ЖЫНЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ ЖӘНЕ КƏМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРМЕН ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Балалар, қорғауды қажет ететін, əлсіз демографиялық топ болып табылатындықтан, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау əр азаматтың міндеті. Мақалада жыныстық зорлық- зомбылыққа ұшыраған балаларды қоғамға бейімдеудің əлеуметтік мəселелері қарастырылған. Мақаланың негізгі мақсаты, елімізде жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған балалармен жүргізілуі тиіс əлеуметтік жұмыс-тың жаңа бағаттарын анықтау. Көрсетілген мақсатқа жету жолында, мақала авторы ауқымды зерттеу жұмысын жүргізді.
Ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында сапалық əдіске негізделген тереңдетіл-ген эксперттік сұхбат əдісі қолданылды. Сұхбатқа Қазақстанда орналасқан дағдарыстық қолдау орталықтарының сарапшы мамандары қатысты. Қазіргі таңдағы қоғамдағы құндылықтар жүйесінің өзгеруі балаларға қатысты қарым- қатынасқа да өз əсерін тигізуде. Балалар мемлекетіміздің болашақ іргетасы болғаннан кейін, олардың болашақта толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына барлық оңтайлы жағдайлар қарастырылуы қажет. Осы себептен де балаларға олардың балалық шағында жыныстық зорлық- зомбылық көрсету балалардың психологиялық тұрғыдан қатты соққы алуына кейін баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына кері əсерін тигізеді. Мақаланың кең ауқымды мақсаты Қазақстандағы кəмелеттік жасқа толмаған балаларға көрсетілетін жыныстық зорлық- зомбылықтың себептері мен салдарларын анықтау жəне дағдарыстық орталықтар негізінде жыныстық зорлық құрбандары болған балалармен əлеуметтік жұмыстың технологияларын жүзеге асыру ерекшеліктері мен механизмдерін сараптау. Мақаланың ғылыми ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасы əлеуметтік қорғау министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі жəне басқа да министрліктер мен ведомстволардың мəліметтері мен ресми құжаттары, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары бол-ған, кəмелеттік жасқа толмаған балалармен əлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін дағдарыстық орталықтар негізінде анықтауға қатысты оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, газет жəне журналдағы мақалалар, əлеуметтік қорғау мен əлеуметтік сала төңірегіндегі зерттеулер қолданылды.
Қазіргі уақытта мемлекетіміздегі ең өзекті мəселелердің бірі – ол балалардың зорлық- зомбылыққа, соның ішінде, жыныстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшырау мəселесі болып отыр.
Негізінен елімізде көптеген заңнамалар балалардың құқықтарын қорғау мен оларды əлеуметтік қолдауға бағытталып отырса да, бүгінгі күні жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны азайған жоқ. Сондай-ақ, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты азайту үшін көптеген мемлекеттік шаралар қолданылуда жəне осы мəселенің алдын-алу жолдары кешенді түрде қарастырылып жатыр. Балалар, қорғауды қажет ететін, əлсіз демографиялық топ болып табыла-тындықтан, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау əр азаматтың міндетті борышы деп есеп-теймін. Осы себептен де жыныстық зорлыққа ұшыраған балалармен əлеуметтік жұмыс техно-логиясына негізделген оңалту шараларын дағдарыстық орталықтар арқылы дамыту қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр [1]. Қазіргі таңдағы қоғамдағы құндылықтар жүйесінің өзгеруі балаларға қатысты қарым-қатынасқа да өз əсерін тигізуде. Балалар мемлекетіміздің болашақ іргетасы болғаннан кейін, олардың болашақта толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына барлық оңтайлы жағдайлар қарастырылуы қажет. Осы себептен де балаларға олардың балалық шағында жыныстық зорлық-зомбылық көрсету балалардың психологиялық тұрғыдан қатты соққы алуына кейін баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына кері əсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4-бабына сəйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық жəне (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық зорлық-зомбылық — адамның психикасына қасақана əсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай- ақ психикалық, дене жəне жеке басы дамуының бұзылуына əкелетін əрекеттерді жасауға мəжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-əрекет, сондай-ақ кəмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-əрекеттер.
Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру. Қазақстан Республикасының «Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сəйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы əрекеттер қатарына былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру жəне олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пəтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да əрекеттер жатады.
Кəмелеттік жасқа толмаған балаларға көрсетілетін жыныстық зорлық пен оны пайдалану мəселесі елімізде осы кезге дейін қалыптасқан тəрбие мен менталитет ерекшеліктеріне байланысты мүлдем айтылмайтын мəселе болып келген. Балаларға жыныстық зорлық көрсету əрекеттері осы күнге дейін басқа елдерде орын алып жатқан, бірақ біздің мемлекетіміз үшін сирек құбылыс болып саналды [2]. Бірақ, бүгінгі күні кəмелеттік жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық көрсету қоғамымызда ең кең таралған жағымсыз құбылыс болып отыр. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша кəмелет жасына толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың саны өскен. ҚР Қылмыстық кодексінің 121- бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық əрекеттері» бойынша қылмыстар 2016 жылдың өзінде 38,2 пайызға өскен, яғни 115-тен 159-ға жеткен, олар Паволодар облысында (43), Алматы облысында (23), ОҚО-да (17), ШҚО-да (12) жəне Алматыда (18) тіркелген [3]. Сəбиді зорлап, одан соң артынша оны өлтіріп кетуге дейін баратын адамдардың əрекетінен бүгінде қоғам дабыл қағып отыр. Бұл тұрғыда Парламентте аталған мəселе кеңінен талқыланып, кəмелеттік жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық көрсеткен қылмыскерлердің жазасын қатаңдату туралы шешім қабылданды. Бүгінде кəмелеттік жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық көрсеткен педофилдер 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Алайда мұндай «қатаң» жазалау қылмыскерлердің əрекеттерін тоқтатқан жоқ. Керісінше күн өткен сайын балаларды зорлау əрекеттерінің саны өсуде. Балаларға жыныстық тұрғыдан қатыгездік көрсету бүгінгі күні өкінішке орай қалыпты жағдайға айналып отыр, оның салдары ретінде жыныс-тық зорлықтың құрбаны болған балалардың физикалық, психологиялық даму мен эмоционалдық саласы тұрғысынан ауытқулар пайда болады [4]. Ал, бұл өз кезегінде баланың денсаулығына кері əсерін тигізеді, оның психикасын бұзады, тұлғалық дамуын тежелтіп қана қоймай, сонымен қоса басқа да күрделі əлеуметтік нəтижелерге алып келеді, атап айтсақ, еңбек ете алмайтын, дұрыс отбасын құра алмайтын, жақсы ата-ана бола алмайтын əлеуметтік бейімделмеген тұлғаларды қалыптастырады. Осыған орай аталмыш тақырып бүгінгі күні қоғамда өте өзекті. Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты көптеген шетелдік жəне отандық ғалымдардың зерттеді. Мысалы үшін, Н.С. Бакланның, О.В. Глуздованың, М.Г. Флямердің, А.Маслоудың, З.Ж. Жаназарованың, Г.Г. Исмуханованың, Л.Т. Қожамқұлованың, Т.Ж. Қалдыбаеваның, А.А. Тынышбаеваның еңбектерінде мəселеге əлеуметтік тұрғыдан зерттілінген. Алайда, жыныстық зорлық зомбылық көрген балалармен əлеуметтік жұмыс жасау мəселесінің əлеуметтік жұмыс тұрғысынан зерттеу мəселесі өте аз зерттеліп, ғылыми ізденісті талап етуде.
Жоғарыда аталған мəселелерді анықтау мақсатында, тереңдетілген эксперттік сұхбат əдісі жүргізілді. Мақаламыздың əдістемелік базасы, жыныстық зорлық зомбылық көрген балаларды қоғамға бейімдеуде қандай əлеуметтік жұмыс көрсетілуі тиіс. Жүргізілген зерттеу нəтижесі жыныстық зорлық құрбандары болған кəмелеттік жасқа толмаған балалармен əлеуметтік жұмыс технологиясы ретінде оларды дағдарыстық орталықтарда оңалтуға байланысты айқын жаңа ақпараттар береді жəне нақты осы жағдайдағы балалармен əлеуметтік жұмыс жүргізуде қажетті жаңа пəндерді жетілдіруге мүмкіндік береді.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегі бойынша Қазақстанда соңғы 5 жылда, яғни 2013 пен 2017 жылдар аралығында кəмелеттік жасқа толмаған балаларға қарсы 964 жыныстық зорлық əрекеттері тіркелген. Сонымен қатар, соңғы 2018 жылда орын алған кəмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстық əрекеттердің саны қарастырылған. Жоғарыда берілген 1-суреттен 2013 жылы кəмелеттік жасқа толмаған 258 адамға қарсы зорлау дерегі тіркелсе, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш екі есе қысқарған, яғни бұл жылы 169 зорлау əрекеттері тіркелгендігін байқауға болады. Ал, 2015 жылы 254 бала зорлық көрсе, 2016 жəне 2017 жылдары 123 жəне 131 кəмелеттік жасқа толмаған бала зəбір көрген ретінде тіркелген. Бірақ бұл деректер бойынша, қанша қылмыстық істің сотқа жеткені жəне сот үкімінен кейін қанша адамның шағым түсіру арқылы жазасын жеңілдеткен-жеңілдетпегені беймəлім. Сонымен қатар, ведомство мəліметінше, биылғы 15 наурыздағы мəліметке сай кəмелетке толмаған 19 адам зорланды деген дерек тіркелген. Бұл диаграммадан соңғы 2017 жылдан
балаларға қарсы жыныстық зорлық əрекеттерінің 2016 жылмен салыстырғанда біршама артқанын байқаймыз. Бұл өз кезегінде дабыл қағуды талап етеді.
Негізінен елімізде көптеген заңнамалар балалардың құқықтарын қорғау мен оларды əлеуметтік қолдауға бағытталып отырса да, бүгінгі күні жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны азайған жоқ. Соңғы бес жылда кəмелетке толмағандарға зорлық көрсеткен 164 қылмыскер 5 жылға дейін, 375 қылмыскер 10 жылға дейін, 344 қылмыскер 15
жылға дейін, 252 қылмыскер 20 жылға дейін, 18 педофил 20 жылдан астам жəне 4 қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылған. 4 азамат тек шартты түрде бас бостандығынан айырылған. 2020 жылдың өткен кезеңінде кəмелетке толмағандардың жыныстық қауіпсіздігіне қылмыстық қол сұғушылық бойынша 503 факті тіркелген.
Бала – күнделікті үздіксіз жетілуші, дамушы организм. Олар əр жас этаптарында өзіндік нақты морфологиялық, физиологиялық жəне психологиялық ерекшеліктерге ие болады. Қазіргі замандағы Қазақстандағы балалар мəселесін шешу қоғамдағы гуманизация үрдісімен үздіксіз байланысты [8]. Бұл да өз кезегінде қоғамның ізгілігі, оның маңызды ізгілікті институтын, яғни, балаларды əлеумет-тік қорғау институтының бар болуын талап етеді. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстанда балаларды əлеуметтік қорғау мемлекеттің əлеуметтік саясатының негізін көрсететін ең маңызды, сондай-ақ, негізгі қоғам дамуының мəдени, əлеуметтік, экономикалық факторларының бірі болып отыр. Əлеуметтік қорғауды иемдену құқығы бала құқығы статусының ең маңызды элементі болып табылады. Оның барлығы халықаралық құқықтық стандарттар мен көптеген дамушы елдердің конституцияларында бекітілген. Кəмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету оларды құқықтық қорғаумен тікелей байланысты. Бұл туралы 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияда аталып өтеді. Ол бойынша балалар өздерінің табиғи нəзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, əсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік отбасы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ, онда баланы туылғанға дейін жəне туылғаннан кейін құқықтық жəне басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мəдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы жəне бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мақұлданады [9]. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып, отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде жəне оның барлық мүшелерінің, əсіресе балалардың өсіп-жетілуінің жəне игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау жəне жəрдем көрсетілуі тиіс. Қазіргі таңда балаларды əлеуметтік қорғау саласындағы объектілері мен субъектілері мəселесіне қатысты бір көзқарас жоқ. Сондықтан балаларды əлеуметтік қорғау саласы бойынша (В.А. Варывдинов жəне И.П. Клемантович) жəне əлеуметтік жұмыс (П.Д. Павленок, Е.И. Холостова) мамандарының зерттеген жұмыстарын ескере отырып, бір жеке объектілер мен субъектілердің түсінігін қарастырсақ болады [10]. Балаларды əлеуметтік тұрғыдан қорғаудың обекъектісін кең мағынада алғанда бұл барлық балалар, яғни 1959 ж. бала құқықтары деклорациясына сəйкес арнайы қолдау мен қамқорлықты қажетететін кəмелетке толмағандар болып табылады.
Бүгінгі күні бұл қоғамдағы өзекті мəселе болып табылғандықтан, осы тақырыпты таңдап, осы тақырыпта зерттеу жүргіздім. Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық əрекеттеріне қатысты эксперт мамандардан бірқатар сұрақтар қойылып, олардан жауап алынды, сонымен қатар, ол сұрақтардың нəтижелері диаграмма, кесте, түрінде ұсынылды [11]. Жалпы, зерттеудің нəтижесі қазіргі күні балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың əлі күнге дейін біздің қоғамымызда орын алып отырғандығын айқындадық. Келесі кезекте эксперт мамандарға осы мəселе бойынша бірнеше сұрақтар қойлып, шынайы жауаптар алдық. Эксперт мамандардың барлығы балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын-алудың басты жолы ол балаларды осындай жағдайға душар еткен тұлғаларға қатысты заңнамалық жазаларды қатаңдату керектігін ұсынды [12]. Жəне мемлекетімізде жыныстық зорлық- зомбылық құрбандары болған кəмелеттік жасқа толмаған балалармен арнайы жұмыс жасайтын дағдарыстық орталықтар мен арнайы мамандар жетіспеуші-лігіне орай Қазақстан
Республикасында осы мақсатта арнайы жұмыс атқаратын дағдарыстық орталықтар қажетілігі ұсынылды. Балаларды əлеуметтік қолдау мен олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кез- келген азаматтың міндеті деп біліп, оларға қатысты жыныстық зорлық көрсетудің алдын-алу жəне осы жағдайға душар болған балаларды оңалту үшін барлық жағдайларды жасағанымыз дұрыс.
Балалардың барлығы толыққанды бақытты балалық шаққа құқылы болғандықтан, оларды осы құқығынан айырмау біздің міндетіміз болып есептеледі. Жүргізілген зерттеу жұмысы өте ауқымды болғандықтан, зерттеуіміздің қысқа нəтижелерін төменде ұсынамыз.
Біріншіден, балалар ерекше көмекті қажет ететін қоғамның əлсіз топтары ретінде қарастырыла отырып оларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылықтың мəні мен мазмұны, теориялық бағыттары айқындалды. Осы бағытта қарастырылған тұжырымдамалардан балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық жағдайларын түсіндіре алатын біріңғай теория жоқ. Бірақ бұл мəселені зерттеген көптеген ғалымдардың əлеуметтік, психологиялық, медициналық тұжырымдамалары балаларға қатысты жасалынатын жыныстық зорлық- зомбылықтың мəн-мазмұны мен себептерін түсіндіруге негіз болатынын аңғардық.
Екіншіден, кəмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жасалынатын жыныстық зорлық- зомбылықтың түрлерін, себептері мен салдарын зерттей келе, зорлық-зомбылықтың оның ішінде балаларға қатысты жасалынатын жыныстық зорлықтың бірнеше түрі бар, ал оның ішінде елімізде ең көп таралағаны зерттеу жұмысы бойынша балаларға туыстары тарапынан жасалынатын жыныстық зорлықтың бір түрі ретінде инцест пен педофилия əрекеттері екендігі анықталды. Сондай-ақ, зерттеу бойынша елімізде кəмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-əрекеттерінің артуына қазіргі таңда БАҚ-да осы бағыттағы жаңалықтардың жəне сексуалды азғурылар мен жыныстық қиялдар негізіндегі фильмдер мен жарнамалардың жиі көрсетілуін,адамдардың рухани құндылықтар жүйесінің өзгеріске ұшырауын, жыныстық сипаттағы интернет сайттарға деген қолжетімділіктің жеңілденуін, ата-аналардың баланың не қалайтындығын толық түсінбеуін жəне ата-ананың баласына деген қараусыздығын басты себептер ретінде танып, бүгінде олардың алдын-алу қажеттілігі ұсынылды. Сондай-ақ, зерттеу барысында кəмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық əрекеттерін жасаушы педофилдерге қатысты заңды күшейту қажет жəне 2018 жылы 1 қаңтардан бастап қолданылып келе жатқан «Педофилдерді кастрациялау» туралы заң мемлекетімізге үлкен шығын алып келетіндігі анықталды.
Үшіншіден, осы мəселе бойынша Қазақстан Республикасында жыныстық зорлық құрбандары-мен жұмыс жасайтын арнайы дағдарыстық орталықтар мен кəсіби мамандардың сондай-ақ, жыныстық зорлыққа ұшыраған балалармен арнайы жұмыс жүргізу бағдарламасының жоқ екендігі анықталды.
Төртіншіден, Қазақстанда осы мақсатта жұмыс жасайтын орталықтарға деген қажеттіліктердің артуына байланысты жыныстық зорлық құрбаны болған балалармен жұмыс жасауға бағытталған шет елдік дағдарыстық орталықтардың жұмыс технологиялырна талдау жасалына отырып, құрбан болған балаларды оңалтуға бағытталған авторлық бағдарлама негізінде «Жыныстық зорлық құрбандары болған кəмелеттік жасқа толмаған балалармен əлеуметтік жұмыс»деген атпен оңалту жұмысының «Қазақстандық үлгісі» ұсынылды.
Бесіншіден, зерттеу барысында көп жағдайларда ата-аналардың балаларына немқұрайлы қарайтындығы жəне балаларымен жақын қарым-қатынас орнатып оларға көңіл бөлудің жоқтығы анықталды. Сол себептен де мемлекетімізде ата-аналарға жəне балаларға жыныстық зорлықтың алдын-алу барысында арнайы түсіндірме жұмыстарын бүкіл Қазақстан аймағында жүргізу қажет деген ұсыныс жасалынды [14]. Бала əрбір мемлекеттің болашағы, ал мемлекеттің болашағы жарқын болсын десек, онда балаларымыздың балалық шағының бақыт пен қуанышқа толы болып, ешқандай ешкімнен жəбір көрмей өсуін қамтамасыз етуге барынша ат салысуымыз керек. Еліміздегі кəмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық мəселесінің алдын алуына, дағдарыстық орталықтардың жұмысын дамытуға жəне жыныстық зорлық- зомбылықтан зардап шеккен балалармен жүргізілетін əдістер мен технологияларды жетілдіруге көмектесетін келесідей ұсыныстарды ескеру қажет: бұқаралық ақпарат құралдарына балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық мəселесіне қатысты дəлелденбеген ақпараттарды шектен тыстаратуға тиым салу; балаларға жыныстық зорлық-зомбылық əрекетін тудырушы педофилдерді химиялық кастрациялау заңы мемлекетімізге үлкен материалдық шығын алып келетіндіктен, ол заңды жойып, орнына «педофилдерді чиптеу» туралы заң енгізу қажет; балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық мəселесі қазіргі таңда елімізде өзекті мəселелер қатарынан орын алатындықтан, осы бағытта ғылыми зерттеу жүргізу үшін ҚР Білім жəне Ғылыми Министрлігі арнайы гранттар бөлу қажет; жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды оңалту мақсатында жұмыс жасайтын арнайы дағдарыстық орталықтар ашу қажет,себебі қазіргі таңда тұрмыстық зорлық құрбандары болған əйелдер мен балаларға арналған дағдарыстық орталықтар мен приюттар басымдықты балаға емес əйелге қояды. Сондықтан да болашақта, басымдықты жыныстық зорлық көрген балаларға қоятын арнайы осы бағытта бағдарланған оңалту орталықтарын ашу қажет. Жыныстық зорлық-зомбылық көрген балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсететін арнайы осы бағытта жұмыс жасайтын кəсіби мамандар (əлеуметтік қызметкерлер мен психологтар, заңгерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлері) одағын құру қажет. Ш.Қ.Төленді