Қоғам
ТҮРКІСТАННЫҢ ӘКІМІ МАЛТЕПЕНІҢ МЭРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Түркістан қаласы мен Малтепе муниципалитеті арасында бауырластық меморандумы түзілді.
Малтепе — Стамбул қаласының Азиялық бөлігіндегі, Мәрмәр теңізінің солтүстік жағалауындағы аудан. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Малтепе муниципалитетінің мэрі Али Кылычпен кездесіп, меморандум шарттарын келісті. Бауырластық аясында білім және мәдениет, жергілікті басқару, туризм, экономика, қоршаған ортаны қорғау, спорт және қоғамдық денсаулық сақтау салалары бойынша ынтымақтастықты арттыру көзделуде.