Қоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында IV Халықаралық «Yörük Türkmen» фестивалі басталды. Алдымен шетелден және өзге аймағынан келген қатысушылар керуенмен жүріп өтті. Салтанатты ашылудан соң жоспарлы бағдарламаларға ұласты.

Ауқымды шарада еліміздің атынан Түркістан өңірінің өнерпаздары өнер көрсетті. Түркі елдерінің мәдени байланыстарын нығайтуға бағытталған фестивальді тамашалаулар көп болды. Арнайы тігілген киіз үйлерде ұлттық дәм ұсынылды. Ал концерттік бағдарламада Түркістан музыкалық драма театры мен «Саялы Сарыағаш» этно ансамблі еліміздің бай мәдениеті мен өнерін таныстырды.
Айта кетейік, күні кеше фестиваль қатысушылары мен ресми өкілдердің қатысуымен форум өтті. Оған Түркістан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, сонымен қатар шетелдің өкілдері мен Түркияның әртүрлі өңірінен басшылар қатысты. Бұл форумның мақсаты — көшпелі және жергілікті мәдени мұраны сақтап, түркі дүниесінің арасында тұрақты, мәдениетке негізделген ынтымақтастық желісін құру.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close