#Құрылыс

ҚАЗАН АЙЫНДА ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңына барды. Нысан құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Д.Қонаев даңғылы қазан айының басында ашылса, Т.Рысқұлов көшесі қараша айында ашылады деп жоспарлануда.

Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС-гі. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша — 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша — 684,7 м. Жолдың ені — 45 метр.

Мердігер мекеменің өкілі бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталып, Қонаев даңғылы және Рысқұлов көшесі бойынша 800 метр асфальт жабындысы төселгенін және жол өтпесінің 20 балкасы орнатылғанын мәлім етті.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысы қазан айының басында ашу жоспарлануда. Жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралықта жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Жолайрықтың көпір өткелін салу, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін, Рысқұлов көшесінен Байтұрсынов пен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен шектелген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close