БілімҚоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ 150 БАЛА ОҢАЛТУДАН ӨТЕДІ

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданыңда балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында жаңаша қарқында жұмыс істей бастады.

Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, ой-сана дамуы тежелген, мінез-құлқында ауытқу бар, сөйлеу қабілеті төмен, яғни арнайы оқытуды қажет ететін 4-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық түзету, логопедиялық-дефектологиялық, арт-терапиялық жәрдем жасалып, ем алу мақсатындағы тренингтер ұйымдастырылады. Оңалтудан ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған және ерекше балалар өте алады. Бұл Қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай көмегі арқылы мүмкін болып отыр.

«Дені сау ұлт — Қазақстанның болашағы және еліміздің дамуының негізі. Ерекше қамқорлыққа мұқтаж өскелең ұрпақ үшін қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, біз бүгінгі іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «Қазатомөнеркәсіп» атом холдингі атынан арнайы келдік. Балаларды тәрбиелеу және оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Түлкібас ауданының ерекше білім беруді қажет ететін 150 баласы жыл бойы тегін оңалтудан өтетініне қуаныштымыз», — деп атап өтті«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Мұхит Мағажанов.

Орталық қызметіне дефектолог, психолог, емдік-дене шынықтыру сауықтыруы, арт-терапия секілдібағыттарда 10-ға жуық маман жұмылдырылған.

«Менің ерекше білім беру қажеттілігі бар бір ұлым, бір қызым осы орталыққа келіп педагогикалық-психологиялық  түзету кабинетінен  білім алып жүр. Нәтижесі өте жақсы, ұстаздары да өте білімді, білікті, өз ісінің шеберлері.  Түлкібас кенті тұрғындары болып, бәріміз өте қуаныштымыз. Қолдау көрсетіп отырған «Самұрық-Қазына» қорына алғысымызды білдіреміз», — деді көпбалалы ана Эльмира Жапашева.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметінде Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close