Қоғам

ЖАҢА ҮЙЛЕРДЕ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛУДА

Түркістан қаласында биыл жалпы көлемі 200 мың ш.м. асатын 3 392 пәтерлі 53 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Әкімшілік-іскерлік орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйі мен құрылыс жұмыстары туралы баяндады.

Түркістанда жыл басынан бері жаңадан салынған көпқабатты 42 үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін көпқабатты тағы 11 үй құрылысы толық аяқталып, 725 пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа түрғынжайда туындаған мәселелердің дер кезінде шешілуін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тиісті мамандардан құралған жедел әрекет ету топтары жасақталуда. Ендігі кезекте, барлық инфражүйе жұмысы қалыпқа түсіп, кемшіліктер толық жойылғанша жедел әрекет ету тобы көпқабатты үйлер аумағында орналасып, қызмет етеді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close