Құрбанбай Оспан сөз алып, спортшыларға жарыстың барысын жан-жақты айтып өтті.

Облыстың аға жаттықтырушысының айтуынша доп додасында Түркістан, Сауран, Отырар, Ордабасы және Шардара аудандарынан келген бұрымдылар жоғары дәрежеде ойындар өткізуде.

Жарыстың мақсаты шеберлігімен көзге түскен ойыншыларды іріктеп, облыс құрамасын жасақтау болып табылады. Сондай-ақ, облыс көлемінде волейбол спортын дамыту мен қатар бұқаралағын арттыру болып табылады. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен медальдар табысталатын болады.

Айта кетейік, жеңімпаз атанған командалар 30 қазан мен 06 қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өңір намысын қорғайды. Облыстық біріншілік 07-09 қазан күндеріне жоспарланған. Жарысты облыстық спорт басқармасы ұйымдастырды.

Барша қатысушы командаларға сәттілік!

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close