#Құрылыс
СУ ҚҰБЫРЫ ЖӨНДЕЛДІ
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қаладағы ірі жобалардың бірі Т.Рысқұлов-Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы мердігер мекеме «Bazis Construction» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Аталған жұмыстарды жүргізу кезінде Т.Рысқұлов көшесінің бойында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырына зақым келтірілді.
Қазіргі таңда су құбырына келтірілген зақым қалпына келтірілді, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тоқтатылған жоқ. Құрылыс жұмыстары өз жалғасын табуда.
Құрылыс жұмыстары қаламыздағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және орталық көшелердегі автокөлік қарқындылығын төмендету бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар екендігін ескере отырып, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз.