Қоғам

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «25 Қазан - Республика күні» мерекесі болып бекітілді.

Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп,елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам.

Республика күні мерекесі қарсаңында, Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінде  Сәтпаев ауылдық мәдениет және спорт сарайы күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды.Заман талабына сай күрделі жөндеуден өткен мәдениет және спорт сарайында «25 Қазан Республика күні» аталып өтті.

Мерекелік іс-шарада мәдениет қызметкерлерінің орындауында концерттік бағдарламалар орындалып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің көрмелері, сондай-ақ  бірнеше спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

Іс-шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімі Серік Үсенұлы Мамытов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қайназаров Асқар Нұртайұлы, ауданның  ардагерлері мен құрметті азаматтары қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында халықтың  мерейі мен мәртебесін асыратын Республика күнінде Жетісай ауданы әкімі Серік Үсенұлы Мамытов және «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұртайұлы Қайназаров барша аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері мен бірқатар сала қызметкерлері, «24қазан – Кітапханашылар күніне» орай ауданымыздың бір топ кітапханашылары арнайы төсбелгі және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, келген қонақтар мәдениет үйінің тыныс-тіршілігі, мәдениет үйі ғимаратында орналасқан ауыл кітапханасы және спорт кешенімен танысып, Республика күніне арнайы дайындалған салтанатты мерекелік іс-шараны тамашалады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close