ЗОРЛЫҚ –ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ ОҢАЛТУ
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын мүгедек әйелдерге қолжетімді дағдарыс орталықтары желісін дамыту үшін жергілікті ҮЕҰ-ға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстар-гранттар бөлу арқылы дағдарыс орталықтарын дамыту бойынша ҮЕҰ-ға арналған оқыту бағдарламасын жасау.
Мүгедектерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кейін психологиялық, медициналық және заңгерлік қолдау көрсету. Зорлық-зомбылық құрбандары үшін мүгедектіктің түрлері (есту, көру қабілеті және ТҚА функциялары бұзылған) бойынша оңалту бағдарламаларын әзірлеу.
ҮЕҰ-мен және әкімдіктермен бірлесіп, одан әрі жұмыспен қамту орталықтары арқылы олардың еңбекақысын төлей отырып, жұмыссыз қалған үлкен жастағы адамдар және мүгедектердің отбасы мүшелері үшін мүгедектерді күту бойынша тегін оқыту бағдарламаларын құру.
Жергілікті белсенділер қауымдастықтарын мүгедектер отбасыларымен жұмыс істеуге қосу.
Мүгедек адамдардың ұрпақты болу денсаулығын қорғау және ұрпақты болу құқықтарын қамтамасыз ету
Мемлекеттік өкілдік және атқарушы органдар мен азаматтық қоғам назар аударуға тиісті мәселелер, атап айтқанда, мүгедек адамдардың ұрпақты болу денсаулығын қорғау және ұрпақты болу құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері шешілмей қалып отыр. Осы уақытқа дейін мүгедек адамдардың ұрпақты болу құқықтарын іске асыру тетіктері, олардың жыныстық және ұрпақты болу денсаулығын, отбасын жоспарлауды қоса алғанда, сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуі тиісті реттеуді талап етеді.
Ұрпақты болу денсаулығы ұрпақты болу құқықтарымен етене байланысты, оларға мыналар жатады: білім алу құқығы және саналы және еркін ұрпақты болу таңдауын жасауға, АИВ және басқа инфекцияларды қоздырғыштарды жыныстық жолмен берілуін алдын алуға мүмкіндік беретін ақпаратқа қолжетімділік; репродуктивті салаға қатысты сапалы медициналық көмекке, оның ішінде қауіпсіз ана болуға, АИВ және жыныстық жолмен берілетін басқа инфекцияларды, ұрпақты болу ағзаларының ауруларын, оның ішінде қатерлі ісікті, бедеулікті диагностикалауға және емдеуге қолжетімділік құқығы; контрацепция құралдары мен АИВ, жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардан (ЖЖБИ) қорғану құралдарын, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектерді алу құқығы; заңды және қауіпсіз аборт құқығы; абортқа, стерилизациялауға мәжбүрлеуден еркіндік құқығы, сондай-ақ ұрпақты болу функцияларына әсер ететін жарақаттар мен зақымдар алудан қорғану құқығы.
Қазақстанда әртүрлі мүгедектігі бар адамдардың жыныстық және ұрпақты болу денсаулығын әлеуметтік зерттеудің нәтижелері мүгедектердің отбасын жоспарлау саласында басқа адамдардан көбірек кемсітілгендігін көрсетті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарда аборттар мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы қауіпсіз емес мінез-құлыққа және ұрпақты болу денсаулығы мен отбасын жоспарлау ақпараты мен қызметтеріне қолжетімділіктің жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр.
Мүгедек әйелдер мен ерлердің ұрпақты болу денсаулығын қорғау қызметтеріне қолжетімділігі бұрынғысынша шектеулі. Мүгедек адамдардың басым көпшілігінде өзінің жыныстық және ұрпақты болу денсаулығы, отбасын жоспарлау, тууды реттеу әдістері туралы білікті медициналық ақпарат жоқ. Мүгедек әйелдер арасында отбасын жоспарлауда қанағаттандырылмаған мұқтаждықтар 41,5%-ті құрады, ол бүкіл халықтың арасындағы ұқсас көрсеткіштен төрт есе артық.
Мүгедек адамдардың қаламаған жүктіліктің алдын алу туралы хабардарлығының өте төмен болуы мүгедек әйелдер арасындағы аборттар коэффициентінің жоғары болуын түсіндіреді, ол бүкіл халыққа шаққанда ұқсас индикатордан 8 есе асып түседі. Жыныстық және ұрпақты болу денсаулығы индикаторларының қанағаттанғысыз мәні бүкіл мүгедек адамдарға, әртүрлі жынысты, жастағы және сырқаттарының түрлеріне қарамастан бәріне тән. Әйтсе де, ЖЖБИ мен аборттардың таралуына қатысты әсіресе әлсіз топ есту қабілеті бұзылған мүгедектер болмақ, бұл осы мәселелер бойынша қолжетімді әрі сапалы ақпараттың қажеттілігі мен маңыздылығының тағы бір дәлелі болып отыр. Скринингтік зерттеулер шегінде жүргізілетін аурулардың ерте диагностикасымен мүгедек әйелдердің жартысынан азы қамтылған.
Мүгедек адамдардың жыныстық және ұрпақты болу денсаулығына қатысты, сондай- ақ отбасын жоспарлауға және қауіпсіз ана болуға байланысты сапалы қызметтерге қолжетімділікке қатысты ерекше қажеттіліктері мүгедек адамдардың өмірін жақсарту бойынша ұлттық бағдарламаларда ескерілуге, денсаулық сақтау бағдарламаларына интеграциялануға және заңнамалық құжаттарда көрініс табуға тиіс.
Мүгедек адамдардың ұрпақты болу құқықтары мен ұрпақты болу денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ету үшін мемлекет халықаралық деңгейде қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының қағидаттарын жүзеге асыру бойынша міндеттемелерге орай, мүгедек адамдардың ұрпақты болу құқықтарын іске асыру, оларға, әсіресе, көру, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың түсінікті форматта ақпаратқа және жыныстық, ұрпақты болу және ана денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау қызметтеріне қолжетімділігін жақсарту, қызметтер алу және денсаулықты сақтау үшін жаңа технологияларды енгізу тетіктерін әзірлеу және енгізу.
Әртүрлі мүгедектігі бар әйелдер мен жастарды гендерлік зорлық-зомбылық саласындағы, жыныстық және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға белсенді тарту қажет; барлық сатыларда (жоспарлау, жобалау, жүзеге асыру және мониторинг жүргізу) және барлық компоненттер бойынша (кадрлар дайындау, мамандармен жасақтау, кедергілерді жою және ақпарат пен қызметтер алуға қолайлы жағдай жасау) бағдарламалардың әзірленуі мен іске асырылуына олардың қатысуын қолдау қажет.
Үкімет мүгедек адамдарға қалған халықпен бірдей дәрежеде ұрпақты болу денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау қызметтеріне, оларға қолжетімді нысанда жыныстық ағарту қызметтеріне, сондай-ақ:
- мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерін мүгедек адамдарға қатысты саясат құруға, олардың мүдделерін қозғайтын шешімдерді дайындауға және қабылдауға белсенді тарту;
- Тұрақты Даму Мақсаттарының күн тәртібіне және «ешкімді артта/назарсыз қалдырмау» қағидатына сәйкес мүгедек адамдардың жыныстық және ұрпақты болу денсаулығы жағдайының және ұрпақты болу құқықтарының индикаторларын назарға алу және мүгедек адамдардың ұрпақты болу денсаулығының сақталуын және ұрпақты болу құқықтарының іске асырылуына мониторинг жүргізу;
- қалалар мен елді мекендерде мүгедек адамдар үшін денсаулық, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығын сақтау саласындағы қызметтерге тосқауылдар мынадай жолдармен жойылуы қажет:
- физикалық қолжетімділікті ұсыну, тасымалдау, қолжетімді форматтағы ақпаратқа қолжетімділікті арттыратын қарап-тексеру кестелерін және зертханалық процедураларды пайдалану;
- денсаулық сақтау секторының қызметтерін жеткізушілерді мүгедек адамдардың құқықтары туралы үздіксіз оқыту;
- мүгедек адамдардың ұрпақты болу құқықтары және ұрпақты болу денсаулығын қорғау бойынша кепілдік берілген қызметтер туралы хабардарлықты арттыратын ақпараттық шаралар.
- мүгедек әйелдер, қыздар мен ерлер үшін Брайль тілін, сурдоаударма, аудиоматериалдарды немесе бейнематериалдарды қолданып, ұрпақты болу денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау және ана болуды қорғау мәселелері бойынша арнайы ақпараттық материалдар жасауға жәрдемдесу;
- ақпараттық қамтамасыз ету және ұрпақты болу денсаулығын қорғау, соның ішінде қалаусыз жүктілікті, АИВ және ЖЖБИ берілуін болдырмау мәселелеріне арнайы оқыту мәселелерін мүгедек адамдар өмірінің сапасын жақсарту бойынша ұлттық ұзақ мерзімді дамыту жоспарларына және аймақтардың үкіметтік емес ұйымдары арасында орналастырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа енгізу.